Бактерия жасушасына енетін вирус


1)Тамыр
A) жапырақ шығарады
B) өсімдіктің жер асты мүшесі
C) артық суды буландырады
D) фотосинтез жүргізеді
E) өсімдік мүшелерін байланыстырады

2)Қоңыр балдыр
A) улотрикс
B) порфира
C) коралина
D) саргассум
E) кладофора

3)Бактерия жасушасына енетін вирус
A) кокка
B) вибрион
C) бактериофаг
D) бацилла
E)лизоген

4)Жалпақ құрт
A) шұбалшан
B) аскарида
C) құмқазар
D) ақ сұлама
E) нереида

5)Медузаның денесінде болмайтын бөлік
A) қуыс
B) аузы
C) жүйке торы
D) табан
E) қармалауыш

6)Линней жануарларды жүйелік топқа жүйелеу кезінде негіз етіп алды:
A) отрядты
B) тұқымдасты
C) туысты
D) түрді
E) класты

7)Қысқа сүйек
A) төс
B) омыртқа
C) жауырын
D) тоқпан жілік
E) қабырға

8)Жылу реттеу қызметіне қатысады
A) сүйек
B) бұлшықет
C) сезім мүшелері
D) тері
E) секреция бездері

9)Шимпанзе хромосомасының диплоидты саны
A) 12
B) 46
C) 48
D) 104
E) 54

10)Тіршіліктің негізгі құрылым бірлігі
A) класс
B) түр
C) тип
D) отряд
E) жасуша

11) Орамжапырақгүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы:

12)Кірпікшелі кебісшенің қоректену, тыныс алу, зат алмасу қызметін атқаратын органоиды
A) ас қорыту вакуолі
B) кіші ядросы
C) үлкен ядросы
D) қылаулатқышы
E) жиырылғыш вакуолі

13)Түнге қарай теңізді нұрға бөлейді
A) лейшмания
B) трипаносома
C) эвглена
D) түншырақ
E) опалина

14)Тыныс шығарғандағы ауада болатын оттек мөлшері
A) 4,0 %
B) 0,03 %
C) 16 %
D) 79 %
E) 21 %

15)Тыныс шығарғандағы ауада болатын оттек мөлшері
A) 4,0 %
B) 0,03 %
C) 16 %
D) 79 %
E) 21%

16)Сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады
A) құлақ қалқаны
B) есту сүйекшелері
C) есту түтігі
D) сыртқы есту жолы
E) дабыл жарғағы

17)Биогеографиялық аймақтарды ажыратқан ғалым
A) А.Уоллес
B) В.И.Вернадский
C) В.В.Докучаев
D) Г.Мендель
E) Ч.Дарвин

18)Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу құбылысын ашқан ғалым
A) А.Везалий
B) Гиппократ
C) К.Гален
D) И.П.Павлов
E) И.М.Сеченов

19)Сүйекке иілгіштік серпімділік қасиет береді
A) минералды зат
B) ылғалды зат
C) құрғақ зат
D) органикалық зат
E)бейорганикалық зат

20)Опарин тұжырымдамасын дамытқан ағылшын биологі
A) Ж.Кювье
B) Г.Рихтер
C) Л.Пастер
D) Ф.Реди
E) Дж.Холдейн

21)Ұсақ ағзаларды зерттеген ғалымдар:
A) Я. Пуркине
B) Т. Шванн
C) К. Бэр
D) А. Левенгук
E) М. Шлейден
F) Р. Вирхов
G) Луи Пастер
H) Р. Гук

22)Тамырында түйнек бактериялары селбесетін бұршақ тұқымдас өсімдіктері:
A) асбұршақ,сиыржоңышқа
B) бидайық,бетеге
C) бамбук, қамыс
D) орамжапырақ
E) пияз,сарымсақ
F) соя, жасымық
G) жоңышқа,беде
H) лапыз,сүмбілшаш

23)Тамырында түйнек бактериялары селбесетін бұршақ тұқымдас өсімдіктері:
A) асбұршақ,сиыржоңышқа
B) бидайық,бетеге
C) бамбук, қамыс
D) орамжапырақ
E) пияз,сарымсақ
F) соя, жасымық
G) жоңышқа,беде
H) лапыз,сүмбілшаш

