Что такое туберкулез на казахском языке

Микобактериялар ұғымы. Туберкулез қоздырғышы

  • Микобактериялар –қышқылға төзімді бактериялар, грам он таяқшалар.
  • Микобактериялардың құрамында 70-80% майлы қышқылдар бар.
  • Цил-Нилсен бояу әдісі арқылы анықтайды.
  • Осы тұқымдасқа туберкулез және алапес қоздырғыштары жатады.

Туберкулез қоздырғышы. 1882ж Р. Кох туберкулез қоздырғышын ашқан. Туберкулез ауруы көп таралған. БДҰ болжамы бойынша алдынғы 10 жылдарында туберкулезді 90 млн жұқтырады, 30 млн адам өледі. Қазақстан туберкулез ауруы таралуы бойынша, барлық ТМД елдерінің ішінде бірінші орында тұр.

Микобактериялар систематикасы.

  • Тұқымдасы- Mycobacteriaseae
  • Түысы – Mycobacterium
  • Түрлері – M.tuberculosis, M. bovis, M. africanum, M. avium, M. leprae.

  • M. hominis, bovis, avium, africanum — сәл иелген таяқшалар, спора, капсула тузбейді, қозғалмайды.
  • Орталарға талапшыл – картоп, глицерин, сарыуызды талап етеді, баяу өседі 30-45 тәулік.
  • Элективты орталар — Левенштейн –Йенсен ортасы, Бучин ортасы, Петраняни ортасы.
  • Тығыз орталарда –R пішінді колониялар тузеді – ірі, әжімделген, сары түсті, құрғақ.


Туберкулез қоздырғышының биохимиялық қасиеттері

  1. Ферментативтік қасиеттері тұрақты емес, диагностика үшін манызы жоқ.
  2. Эндотоксин түзеді – туберкулин деп аталады, осы токсинді Кох ашқан.
  3. Фтиоидты, микол қашқылдары адам тіндерін бұзады, балауыз, корд-фактор токсигендік қабілеті бар.
  4. Корд-фактор микобактерияларды фагоцитоздан қорғайды. Аяқталмаған фагоцитоз байқалады.

  • Инфекция көзі ауру адам, жануарлар.
  • Жұғу жолдары – экзогенді (ауа тамшы, ауа шан), тұрмыстық қарым қатынас, алиментарлы, жынысты жолмен, эндогенді – қан және лимфа арқылы.
  • Туберкулез – созылмалы қалғымалы инфекция. Туберкулездің біріншілік және екіншілік түрлері болады.

Патогенезі. Қоздырғыш тыныс жолдары, шырышты қабықшалар және терідегі жаралар арқылы енеді.
Бірінші ошағы — өкпе немесе ішек жолдарының лимфа бездері. Осы жерде гранулематозды қабыну пайда болады, туберкула деген томпешік пайда болады. Төмпешік эпителоидты, лимфоидты, плазматикалық жазушалардан, макрофагтардан, алып көпядролы Лангханс жазушалырынан тұрады және ортасында некроз байқалады. Осы гранулеманы — Гон ошағы деп атайды.

  • Гранулема, лимфоангит, лимфоаденит бүл біріншілік туберкулезды ошақ пневмонияға акеледі.
  • Осы ошақтан қоздырғыш гематогенды және лимфогенды жолмен басқа мүшелерге тарайды.
  • Егер иммунитет жоғары болса- гранулема дәнекер капсуласына оралады, осы ошақта туберкулез таяқшасы анабиозға ұшырайды, сақталады.
  • Алиментарлы жолмен жұққанда туберкулез таяқшасы ішек лимфа бездерін зақымдайды.


Клинкалық көрніс бойынша басты 3 түрі бар:

  1. Балалардың және жасөспіпмдердің бірінші (алғашқы) туберкулездік интоксикациясы
  2. Тыныс органдарының туберкулезі
  3. Жүйелермен органдардың туберкулезі

  • Бактериоскопиялық әдіс – Цил- Нилсен бойынша бояйды.
  • Бактериологиялық әдіс – Левенштейн –Йенсен ортасында өсіреді, таза дақылды бөліп алады, биосынама жүргізеді M. hominis, bovis түрлерін ажыратады.
  • Туберкулез таяқшасын зертелетін затта көбейту үшін флотация жүргізеді( қышқыл қосады және сілтілі).

Ниацин сынамасы. Ниацинды барлық микобактериялар тузеді және рибонуклеатидке айналдыратын фермент тузеді, бірақ туберкулез таяқшасы осы ферментті тузбейді. Туберкулез таяқшасы ниацин қөрек ортасында жинақтайды. Сондықтан ортада ниацин анықтау керек. Қөрек ортанын устінен 4%спирт және 10 % цианоген бромид қосамыз, ортада ниацин болса сары түс пайда болады.

Аллергиялық әдіс. Манту сынамасы – вакцинаны еккенде, бір ай дан кейін жүргізеді. Тері астына туберкулин егеді, 42 сағ. кейін инфилтратты өлшейді. Осы сынама вакцинаның әсерінен түзелетін иммунитетті теқсереді.
Экспресс-әдіс –Прайс микродақылдар әдісі.

Туберкулездің микробиологиялық диагноз қою тәсілдері.

Зерттеу заттары: қақырық, зәр, нәжіс, қан сарсуы т.б.

  • микроскопиялық (қарапайым, люминисценттік)
  • микробиологиялық (таза дақыл бөліп алу)
  • биологиялық
  • серологиялық (сирек қолданылады)
  • аллергологиялық ( Манту, Пирке сынақтары)

Экспресс (шұғыл) диагностика — ИФР (РИФ).ПТР (ПЦР)

Емдеу

  • Емдеу – туберкулезға қарсы антибиотиктерді қолданады.
  • Алдын алу – БЦЖ вакцинасы –тірі әлсіреген бактериялардын турады.
  • Туберкулез кезінде стерилды емес иммунитет пайда болады, яғни қоздырғыш ағзада болғанда ғана тузеледі.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:


Достарыңмен әлеуметтік желіде бөліс

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Сайт бойынша іздеу

Ең үздік материалдар

Туберкулез - ежелгі жұқпалы аурулардың бірі. Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын ашты және бұл жұқпалы ауру екенін дәлелдеді. XX ғасырға дейін туберкулез іс жүзінде емделмейтін болған. Туберкулез әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі. Микроскоп астындағы туберкулез микробы қатты ұлғайған кезде кішкентай таяқша тәріздес болып көрінеді, сондықтан туберкулез таяқшасы деп аталды.

Туберкулез дегеніміз не?

Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының - сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.

Жұқтырудың негізгі көзі - туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.

Туберкулез қалайша тарайды?

Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерін дем алуы жеткілікті. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, мысалы, микобактериялар тозаңданған, көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті болып қала отырып, жылдар бойы өмір сүруге қабілетті. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен бірге, түшкіру, сөйлеген кезде қоршаған ортаға 2-6 м радиуста ауада таралатын миллиондаған микобактерияларды бөледі, олар еденге, заттарға шаңмен бірге тұнады және көптеген жылдар бойы өміршең болып қалуы мүмкін.

Туберкулез ауруына тек адамдар ғана емес, сонымен қатар малдар да шалдығады: сиыр, ешкі, бұғы, түйелер. Ауру жануардың сүті, немесе еті адам үшін жұқтыру көзі болуы мүмкін.

Науқас өмір сүретін жерде санитариялық жағдайлар мен сақтық шараларын сақтау өте маңызды.

Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналадағыларға қауіпсіз. Өкпе туберкулезі тұқым қуаламайды. Туберкулез ауруымен ауыратын ата-аналардың балалары сау болып туады. Алайда, барлық сақтық шараларын сақтамаған жағдайда бала туберкулезді жұқтырып, ауырып қалуы мүмкін.

Туберкулез микобактериялары адам ағзасына түскен кезде ауру жұқтырылады, бірақ туберкулез ауруының дамуы әр жағдайда болмайды. Өкпе туберкулезінің ауруы иммунитет төмендеген, жеткіліксіз тамақтану, қанағаттанарлықсыз санитариялық-гигиеналық жағдайларда орын алады. Негізінен иммунитеті нашар жас балалар, жыныстық жетілу кезеңіндегі жасөспірімдер және иммунитеті төмен қарт адамдар ауырады.

Туберкулез ауруына ықпал ететін факторлар

1. Толыққанды тамақтанудың болмауы.

2. Туберкулезбен ауыратындармен тығыз, ұзақ қарым-қатынас жасау (кішкентай балаларға қысқа мерзімді қарым-қатынастың өзі жеткілікті).

6. Ілеспе аурулардың болуы (диабет, асқазан жарасы, өкпенің созылмалы аурулары).

1. Ұзақтығы екі аптадан асатын жөтел

2. Шаршау және әлсіздік

3. Дене салмағының төмендеуі

4. Температураның ұзақ көтерілуі

5. Түнде тершеңдік

6. Кеуде қуысындағы ауырсыну

Туберкулезді қалай анықтауға болады?

1. Тері туберкулин сынамасы (Манту) адамның жұқтырғанын көрсетеді.

2. Рентгенологиялық тексеру (флюорография) өкпенің зақымданғанын көрсетеді.

3. Қақырықты зерттеу жөтел кезінде бөлінетін микробтардың бар-жоғын анықтайды.

Туберкулездің алдын алу шаралары

1. Салауатты өмір салты. Бұл мақсатқа жету үшін ең жақсы жолы - күн тәртібін құру және ағзаны шынықтыру.

2. Таза ауада серуендеу, күн және су процедуралары, дене шынықтырумен айналысу, демалыс пен еңбек жүктемесінің дұрыс үйлесімі, толыққанды, дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті және уақтылы ұйқы, яғни дұрыс гигиеналық тәртіп адам ағзасының нығаюына ықпал етеді және оны туберкулез ауруынан қорғайды.

3. Жыл мезгіліне қарамастан, таза ауада мүмкіндігінше көбірек болу қажет, өйткені таза ауа ағзаға жақсы әсер етеді және шынығудың тамаша жолы болып табылады.

4. Жеке гигиена ережелерін сақтау: жуу құралдарын және ағынды суды пайдалана отырып, қолды, ыдыстарды жуу, тұрғын үй-жайларды ылғалды жинау және желдету, ет пен сүтті міндетті термалық өңдеу, жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану, су процедуралары — сүртіну, құю, душ.