24)Бунақденелілердің дене бөліктері:
A) бас,мойын
B) баскөкірек
C) баскөкірек және құрсақ
D) бас
E) құйрық
F) көкірек және құрсақ
G) баскөкірек және құйрық
H) бас,құйрық

25)Сыртқы секреция бездеріне жатады:
A) айырша
B) эпифиз
C) сүт
D) тырнақ
E) сілекей
F) тер
G) шаш
H) ұйқы

26)Лейкоциттер түзіледі:
A) жүректе
B) бүйректе
C) майда
D) ішекте
E) безде
F) асқазанда
G) сүйек кемігінде
H) көкбауыр мен лимфа түйіндерінде

27)Ішкі секреция бездері
A) Сүт безі
B) Эпифиз
C) Бауыр
D) Тер
E) Қалқанша безі
F) Гипофиз
G) Сілекей
H) Жас

28)Дарвин анықтап берген қолдан сұрыптаудың түрлері:
A) әдістемелік
B) гетерозис
C) инбридинг
D) мақсатсыз
E) жеке
F) полиплоидия
G) аутбридинг
H) биотехнология

29)Хромосома санының еселеніп көбеюі:
A) жасанды мутагенез
B) аутбридинг
C) радиациялық мутагенез
D) алыстан будандастыру
E) партеногенез
F) полиплоидия
G) инбридинг
H) химиялық мутагенез

30)Қойдың арқар-меринос тұқымын алған ғалымдар
A) Н.С.Бутарин
B) Ә.Е.Есенжолов
C) А.Ы.Жандеркин
D) К.Мыңбаев
E) Н.Б.Ахматуллина
F) М.Х.Шығаева
G) Н.Л.Удольская
H) А.Ғаббасов

Тақырыбы: Жасушасыз тіршілік құрылымы

Мақсаты: Тірі табиғатта вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайтыны туралы мәлімет беру

Міндеті: Вирустар туралы толық ақпарат беру

Дамытушылығы: Вирустар ауру туғызытыны, олардан сақтану шараларын оқып үйрену

Білімділігі: ИТИС ауруының вирусы туралы оқыту, иммунитет – ағзаның қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті екенін дәлелдеу

Тәрбиелілігі: Вирустардан сақтану шараларын білу, өз гигиенасын сақтау

Құрал-жабдықтар: флипчарт, вирустардың суреттері, ауру туғызатын вирустар суреттері, электронды көрсетілімдер

Сабақ типі: аралас сабақ

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ағзалық әлем деген не?
2. Тірі табиғат дүниесі туралы не білесін?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

1.Вирустарға жалпы сипаттама

2. Ауру туғызытын вирустар

Вирус- жасушасы жоқ өте ұсақ бөлшекті затия. Ол екі түрлі неклеин қышқылынан және сыртында нәруызды қабығы бар заттардан құралады. Мөлшері 0,0000002 см.

Бактерия жасушасына енетін вирус – фаг немесе бактериофаг.

Вирус ағзаның жасушасына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады. Олар: тұмау, балалардың сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек, ИТИС.

Иммунитет- ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті.

Әсер етуші факторлар

ІV. Бекіту: Тірі табиғатта вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайды. Олар бактериядан да кішкене, жай көзге көріндейді.

V. Қорытынды: Вирус – жасуша ішінде тіршілік етеін паразит. Олар ауру туғызады.

VІ. Үй тапсырмасы: 2 параграфты оқу, ИТИС жөнінде баяндама дайындау

Выберите книгу со скидкой:


3D-рисование. Гиперреализм Рисунки, которые оживают

350 руб. 553.00 руб.


Совушки. Раскраски, поднимающие настроение (ПР)

350 руб. 96.00 руб.


350 руб. 1087.00 руб.


Совушки. Раскраски, поднимающие настроение

350 руб. 283.00 руб.


Котики. Раскраски, поднимающие настроение

350 руб. 283.00 руб.


В цветочном вальсе. Открытки-раскраски

350 руб. 225.00 руб.