5. Жөтел этикетін сақтау

6. Гигиеналық тәртіптің маңызды бөлімі дұрыс тамақтану болып табылады. Адам тәбетінің жоғарылауына ықпал ететін және ағзамен жақсы сіңіретін түрлі тағамдарды жеу керек. Тағам құрамына ақуыздар, майлар мен көмірсулардан басқа, міндетті түрде витаминдер мен минералды тұздар кіруі тиіс. Ақуыздар ет, сүт, сүзбе, жұмыртқада болады; көмірсулар - қант, нан, картоп, жармада. Витаминдер мен минералды тұздар негізінен жаңа піскен көкөністер мен жемістерде болады.

7. Туған кезде БЦЖ-мен міндетті түрде вакцинациялау және 6-7 жаста қайтавакцинациялау.

8. Туберкулезді дер кезінде диагностикалау.

Как организовать дистанционное обучение во время карантина?

Киров жалпы білім беретін негізгі мектебі


Дайындаған: Мусалимова Ж.О

ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ


Мақсаты:Жұқпалы аурулардан сақтану және олардың алдын алу

Тәрбиелігі: Жұқпалы аурулардан сақтануға және тазалықты ұстануға тәрбиелеу

Туберкулез- ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру. Туберкулез ауруының қоздырғышы-туберкулез таяқшалары.

Қазіргі кезде туберкулез ауруының қауіптілігі туберкулез ауруы адамнан адамға ауа арқылы таралып жұғатын болғандықтан, туберкулезбен тыныс жолдары ( кеңірдек, кеңірдекше ) және өкпесі зақымданған науқастар жоғары қауіп тудырады. Туберкулез ауруының бұл түрлеріне шалдыққан науқастар сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырық тастағанда қоршаған ортаны тірі бактериялармен ластайды. Ауаны ластаған тірі туберкулез микробактериялары сау адамның ағзасына өтуі үшін осы ауамен аздап қана тыныс алудың өзі де жеткілікті. Яғни, туберкулез таяқшалары барлық адамдар үшін қауіпті, өйткені біз тыныс алатын ауа бәрімізге ортақ!

Туберкулез ауруымен кімдер ауруы мүмкін?Туберкулез таяқшалары жұққан адамдардың тек қана пайызы туберкулез ауруына шалдығуы мүмкін екендігі дәлелденген. Туберкулез таяқшалары жұққан адамдардың қорғаныс жүйесі әлсіз болса, олардың туберкулез ауруына шалдығу қауіпі жоғарлайды. Жанасқан АИТВ және ТБ жұқпалары болған жағдайда ТБ ауруына шалдығу қауіпі 21-34 есе артады. Иммундық қорғанысты әлсірететін басқада ауруларға шалдыққан адамдарда туберкулезбен ауыру қауіпі жоғары болады.Мысалы, қант диабеті мен тамақтанудың басқа да бұзылыстары туберкулезбен ауыру қауіпін кез келген жаста арттырады. Темекі тарту туберкулезбен ауыру және оның салдарынан қайтыс болу қауіпін едәуір арттырады. ТБ ауруына шалдығудың 20 пайызынан астам жағдайы темекі тартумен байланысты екені белгілі. Туберкулезбен ауырмау үшін не істеу керек ? Туберкулез таяқшаларының жұғуынан, яғни тыныс алу жолдары арқылы туберкулез ауруының қоздырғышының ағзаға түсуінен сақтану керек ( бөлмені жүйелі түрде желдетіп отыру, жөтеліп жүрген адамдардың бетперде тағуы, туберкулездің ашық түріне шалдыққан адамдармен қарымқатынаста болмау) Есірткі заттарды қолданбау Арақ-шарап пен темекіні қолданбау . Тамақтану тәртібі мен жиілігін сақтау, зиянды және улы қоспаларды қолданбау Стресстерге қарсы тұра білу Жыл сайын емханада тексерістен өтіп отыру Ағзаның қорғаныс күштерін төмендететін кез келген ауруды ( қабыну үрдістері қанның азаюы, гормондық бұзылыстар, қалқанша безінің аурулары және басқаларды) уақтылы емдеп отыру.

Қорытынды: Оқушылар бұл жұқпалы дерттен сақтануымыз керек, өйткені ол адам өміріне өте қауіпті болып келеді. Сол себепті,тазалықты сақтап, жеке бас гигиенаны сақтағанымыз жөн және салауатты өмір салтын ұстануымыз керек
Туберкулез ауруы — асқынған кезде соңы адам өліміне дейін соқтыруы мүмкін күрделі жұқпалы ауру. Туберкулезді зерттейтін медицинаның саласын фтизиатрия деп атайды. XIX ғасырдың соңында неміс дәрігері Г.Кох туберкулёзді тудыратын миробактерияны (туберкулёз таяқшасын) тапты. Осы кезге дейін инфекциялардың арасында адам өлімі туберкулезден асып түскені жоқ. Әлемдегі әрбір үшінші адамда туберкулез бактериялары болады. Бұл індетпен ауыратын адамдардың басым бөлігін абақтыны мекен етушілер, нашақорлар, үйсіз жүрген қаңғыбастар, жезөкшелер мен шеттен келген келімсектер құрайды. Алайда, соңғы кездері әлеуметтік жағдайы жақсы адамдардың арасында да туберкулезге шалдығушылар саны артуда. Жоғарыда аталған адамдардан кейін олармен жақын қатынаста болған адамдар — абақты қызметкерлері, дәрігерлер, әлеуметтік сауықтыру орталығындағы қызметкерлер және науқас адаммен бірге тұратын туған-туыстары.

Туберкулез таяқшалары бала кезден немесе жасөспірім кездерде пайда болады. Бірақ барлық адам ауыра қоймайды. Егер жақсы тамақтанып, жақсы күтініп және салауатты өмір салтын (ішімдік ішпей, темекі шекпей, спортпен айналысып) ұстанатын болса, онда адамның иммундық жүйесі туберкулездің тууына жол бермейді.

Туберкулездің негізгі жұғатын көзі туберкулез микробтарын тарататын науқас адам. Науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде, ән айтқанда түкірікпен, қақырықпен әлденеше миллиард туберкулез микробтарын бөліп шығарады және олар 1,5 метрден 5 метрге дейін шашырайды, ең қауптісі ол ауада таралып, бір сағаттан көп уақыт сақталады. Науқас адамның жерге немесе еденге түкірген қақырығы бірте-бірте кебеді де, ақырында шаңға араласады, шаң ауаға көтеріледі, дем алған кезде сау адамның өкпесіне енеді. Одан басқа аурудың ыдыс-аяғы, киім-кешегінен, кір қолынан және сүйіскен кезде жұғады. Сол сияқты туберкулезбен ауыратын үй жануарлары да: сиыр, түйе, доңыз туберкулез ауруын таратады. Туберкулезбен ауыратын малдың сүтін шикілей ішкенде немесе тауықтың жұмыртқасын пісірмей жегенде жұғады.

Туберкулез қандай ауру?

Туберкулез жұқпалы ауру. Ең жиі кездесетін түрі-өкпе туберкулезі. Көп жағдайда сырқат белгісі науқас адамға білінбей басталады да, тек қана Манту реакциясын қойғанда, қақырықты “Кох таяқшасына” тексергенде немесе флюорографиялық байқаудан өткенде табылады.

-әлсіздік, тез шаршау;

-асқа зауқы соқпау, жүдеу;

-3 аптадан аса жөтеліп жүру;

-түнде немесе ұйқыдан оянған кезде терлеу;

-дене қызуының 37 градустан жоғары көтерілуі;

-түстен кейінгі мезгілде бейжай болуы.

Осындай белгілер білінсе міндетті түрде терапевт-дәрігерге көрініп қақырықты үш күн қатарынан үш рет “Кох таяқшасына” тексеру керек. Қақырықты жинау әр уақытта медицина қызметкерінің бақылауы арқылы терең тыныс жолдарынан алынғаны дұрыс. Егер тексерілген қақырықта туберкулез микробоактериясы табылмаса, онда ол науқас рентген арқылы тексерілуі тиіс. Әр нәрсенің алдын алған жөн, себебі туберкулездің жеңіл түрі болса, ол тез емделіп, тез жазылады. Қандай жағдайда болмасын, туберкулезге шалдыққан адам тез арада емделуі қажет. Қазіргі жағдайда туберкулезбен ауырған жанды емдеп жазуға болады.

Туберкулезбен қай жастағы адамдар ауырады.

Ұлтына, дәрежесіне байланысты ма?

Біздің халықта егде тартқан адамдарда туберкулез болмайды деген ұғым бар. Бұл ұғым дұрыс емес. Туберкулез жас талғамайды және әр жастағы адам ауырады, адам ағзасының әр түрлі органдарын зақымдайды. Ұлтына, нәсіліне, дәрежесіне қарамайды. Туберкулез-аса қауіпті дерт. Анықталған аурулар емделмесе бір жылда 50 пайызға жуығы өлімге душар болады.

Туберкулез науқасымен кімдер тез ауырады немесе бейім тұрады?

А) байлығына немесе кедейлігіне қарамай санитарлық-ағарту мәдениеті төмен

адамдар ауруға бейім тұрады;

б) уақытында тамақтанбайтындар, өз денсаулығына мән бермейтіндер;

в) маскүнемдер, нашақорлар, жүйкесі тозғандар, есі ауысқандар, үй-жайы жоқ кезбелер;

г)гармон дәрілерін көп қабылдайтындар;

д)тұмаумен жиі ауыратындар, қант диабеті, өкпе-тыныс жолдары сырқатының соылмалы түрі мен асқазан-ішек жараларымен ауыратындар;

е)туберкулез науқасымен қарым-қатынас жасайтын барлық жанұя мүшелері, жұмыс қызметтестері;

ж) жас балалар, жүкті әйелдер, кәрі кісілер туберкулезге бейім тұрады.

Туберкулезден жазылу үшін не істеу керек?

Туберкулезбен ауырған адам одан жазылу үшін ұзақ уақыт дәрі ішіп, емдік шараларын пайдалануы керек екенін білуі тиіс.