На крыльях счастья. Открытки-раскраски

350 руб. 225.00 руб.


Краски. История макияжа

350 руб. 1383.00 руб.


Рисование акварелью без помощи учителя. Академия художествъ

350 руб. 359.00 руб.


Мандалы женской силы (раскраски для взрослых)

350 руб. 248.00 руб.


Мандалы на каждый день лунного месяца (раскраски для взрослых)

350 руб. 233.00 руб.


Мандалы-раскраски для здоровья и радости

350 руб. 152.00 руб.

БОЛЕЕ 58 000 КНИГ И ШИРОКИЙ ВЫБОР КАНЦТОВАРОВ! ИНФОЛАВКА




  • Уәлиев Ұлан БақыткелдіұлыНаписать 0 08.02.2017

Номер материала: ДБ-178472

Добавляйте авторские материалы и получите призы от Инфоурок

Еженедельный призовой фонд 100 000 Р


Спикер: Анна Быкова (#лениваямама)

    08.02.2017 439
    08.02.2017 2395
    08.02.2017 230
    08.02.2017 783
    08.02.2017 182
    08.02.2017 166

Не нашли то что искали?

Вам будут интересны эти курсы:

Электронды оқулықтан «Бактериялар, ашылу тарихы, тіршілік әрекеті, маңызы туралы көрсетілім көрсетіледі.


Бактериялар тірі организмдердің ежелгі тобы екендігі. Бактериялардың жалпы сипаттамасы. Бактериялық жасушаның өсімдік жасушасынан айырмашылығы. Прокариоттар және эукариоттар туралы түсінік.

Бактериялардың тірі организмдердің ежелгі тобы екендігін, бактериялардың ашылу тарихын, құрылыс ерекшелігін, тіршілік әрекетін білу.

А) Бактериялардың ашылу тарихын біледі.

Ә) Бактерия жасушасын өсімдік жасушасынан ажырата алады, зерттейді, микробиология, бактериология ғылымы туралы біледі.

Б) Бактериялар туралы ойларын жинақтап, қорытындылайды.

Жаңа тақырыпты меңгерту

Интерактивті тақта, слайд, з.ж.№30, білім ленд, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулық, микроскоп, т.б

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық. Сабақтың мақсатын айқындау.

Үй тапсырмасын тексеру.

1. Вирусология ғылымының негізін салушы:

А) Ф.Туорт В) Д.И.Ивановский С )У.Стенли Д) Р.Гук

2. Олар жасушасыз тірлі құрылымдар (анциттер) болып табылады:

А) Бактериялар В) Саңырауқұлақтар С) Вирустар

3. Неше минут нәтижесінде вирус енген жасушада жүздеген вирустар пайда болады? А) 35 мин В) 45 мин С) 30 мин Д) 6 мин

4. Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті:

А) бактериофаг В) Індет (эпидемия) С) Спора Д) Иммунитет

5. Вирус құрылысы:

А) денесі, басы, құйрығы В) ДНҚ мен қабықша С) 2 түрлі нуклеин қышқылы және нәруызды қабықша Д) көбею, таралу ерекшеліктерімен

6. Вирус арқылы таралатын аурулар:

А) шешек, туберкулез В) тұмау, қызылша С) тұмау, сарып Д) пневмония

А) 1899ж. М.В. Бейерник В) 1892ж Д.И.Ивановский

С) 1660ж Р.Гук Д) 1938ж Т.Шван

8. Ағзаның өз тұтастығын және биологиялық даралылығын қорғайтын жасуша?

А) иммунитет В) иммундық С) прокариотты Д) эукариотты

9. Бактерия жасушасына енетін вирус.

А) цианобактерия В) бактериофаг С) тұмау вирусы Д) спора

10. “Вирус” сөзі латыншадан аударғанда:

А) у В ) су С ) таяқша Д) кішкене деген мағынасын береді

Жауаптары.1.В 2.С 3.С 4.Д 5.Д 6.В 7.А 8.А 9.В 10.В

-Ұсақ ағза дегеніміз не? -Бактериялар туралы не білесіздер?












Бактериялар туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу.