Науқас адам туберкулезін жұқтырмау үшін не істеу керек?

Туберкулезді жұқтырмай жүру мүмкін емес! Алдын-ала тексерілу мүмкін нәрсе!

Науқас жөтелгенде, түшкіргенде жақын отырған адамдардан бетін бұрып, аузы мен мұрнын орамалмен жауып, қолын жиі-жиі жуып, орамалды күніне бірнеше рет алмастыруға тиіс. Өйткені оған туберкулез микробтары өте көп жиналады. Әсіресе балаларды сақтандырудың барлық шараларын мұқият қараған абзал. Оларды қолына алып сүюіне, бір ыдысты ортақ пайдалануына, бір бөлмеде ұйықтауына, бәрінен бұрын төсекте бірге жатуына болмайды. Науқас адамның меншікті ыдыстары, заттары, төсек орны болуы тиіс, олар жанұяның басқа мүшелерінен оқшау сақталады. Кірлеген төсекті жинау үшін бөлек жәшік немесе қап арналады. Науқасқа күн жақ беттен жеке бөлме берген дұрыс. Оған мүмкіндік болмаса, пайдаланатын орнын белгілеп, шымылдықпен бөлу керек. Науқас адамның төсегі үй қабырғасынан 0,5 метр, ал жанұя мүшелерінен кемінде 1,5 метр қашық салынғаны жөн. Кілем, киіздерді алып тастап, оңай жуылатын, ауру жұқтыруға әсер етпейтін заттарды ғана қалдырады. Кірлегенде бөлек жуады.

Науқас бөлмесінің еденін, қабырғаларды, ыдыс-аяқтарын жууға жеке-жеке шүберек, шелек бөлінуі тиіс. Науқас қақырықты қалта түкіргішіне түкіруі тиіс, ол екеу болғаны жөн, біреуін науқас пайдаланған кезде, екіншісі залалсыздандырылады.

Туберкулезді анықтау әдістері

Туберкулездің алдын алу үшін профилактикалық шаралар жүргізу, барынша туберкулезді ерте табу (енді басталғанда), жеңіл түр болса тез емделеді. Ол үшін:

1) Манту сынамасы қойылады. Бұл әдіспен туберкулездің жұққанын анықтаймыз, балалар үшін манту сынамасын қойғызу (алу) керек

2) Жасөспірімдермен ересектер жылына бір рет флюроографиялық тексеруден өтулері қажет, бұл әдіспен өкпенің ауруларын анықтаймыз, олар: туберкулез, пневмония, рак, т.с.с.

3) Бакскопия-қақырықты микроскоп арқылы тексеру, әртүрлі уақытта үш реттен Кох таяқшасына тексеру, егер де туберкулез құртын тапқан жағдайда, бірден туберкулездің ашық түрі деген диагноз сол сәтте (микроскоппен) қойылады.

4) Қаланың барлық емханаларында Манту сынамасымен, флюроография, бакскопия әдістерімен туберкулез науқастарын тауп, тубдиспансерге емге жіберуде.

5) Науқастар тубдиспансерде емделіп айығып кетуде.

Туберкулезден қалай сақтануға болады?

Туберкулезден сақтануға болады.

А) адам ағзасының қорғаныс жүйесін күшейту үшін туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасын егу, бұл вакцина тек қана дәрігердің шешімімен егіледі. БЦЖ вакцинасын бірінші рет перзентханада, кейін бала бірінші сыныпқа (6-7 жас) және бала бесінші сыныпқа (11-12жас) барғанда БЦЖ егіледі.

Б) салауаты өмір салтын ұстану

В) тазалық сақтау

Г) дұрыс тамақтанып, зиянды әдеттен бас тарту керек

Д) дене шынықтыру, жаттығулр жасау

“ Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде”

РЕКЛАМА





Туберкулез – созылмалы инфекция, бактериялардың микобактерия туберкулезі кешені туындаған. Туберкулез микобактерияларының бұзылуымен респираторлық органдар жиі қозғалады, Сонымен қатар, сүйек пен буындардың туберкулезі орын алады, зәр шығару органдары, Көз, перифериялық лимфа түйіндері. Туберкулездің диагностикасы туберкулинді тестілеуді өткізуден тұрады, Өкпенің рентгендік зерттеуі, қышқылда туберкулездің микобактериясын анықтау, бронхтан жуу, тері элементтерінің бөлінуі, туберкулезбен зардап шеккен мүшелердің қосымша аспаптық сараптамасы. Туберкулезді емдеу — кешенді және ұзақ мерзімді жүйелі антибиотикалық терапия. Көрсеткіштер бойынша хирургиялық емдеу жүргізіледі.

Туберкулез

Туберкулез – созылмалы инфекция, бактериялардың микобактерия туберкулезі кешені туындаған. Туберкулез микобактерияларының бұзылуымен респираторлық органдар жиі қозғалады, Сонымен қатар, сүйек пен буындардың туберкулезі орын алады, зәр шығару органдары, Көз, перифериялық лимфа түйіндері. Ең жиі кездесетін инфекция ауадағы тамшылар арқылы өтеді, жиі емес — байланыс немесе тамақтану.