Жауап беріп жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Электронды оқулықтан «Бактериялар, ашылу тарихы, тіршілік әрекеті, маңызы туралы көрсетілім көрсетіледі.

І. Деңгейлік тапсырмалар:

А) 1.Сөйлемді толықтыр. Кестеден сөйлемді толықтыру үшін қажетті сөйлемдерді алып өз орындарына дұрыс орналастыр

В) 2. Бактериялардың пішіндеріне сәйкес бағанға дұрыс орналастыр

3. Венн диаграммасы. Вирус пен бактерияның ұқсастығы мен айырмашылығы.

Мақсаты

Танымдық: оқушылардың вирустар мен бактериофагтардың құрылысы туралы білімдерін толықтыра отырып, вирус арқылы таралатын аурулардың түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.

Эмоциялық

Жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, салауатты өмір сүруге, ұжымдасып еңбек етуге үйрету және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Әлеуметтік

Оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылардың вирус туралы білетіндерін еске түсіре отырып вирус құрылысын, тірі организмдерді уландыру жолдары, бактериофаг және вирус арқылы таралатын ауру түрлері туралы мағлұмат беру. Өз бетінше оқып түсінуге және қорытынды жасауға үйрету. Ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.

Оқыту нәтижесі

Оқушылар тақырып мазмұнын топпен, жеке талдаулар арқылы меңгеруге дағдыланады.

Талдау

Пікіралмасу арқылы сыни ойлау дағдылары қалыптасады.

Негізгі идеялар

Вирустар арқылы таралатын аурулардың түрлері туралы біле отырып, салауатты өмір сүруге дағдыландыру.

Дереккөздер

Оқулық, электронды оқулық, слайд презентация, үлестірмелер, кестелер, Bilimland, iTest, “Биология және салауаттылық негізі”, “Биолог анықтамалығы” әдістемелік журналдары.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері, уақыты

Сабақта орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Оқушы әрекеті

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Үй тапсырмасын пысықтау

Жаңа сабақ

Топтық жұмыс

Қызыл — белсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызуқанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.

Көк — адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқындықты, араздықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.

Сары — жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыкқа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіндігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күйі тез өзгергіш, оптимист адам.

Алқызыл — нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін, кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттармен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық, нық сенімділік қасиеттері де тән.

б) оқушыларды түстер бойынша топқа бөлу.

Бағалау парағы. Қосымша №1

Семантикалық кесте.

Оқулықпен жұмыс.
Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын кестеге толтыру.

Құрылымы

Эукариоттық

Прокариот-тық

Жаңа тақырыпты ашу.

Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі.

Оқушылар берілген жетондардан ұнайтын түстерін таңдайды, түстерді таңдау арқылы өздерінің мінездерін біле алады.

Әр топ топбасшыларын сайлайды. Топбасшылары берілген бағалау парағын толтырып отырады. Сол бойынша сабақ соңында мұғалім өз бағасын қояды.

Әр оқушы жеке орындайды. Өзін өзі бағалап қойған бағасын топ басшысына айтады, ол бағалау парағына түсіреді.

Оқушыларға мәтін таратылып берген соң, әр оқушы мәтінмен жеке жұмыс жасайды.

Жаңа сабақты бекіту

Вирустар тақырыбы бойынша тест орындау.

Оқушылар 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын жеке орындап бір-бірін тексереді, бағаларын топ басшысы бағалау парағына түсіреді.

Үйге тапсырма беру

Вирустар және фагтар тақырыбын оқу.

Вирустар арқылы таралатын аурулар туралы реферат дайындау.

Бағалау

Бағалау парағын жинап, қорытынды бағалау.

Қорытынды

Кері байланыс. Қосымша №3

Өткен тақырып бойынша оқушылар өз пікірлерін жазады.

Қосымша №1

Бағалау парағы

Топ мүшелерінің аты-жөні

Үй тапсырмасын пысықтау

Жаңа сабақтан мәтінді баяндау.

Вирустар тақырыбы бойынша тест орындау.

Бағасы

Қосымша №2

(Ескерту: берілген мәтінді мұғалім өзінің қалауы бойынша өзгерте алады).

Вирустар

Нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышкылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.