Патогеннің сипаттамасы

Mycobacterium tuberculosis кешені — бұл бактериялық түрлердің тобы, адам туберкулезін тудыруы мүмкін. Ең таралған қоздырғыш — Mycobacterium tuberculosis (Ustar. – Кочтің таяқшасы), Актиномицета отбасының грам-позитивті қышқылға төзімді бепсилі болып табылады, микобактериялардың түрі. Сирек жағдайларда туберкулезді осы тектің басқа мүшелерінен туындатады. Энотоксиндер мен экзотоксиндер шығарылмайды.

Микобактериялар қоршаған ортаға өте төзімді, Дене сыртында ұзақ сақталады, бірақ тікелей күн сәулесінің және ультракүлгін сәуле астында өледі. Төмен вируленттелген L-формаларын қалыптастыра алады, аурудың дамуынсыз нақты иммунитетті қалыптастыру үшін ағзаға қатысуға көмектеседі.

Инфекцияның тұнбасы және туберкулезбен жұқтыру көзі науқас адамдар (инфекция ашық өкпе туберкулезіне ұшыраған кезде пайда болады – туберкулездің бактериялары қақырықты шығарғанда). Бұл жағдайда инфекцияның тыныс алу жолдары жүзеге асырылады (ауаны шашыраңқы бактериялармен деммен жұту). Микобактериялардың және қатты жөтелдің белсенді секрециясы бар науқас жыл бойы оннан астам адамды жұқтыруы мүмкін.

Минералды бактериялармен және туберкулездің тұйық нысаны бар тасымалдаушылардан инфекция тұрақты жақын байланыста болады. Кейде нәрлі инфекция пайда болады (бактериялар ас қорыту жолына кіреді) немесе байланыс арқылы (теріге зақым келтіру арқылы). Инфекция көзі ауыр науқас болуы мүмкін, құс еті. Туберкулез сүт арқылы өтеді, жұмыртқа, жануарлардың қалдықтары су көздеріне енген кезде. Әрқашан да, туберкулез бактерияларының ағзаға кіруі инфекцияның дамуына себеп болады. Туберкулез – ауру, көбінесе қолайсыз өмір сүру жағдайларымен байланысты, иммунитеттің төмендеуі, дененің қорғаныш қасиеттері.

Туберкулезбен күрес барысында бастапқы және қайталама сатылар бөлінеді. Алғашқы туберкулез патогенді енгізу аймағында дамиды және оған жоғары тіндік сезімталдығымен сипатталады. Иммундық жүйе инфекциядан кейін алғашқы күндерде белсендіріледі, патогенді өлтіру үшін арнайы антиденелерді шығарады. Өкпе және интраторастық лимфа түйіндерінде көбінесе, және тамақтану немесе байланыс инфекциясы кезінде – асқазан-ішек жолдары мен теріде, қабыну орталығы пайда болады. Сонымен қатар, бактериялар ағзадағы қан мен лимфа арқылы таралуы мүмкін және басқа органдардағы бастапқы фокустарды құрайды (бүйрек, сүйектер, қосылыстар). Көп ұзамай басты назар аударылады, және денесі тұрақты туберкулез иммунитетіне ие болады. Алайда иммундық қасиеттердің төмендеуімен (жасөспірімдерде немесе қартайған кездерде, ал денені әлсіретеді, иммунды жетіспеушілік синдромы, гормоналды терапия, қант диабеті және басқалар.) инфекция ошақтарда күшейтіледі және екінші туберкулез дамиды.

Туберкулезді жіктеу

Туберкулез бірінші және екінші деңгейде ерекшеленеді. Алғашқы кезек алдын ала жергілікті болуы мүмкін (балалар мен жасөспірімдерде туберкулезбен улану) және оқшауланған (туберкулездің алғашқы кешені, инфекция сайты назар аударады, және ішектің лимфа түйіндерінің туберкулезі).

Екінші туберкулез өкпе және өкпе емес нысандарға байланысты болады. Өкпе туберкулезі, зақымданудың таралуына және дәрежесіне байланысты, милиарлы болып табылады, таратылады, үйлестіруші, инфильтративті, каверноздық, фибро-каверноздық, цирротикалық. Ақ пневмония және туберкулома оқшауланған. Туберкулезді плеврит жеке форма ретінде бөлінеді, эмпием және саркоидоз.

Өкпенің сыртында мидың, жұлынның және мидың туберкулезі орын алады, ішек туберкулезі, перитоний, мезентерлік лимфа түйіндері, сүйектер, қосылыстар, бүйрек, жыныстық органдар, сүт бездері, тері және тері астындағы тіндердің, Көз. Кейде басқа органдарға зақым келеді. Туберкулезді дамытуда инфильтрацияның оқшауланған фазалары, ыдырауы, себу, резорбция, тығыздағыштар, скрининг және кальцинация. Бактериялардың оқшаулануына қатысты ашық пішін бөлінеді (бактерияларды босату арқылы, Mbt-позитивті) және жабық (бөлектемей, Мбт-теріс).