Дмитрий Иосифович Ивановский (1864–1920). Орыс физиологы, әрі микробиологы. Вирусологияның негізін қалаушылардың бірі. Ол 1892 жылы ең алғаш темекі теңбілі ауруының қоздырғышын тапты.

Темекі теңбілі вирусы темекі жапырақтарындағы хлоропластарды зақымдайды. Жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.

У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.

Вирустар арқылы таралатын кейбір аурулардың түрлері. Өсімдіктерде болатын вирусты аурулардан темекі, асбұршақ және басқа дақылдардың теңбіл ауруы белгілі. Мұнда вирустар ауру өсімдіктердің хлоропластарын бүлдіреді де, жапырақтардың зақымданған жерлері түссізденіп қалады. Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомелит, шешек, аусыл, құтыру және т.б. аурулар вирус арқылы таралады.

Тұмаудың қоздырғышы 1933 жылы табылды. Тұмау індеті адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918–1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 миллиондайы қайтыс болған.

Полиомиелит — тез таралатын індет. Полиомиелит вирусы тұмау вирусымен салыстырғанда өте кішкентай болады. 1916 жылы Нью-Йоркте полиомиелиттен 2 мыңдай адам қайтыс болып, 7 мыңдай адам сал ауруына шалдыққан. Бұл ауру, әсіресе балалар арасында кең таралған. Оның қоздырғышы су, тағам жене ауа арқылы таралады. Полиомиелит індеті Қазақстанда, әсіресе 1961 жылы кең өріс алды. Бұл аурудың қоздырғыштары жүйке жасушаларына еніп, адам қозғалысын басқаратын жүйкелерді бұзып, жансыздандырады.

Бактерифагтар

Бактериофагтың құрылысы мен іс-әрекеттері.

Фаг (бактериофаг) жасуша ішіне енісімен көбейіп, (5-30 мин.) өзінің зиянды әсерін тигізе бастайды (бактерия хромосомасының белсенділігін төмендетеді). Бактерия жасушасы бұдан кейін ісініп, жарылады да, одан жаңадан пайда болған фаг бөлініп шығады. Ол келесі жасушаны зақымдауға кіріседі.

Фагтың көбею сатысының ұзақтығы 30 минуттан 90 минутқа дейін созылады. Олар құрғақшылыққа, төменгі температураға және көптеген химиялық уларға төзімді. Бірақ 50%-дық глицерин ерітіндісінде, сол сияқты температура +100°С-қа көтерілгенде бактериофагтар тіршілігін жояды. Олар табиғатта өте көп таралған. Кейде фагтар бактерия жасушасында тіршілік етсе де, оның жасушасы ерімейді. Тек көбейген кезде ғана олардың зақымдаушы әрекеттері біліне бастайды.

Қорыта айтқанда, вирустар ауру қоздырғыштарын тудырушы ғана емес, бір түр мен екінші түрдің арасында инфекция тасымалдаушы. Сондықтан олармен үнемі күресудің жолдарын білу қажет.

Қосымша №3

Кері байланыс

Сабақта ұнағаны

Сабақта ұнамағаны

Сабақта нені өзгерткің келеді?

2.1 Вирустардың негізгі ерекшеліктері

Вирустардың негізгі ерекшеліктері
1. Вирустың қүрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезо-ксирибонуклеин қышқылы). Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі РНҚ-лы бар вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ-да. Мұндай жағдай биологияда тіпті де кездеспейді.
2. Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, демек тек клетка ішінде ғана көбейеді.
3. Вирустардың көбею ерекшеліктерін "дисьюнктивтік" түрге жатқызады. Себебі барлық жанды дүние екіге бөліну, бүршіктену, спора арқылы көбейсе, вирустардың өсіп-өнуі одан да ерекше.
Вирустар клетка ішінде болады да жоғалып кетеді. Себебі вирус бөлшектерін, серологиялық не микроскоп әдістері арқылы клетка ішінен кездестіре алмаймыз, клетка ішінде белок пен нуклеин қышқылына бөлініп кетеді. Ал болашақ вирустың компоненттері клетканың әр жерінде пайда болады: нуклеин қышқылы — ядрода, цитоплазмада, белоктары — цитоплазмада, содан кейін барып вириондар кұралады.
Күрделі вирустардың өсіп-жетілуі бұдан көп ерекше. Олар уақыт және кеңістікте бірнеше сатыға бөлінеді. Себебі олардың, көбеюі де бірнеше сатыдан тұрады.
4. Вирустардың белок құрайтын жүйесі — рибосомдары жоқ. Демек вирустар өздері белок құрай алмайды.
5. Вирустар — генетикалық деңгейдегі арамтамақтар. Вирустар жасанды орталарда (ЕПА, ЕПС) өспейді. Себебі оларда ассимиляция, диссимиляция, тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі клетка керек, тек клетканың ішінде ғана, клетка материалдарын пайдаланып қана көбейе алады. Вирустар өзінің геномымен (РНҚ не ДНҚ) клетка геномына әсер етіп белгілі бір байланысқа түседі. Осылайша клетка бірге жұмыс істейтін күйге түседі, мысалы, рак ауруының вирустары. Осының салдарынан торшаның өлуі де мүмкін, себебі торша геномы зақымдалады, сондықтан торшалық РНҚ-лы құралмай, вирус геномы рибосомға еніп, оны жеңіп шығуы мүмкін.
Осындай зақымға ұшыраған клеткаларда вирустар көбейе бастайды. Демек вирустар клетканың генетикалық аппаратына "өз дегенін" істетіп көндіреді.
6. Вирустардың ендігі бір ерекшелігі ол өте ұсақ. Олар нанометрмен өлшенеді. 1 нм — метрдің миллиардтан бір бөлігі 1/1000000000 м. Демек 1 метрде - 1 000 000 000 нм, ал 1 мм - 1 000 000 нм, 1 мкм - 1 000 нм, 1 нм - 10 А°.
Мысалы, ең ірі деген шешек ауруы вирусының мөлшері жөнінен бактерияға жақындайды. Үлкендігі 250 — 350 нм. Ең кіші вирустың ірілігі (мысалы, аусыл ауруын қоздыратын вирус) 20 — 30 нм. Осындай өте ұсақ вирусты тек электрондық микроскоппен ғана көруге болады. Себебі ондай микроскоп 200000 — 500000, не 1 — 2 млн рет үлкейтіп көрсетеді. Вирустардың осындай ұсақ болуына байланысты оларды зерттеу үшін сүзгіден өткізу тәсілдері қолданылады. Сондықтан да уақытында " Сүзгіден өтетін вирус" деген ұғым пайда болды. Қазіргі кезде "Вирус" деген ұғым ғана қолданылады.