Туберкулездің белгілері

Көптеген клиникалық формалардың арқасында, туберкулез көптеген белгілер кешендерін көрсете алады. Аурудың созылмалы ауруы, әдетте біртіндеп басталады (ұзақ уақыт бойы асимптоматикалық болуы мүмкін). Уақыт өте келе, Жалпы интоксикацияның белгілері пайда болады – гипертермия, тахикардия, әлсіздік, жұмыс күшінің төмендеуі, аппетит пен салмақ жоғалту, терлеу. Инфекцияның таралуымен және оның бүкіл денесінің таралуымен интоксикация өте қарқынды болуы мүмкін. Пациенттер ауыр салмақты жоғалтады, бет сипаттамаларын жақсарту, ауыр жарқыл пайда болады. Дененің температурасы субфебрильді сандардан жоғары емес, бірақ ұзақ уақыт сақтайды. Тері безгегі жаппай зақымданған жағдайда ғана пайда болады.

  • Өкпенің туберкулезі, ереже бойынша, жөтелмен бірге жүреді (бастапқыда құрғақ), түнде және таңертеңде күшейе түседі. Тұрақты жөтелдің үш аптадан астам уақытының болуы қауіпті симптом болып табылады, Мұндай жағдайларда дәрігермен кеңесу керек. Аурудың дамуымен гемоптиссия пайда болуы мүмкін. Өкпенің туберкулезін өмірге қауіпті жағдаймен қиындатуы мүмкін – өкпе қан кету.

Басқа органдардың және жүйелердің туберкулезі әлдеқайда жиі кездеседі және анықталады, ереже бойынша, басқа патологияларды алып тастағаннан кейін.

  • Мидың және мидың туберкулезі. 1-2 аптадан біртіндеп дамып келеді, көбінесе балалар мен иммунитет тапшылығы бар адамдар, диабетиктерде. Бастапқыда, маскүнемдіктің белгілерінен басқа, ұйқының бұзылуы пайда болады, және бас аурулары, құсу екінші аптада қосылады, бас ауруы қарқынды әрі тұрақты болады. Бірінші аптаның соңында meningальды белгілер байқалады (қатаң мойын, Керниг және Брудзинский симптомдары), неврологиялық бұзылулар.
  • Асқорыту трактінің туберкулезі нәжістің бұзылуымен жалпы интоксикацияны сипаттайды (іш қату, диареямен айналысады), симптомдық диспепсия, іштің ауыруы, кейде нәжісте қанды болады. Ішек туберкулезі кедергі жасайды.
  • Сүйек туберкулезі, буын және жұлын бағанасы. Бірлескен туберкулезде артрит белгілері (зақымданған буындардағы ауырсыну, ұтқырлықты шектеу), Сүйектердің зақымдануы олардың ауырсынуымен белгіленді, Сыну үрдісі.
  • Тыныс алу жүйесі туберкулезі. Бүйрекке инфекция көзін локализациялау кезінде науқастарда нефрит белгілері байқалады, Арқадағы ауру, Зәрдегі қанның пайда болуы мүмкін. Туберкулездің зәр шығару жолдарын сирек дамыта алады, Бұл жағдайда дисурия көріністері болады (зәр шығарудың бұзылуы), ауыр зәр шығару. Жыныс туберкулезі (жыныс туберкулезі) бедеулікті тудыруы мүмкін.
  • Тері туберкулезі тері астындағы қатты түйіндердің пайда болуымен сипатталады, ақ тегіс массаны босатып, теріге ұлғаюы және бұзылуы.

Туберкулездің асқынуы

Өкпенің туберкулезі гемоптитез және өкпе қан кетуімен қиындауы мүмкін, ателектаз, пневмоторакс және жүрек-өкпе қабынуы жеткіліксіздігі. Бұдан басқа, туберкулез аурудың пайда болуына себеп болуы мүмкін (бронх және кеуде қуысы, экстрапроформальды нысандардағы басқа локализация), амилоидоздық органдар, бүйрек жеткіліксіздігі.

Туберкулездің диагностикасы

ТБ бастапқы кезде жиі асимптоматикалық болғандықтан, профилактикалық зерттеулер оның диагнозында маңызды рөл атқарады. Ересектер жыл сайын кеуде рентгенін өткізуі керек, балаларға арналған – Mantoux тесті (туберкулиндік диагностикалық әдіс, туберкулезбен ауыратын және тіндердің реактивтілігімен ағзаның инфекциясының дәрежесін анықтау). Туберкулезді диагностикалаудың негізгі әдісі — кеуде рентгені. Бұл жағдайда сіз инфекция ошақтарын анықтай аласыз, өкпедегі сияқты, сондықтан басқа органдар мен тіндерде.

Қоздырғышты анықтау үшін қышқыл мәдениетін жасайды, бронх және асқазанды жууға арналған су, тері зақымдануы. Егер бактерияны биологиялық материалдардан себуге болмайтын болса, ICD-теріс формасы туралы айтуға болады. Зертханалық сынақ деректері ерекше емес және қабынуды көрсетеді, интоксикация, кейде (протеинурия, нәжістегі қан) аурудың локализациясы туралы айтуға болады. Алайда, емдеу стратегиясын таңдау кезінде туберкулезбен ауыратын адамның жағдайын жан-жақты зерттеу маңызды.