7. Вирустардың тағы бір ерекшелігі — олар кристалл ретінде де кездеседі. Мұндай қасиет тек өлі дүниеде ғана болады (минералдарда). Темекі жапырақтарының ауруын қоздыратын вирусты кристалл түріндегі вирусты американдық ғалым — биохимик, вирусолог Уэнделл Стенли алған еді. Оған сол еңбегі үшін Нобель сыйлығы берілді.
1955 жылы полиомиелит (балалардың сал ауруы) вирусының кристалл түрі алынды. Вирустардың кристалл түрін жай микроскоппен де көруге болады. Бір кристалда бірнеше миллион вирус болады. Кристалдар оншақты жыл бойы сақталуы мүмкін. Дегенмен кез келген уақытта олардың өсіп-өніп миллиондап көбейіп кетуі де мүмкін.
8. Вирустардың кейбір түрлері торша ішінде "денешіктер", "қосылыстар" ретінде кездесуі мүмкін және олар торшада өздері өсіп көбейген жерде ғана болады. Мысалы: құтырық жұқтыратын вирус — цитоплазмада, аденовирустар — ядрода болады.
Вирустардың тағы бір айта кететін ерекше қасиеті бар — ол тек белгілі органдар клеткаларында және клетка ішіндегі органеллаларда өніп-өседі. Демек, вирустар клетка ішіндегі ядрода, ядрошықтар мен рибосомдарда, митохондрияларда кездеседі.
Осы айтқандардан нендей шешімге келуге болады? Вирус дегендер қандай заттар? Оларды тірі организмге жатқызуға бола ма немесе олардың табиғаты қандай?
Вирустардың пайда болу табиғаты
Вирустарды жай, майда торша ретінде қарауға болмайды. Вирустар — клеткаға дейін пайда болған нәрселер. Оларды организм ретінде де қарауға болмайды. Себебі организм дегеніміз (А. Львовтың айтуы бойынша) — өзімен-өзі байланысып жатқан кейбір ерекше құрамдар мен қозғалыстар. Мысалы, ит — жүгіреді, үреді, тірі; құрбақа — секіреді, құрылдайды, тірі. Олардың денесі өзара байланысқан құрама қозғалыстардан тұрады. Бұл — организмдер. Бір торшадан тұратын қарапайымдылар (амебалар)—организмге жатады, ал торша ішіндегі органеллалар (хромосомдар, митохондриялар) организмге жатпайды. Себебі олар өздігінше тіршілік ете алмайды. Демек, вирустарды организм деуге болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне торша керек. Сонда вирустарды қайда жатқызуға болады: жануарлар әлеміне ме немесе жансыздар әлеміне ме?
Вирустардың табиғаты ерекше. Оларда әрі тірі жануар дүниесінің қасиеттері бар, яғни көбейеді, нәсілдік және өзгеру ерекшеліктері тағы бар. Ал сонымен бірге вирустарда тірі жандар дүниесінде жоқ қасиеттер де кездеседі: вирустардың кристалл ретінде болуы, кебеюінің ерекшеліктері (дисьюнктивті түрі), нуклеин қышқылының бір түрінің ғана кездесуі. Тіпті вирустар қоректенбейді, қозғалмайды, тыныс алмайды, ештеңе бөлмейді. Осының бәрі вирустардың өлі және тірі дүние арасында тұратынын дәлелдейді. Вирустарды тірі дүниеге жатқызуға 1915-1917 жылдардағы бактериофагтың — бактериялар вирусының ашылуы әсер етті (ағылшын ғалымы бактериолог Туорт пен канадалық микробиолог Д'Эррель).
Демек бактерия клеткасының ішінде тіршілік ететін тірі арамтамақ бар екені дәлелденді. Содан соң да көптеген деректер белгілі болды. Сөйтіп, вирус қоздыратын темекі ауруының бар екені, бактерияны құртатын бактериофаттың ашылуы, адам және жануарлар дүниесіндегі жұқпалы аурулардың қоздырушылары — вирустармен байланысты екені анықталды.

2.2 ДНҚ және РНҚ вирустар

4.теріс- біржіпшелі РНҚ

5.екіжіпшелі РНҚ ұқсас оң-жіпшелі РНҚ

6. Екіжіпшелі ДНҚ-вирустардың репликациясы әдеттегідей жартылай концервативті механизммен жүреді: ДНҚ-ның жіптері сөгілгеннен кейін оларға комплиментарлы жолмен жаңа жіпшелер қосылады.Бір аналық пен бір жаңадан түзілген жіпшеден тұрады. Біржіпшелі ДНҚ- вирустарының жалғыз өкілі - парвовирустар болып табылады. ДНҚ-полимеразаларды репликациялық түрі деп аталатын екіжіпшелі вирустық геномның құрылуына пайдаланады. РНҚ-да болатын вирустардың геномикалық репликация әдістері Оң-біржіпшелі РНҚ-вирустарға - пикорнавирус,флавивирус,тогавирустар жатады,геномдық оң жіпшелі РНҚ-лы аРНҚ-ның қызметін атқарады. Теріс- біржіпшелі РНҚ-вирустарының құрамында (ортомиксовирустарда, парамиксовирустарда, рабдовирустарда) РНҚ-тәуелді РНҚ-полимераза болады. Екіжіпшелі РНҚ-вирусы (ротавирус,реовирус) репликациялану механизміне терңс болады,жасуша цитоплазмасында жүреді. Ретровирустар (ұқсас оң-жіпшелі РНҚ) терісжіпшелі ДНҚ синтездейді.Содан соң қосарланған ДНҚ жіпшелі жасуша хромосомасымен интеграцияланып, провирус құрайды. Вирустардың қалыптасуы вириондар өздігінен жиналу жолымен қалыптасады: вириондардың құрам бөліктері вирусты жинақтайтын жасуша цитоплазмасына немесе ядро саласының орнына тасымалданады.вирион компоненттерініің қосылуы гидрофобтық, иондық, сутектік, стерикалық сәйкестігі бар қосындылардың болуына негізделген. Вирустардың жасушадан шығуы - вирустардың толық репликациясының айналымы 5-6 сағаттан (тұмау вирусы) және бірнеше тәуліктен соң (гепатовирустар, қызылша вирусы ) аяқталады. Жарылу жолы: жойылушы жасушадан бір уақытта көп мөлшерде вириондардың шығуы,жасушадан жарылу жолымен липопротеинді қабықшасы жоқ ,жай құрастырылған вирустар шығады. Көптеген зерттеушiлер, вирустарды тiрi организмдер емес, олар тек күрделi құрылысты химиялық заттар деп есептейдi. Бiрақ вирустың ДНҚ молекулалары өзiн-өзi өндiре алады, бұл қасиет ДНҚ тән, сондықтан вирустық РНҚ генетикалық информацияның көзi және РНҚ өзi бола алады. Зақымданған клеткада вирустың нуклеин қышқылдарының бағдарламасы бойынша, иесiнiң рибосомаларында спецификалық вирусты ақуыздар синтезделедi және нуклеин қышқылдарынан жаңа вирустың бөлiмдерi түзiледi. Осы топтың барлық түрi сияқты қызылша вирусы өзiн-өзi өмiрлiк қажеттiлiкпен қамтамасыз ете алмайды. Ол тiрi организмнiң клеткаларын бағындырып, көптеген вирусты бөлiмдерiн тудырады. Бiрнеше уақыт өткеннен кейiн вирустық клетка өледi де, вирустар басқа жаңа клеткаларды зақымдайды.
Тұмау вирусының көптеген түрлерi бар. Вирустар бiрте-бiрте өзгерiп жаңа қасиеттерге ие болады, сондықтан ғалымдар вирустың жаңа түрлерiн анықтауда. Микроскоптың көмегiмен тұмау вирустарын зерттеп, ғалымдар адамдарды аурудан сақтайтын арнайы препараттарды шығаруда. Бұл препараттар вакцина деп аталады. Адам организмiнде мұрны мен тамағының сiлекейлi қабықшасын зақымдайтын суық тигiзетiн вирустар бар. Ең қауiптi вирус, бұл қанның ақ түйiршiктерiн Т-лимфоциттердi зақымдайтын СПИД немесе ВИЧ вирусы. Организм антидене түзу және ауруларға қарсы тұру қабiлетiнен айырылады. Қазiргi уақытта СПИД вирусы адамзатқа үлкен қауiп туғызады, себебi осы вирусты тасымалдаушылардың саны күннен – күнге өсуде. Суретте үлкейтiлген Т лимфоцитi көрсетiлген, қызыл түспен ВИЧ вирусы боялған. Вирустар – бұл көлемi шамамен 20 нм – ден 300 нм – ге дейiн болатын өте ұсақ тiрi организмдер; орташалап алғанда олар бактериялардан 50 есе кiшi. Жоғарыда айтылғандай вирустарды жарықтық микроскоптың көмегiмен көру мүмiн емес (себебi олардың көлемi жарық толқынының жартылайұзындығынан кiшi) және олар бактерия клеткаларын ұстап қалатын сүзгiштен өтiп кетедi.

ІІІ Қорытынды

Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.

У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.

Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.

Вириондардың икосаэдрикалық құрылымы
А. Липидты қабықшасы жоқ вирус (мысалы, пикорнавирустар).
B. Қабыұшасы бар вирусвирус(мысалы, герпесвирустар).
Белгілер: (1) капсид, (2) геномнды нуклеин қышқылы, (3) капсомер, (4) нуклеокапсид, (5) вирион, (6) липидты қабықша, (7) қабықшаның мембраналық ақуыздары.

Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды саутемекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роустауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 – 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі – 106 – 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады.

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.