Кейбір жағдайларда диагнозды айқындау үшін өкпелерді CT-сканерлеу жүргізіледі, иммунологиялық сынақтар, Биопсиямен бронхоскопия, лимфа түйінінің биопсиясы. Егер созылмалы туберкулездің күдіктері болса, олар жиі тереңірек емделеді, қарағанда манта, туберкулиндік диагноз – Кох сынағы. Туберкулезді менингит немесе энцефалит диагностикасы жиі неврологтармен жүргізіледі. Науқас реуоэнцефалография көмегімен зерттеледі, EEG, Мидың CT немесе MRI. Миокард инфекциясынан патогенді оқшаулау үшін ломбарлық пункцияны жасауға болады.

Асқорыту туберкулезін дамыту кезінде гастроэнтерологпен консультация қажет, Ішек мүшелерінің ультрадыбысымен, бағдарлама. Тірек-қимыл туберкулезі тиісті рентгендік зерттеулерді қажет етеді, Омыртқаның CT, Зақымдалған қосындылардың артроскопиясы. Тыныс алудың туберкулезін тексерудің қосымша әдістері бүйректің және қуықтың ультрадыбыстық зерттеуін қамтиды. Терінің туберкулезіне күдікті науқас дерматологпен кеңесу керек.

Туберкулезді емдеу

Туберкулезді емдеу фокусты емдеуге және симптомдарды жоюға бағытталған. Ашылған туберкулездің жағдайы нашар емделді, уақтылы анықталған қарағанда, одан да қатал (бүлдіргіш нысандары). Туберкулезді емдеу бір жыл немесе одан көп уақытты алады, күрделі болып табылады (дәрілік терапия әдістерін біріктіреді, физиотерапия). Бастапқыда емдеу туберкулезге қарсы диспансерде микроорганизмдердің тоқтатылуына дейін тоқтатылады. Содан кейін науқастар тұрақты амбулаториялық емдеу үшін шығарылады. Пациенттер үшін, туберкулезге шалдыққандарға мамандандырылған санаториялар мен диспансерлерде емделу ұсынылды.

Хирургиялық емдеу жағдайларында көрсетіледі, Консервативті терапия емдеуге жету үшін жеткіліксіз болғанда (өкпе туберкулезі, әртүрлі асқынулар). Туберкулезге арналған ең жиі қолданылатын хирургиялық ем, зардап шеккен сегменттерді алып тастау арқылы өкпенің ішінара рецептісі болып табылады. Оперативті құлдырау терапиясы да қолданылады. Пациенттер үшін, туберкулезден зардап шегеді, Арнайы жоғары калориялы диета тағайындалады (кесте №11), жеңіл сіңімді ақуызға бай, В және В тобындағы дәрумендер.

Төсек демалысы өкпенің бұзылу дәрежесі жоғары науқастарға ғана тағайындалады, айқын гемоптимоз. Басқа жағдайларда науқастарға серуендеу ұсынылады, терапиялық жаттығулар, белсенді дене белсенділігі.

Туберкулезге болжам

Қазіргі уақытта, көптеген жағдайларда, уақытылы сәйкестендіру және қажетті медициналық шараларды сақтай отырып, болжам тиімді – туберкулезге қарсы ауруларды емдеу және клиникалық белгілерді субсидиялау бар, клиникалық сауықтыру ретінде қарастыруға болады. Емдеу аяқталғаннан кейін, шрамдар зақымдануды оқшаулау орнында қалуы мүмкін, фиброздың аудандары, инкапсулированные фокус, бактериялар бар. Дененің күйі нашарлағанда, ауру қайталануы мүмкін, сондықтан пациенттер клиникалық емдеуден кейін диспансерде фтизиатриялық дәрігер болып табылады және жүйелі тексерулерден өтеді. Туберкулезді ауыру және емдеуден кейін туберкулинді тест оң қалпында қалады.

Емдеу болмаған немесе ұсынымдарды орындамаған жағдайда, туберкулезден өлу көрсеткіші 50-ге жетеді% істер. Бұдан басқа, егде жастағы адамдарға болжам, АҚТҚ жұқтырғандар мен адамдар, диабетиктер.

Туберкулездің алдын-алу

Алдын алу шаралары, жалпы медицина мекемелерімен туберкулезге қарсы мамандандырылған мекемелер өткізеді, азаматтардың күнделікті тексерулерін қамтиды (міндетті жыл сайынғы флюорография), науқастарды анықтау, ашық туберкулезден зардап шегеді, олардың оқшаулануы, байланыстың сауалнамасы, туберкулездің нақты алдын-алу.

Арнайы алдын-алу (вакцинация) туберкулез иммунитетінің қалыптасуына бағытталған, BCG вакцина немесе профилактикалық химикаттарды енгізуді қамтиды. Бет бар, BCG арқылы вакцинацияланған, өкпедегі туберкулез пайда болады, жақсы формалар, емдеуді жеңілдетеді. Иммунитет әдетте вакцинациядан кейін 2 айдан кейін пайда болады және 5-7 жылдан кейін азаяды. Химопрофилактикалық шаралар жеке тұлғалар арасында жұқтыру қаупін арттырады: адамдар, теріс туберкулинді тесті бар туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста (бастапқы химиопрофилактика) жұқтырған адамдар (қайталама).

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.