Тауы?ты? аскаридозы балау емдеу алдын алу шаралары

Аскаридоз кезіндегі атқарылатын шаралар. Эпидемиялық шаралар

Аскаридоз дегеніміз – антропонозды ішек гельминтозы, бастапқы кезеңінде токсико – аллергиялық генездегі өкпедегі эозинофильдік инфильтраттармен, ақырғы кезеңінде – диспепсиялық бұзылыстармен, одан ары қарай ауыр асқынулармен сипатталады.
Қоздырғыш – Ascaris Lumbricoides.

Аскариданың тіршілік циклы – сыртқы ортада ылғалды топырақ арқылы таралады. 21 күн немесе бірнеше айда ұрықтанған қуыршақтар пайда болады, олар инвазивті түрге айналады — топырақтан адам қолына өтіп (жеміс – жидек, көкеніс т.б.) ауыз арқылы асқазанға түседі – венозды жүйеге, осы арқылы оң жүрекшеге өтеді — өкпеге өтіп, капиллярларды бұзады – алвеола қуысына түседі – бронх арқылы қайтадан жұтқыншаққа өтеді, сілекеймен жұтылады – асқазанға түседі – 2,5 – 3 айдан кейін үлкен аскаридаларға айналады. Даму циклы қайталанып отырады.

Аскаридоз — жиі таралған гельминтоз, әлемде осы инвазиямен 1,3 млрд. адам ауырады. Жер тұрғындарының жылына ауруға орташа шалдығу көрсеткіші – 100 млн.
Қазақстанның негізгі эндемиялық аймақтарында 100 мың адамға шаққандағы ауру көрсеткіші – 17 – 32,6.

Эпидемиялық алғышарттар:

  • Жуылмаған тағамдарды қолдану;
  • Санитарлық мәдениеттің төмендігі және қолайсыз жағдайдағы тұрмыс;
  • Тұрғын үйлердің санитарлы – гигиеналық жағдайының төмендігі;
  • Фекальды тыңатқыш ретінде қолдану және тоқтау сулармен бақшаларды суару;
  • Инфекция көзі және резервуары – аскаридамен инвазирленген адам.

Берілу жолдары – алиментарлы.

Берілу факторлары:

  1. Аскаридамен зақымдалған топырақ, жеміс – жидектер, су т.б.;
  2. Аскарида жұмыртқасымен контактыдағы заттар;
  3. Гельминит жұмыртқасымен тағамдық өнімдерді зақымдайтын – механикалық тасымалдаушы – шыбындар;

Қауіп –қатер факторлары және топтары:

  • Бағбандар;
  • Көкеністерді шығаратын мекемелер жұмысшылары;
  • Аскарида жұмыртқасының қоршаған ортаға төзімділігінің жоғары болуы – ол топырақта 10 жыл бойы, ағынды су қоймаларында 1 жылға дейін сақталады.

Жалпы симптомдары:

  • инкубациялық кезең 4 -8 апта;
  • токсико – алергиялық көріністер: жөтел, крапивница, терінің қышуы, субфебрильді температура, кеуде қуысында ауырсыну, тихикардия, АҚ төмен, кей кезде бауырдың үлкеюі.

  • бронхопневмония және бронхит белгілері: асматикалық ұстамалар, жоғары температура, өкпедегі құрғақ және дымқыл сырылдар, перкуторлық дыбыстың қысқаруы;
  • өкпедегі эозинофильдік инфильтраттар және қабыну ошақтары.

  • Зерттелетін материал–қақырық, бөлінділер
  • Зерттеу әдістері – Паразитологиялық: фекаль макроскопиясы,
  • Зерттеу әдістері – Рентгенологиялық, жалпы қан анализі.

Максат: Инвазия ошағындағы эпидемиялық детерминанттарды анықтау.
Тұрғындардың аураларды жұқтырып алмауын қамтамассыз ету үшін эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу.

Іс – шаралар этаптары:

  • Эпидемиялық процестің жастық, территориялық, уақыттық т.б. парамаетрлері бойынша алда болатын эпидемиялық процесті қадағалау үшін нақты территорияның эпидемиялық жағдайына анализ жасау;
  • ГСЭБ – ның териториялды бөлімшесіне әрбір аскаридозбен ауырған адам жөнінде төтенше хабарлама жіберу;
  • Инвазияның берілу жолдары мен факторларын анықтау және науқастың ауруды жұқтыру жағдайын (әлеуметтік, табиғи, демографиялық және т.б. ), қауіп – қатер топтарын анықтау.
  • Қауіп – қатер факторларын ескере отырып, аурудың пайда болуының алғышарттарын тиянақты зерттеу.

  1. Клиникалық белгілері бойынша госпитализациялау;
  2. Қақырықтағы фекальдарды хлорлы әктаспен (200-300гр- 1кг)немесе ыстық сумен емдеуден кейін жояды;
  3. Тұрмыстық қалдықтарды, канализациядағы жуынды суларды ашық су қоймаларына жібермеу, бақшаларды суғаруүшін тоқтап тұрған суларды қолданбау;
  4. Клиника- диагностикалық лабораториялардың, поликлиникалардың, ауруханалардың, басқа да емдеу мекемелерінің госпитализацияланған науқастар ішінен инвазирленген науқастарды анықтаудағы шараларын бақылау;
  5. Эпидемиялық көрсеткіш бойынша дегельминтизация жүргізу: бастапқы кезеңінде вермокспен, метазолмен, ақырғы кезеңінде декариспен, пиперазин тұзымен.

Мақсат: Эпидемиялық маңызы бар заттардан анализдер мен ақпараттар жинау, профилактикалық шараларды ұйымдастыру және эффективтілігін бақылау.

Эпидемиялық бақылау тұрады:

  • Гельминиттер жұмырқасымен зақымдалу деңгейін анықтау және олардың алдын алу мақсатында эпидемиялық маңызды заттарды және қоршаған ортаны қадағалау;
  • Аскаридоз ошағының қалыптасуына жол бермейтін ескертетін санитарлы гельминталогиялық бақылауды жүзеге асыру;
  • Санитарлы гельминталогиялық зертеулер қортындысын экспертті бағалау мақсатымен күнделікті бақылауды жүргізу, онымен қоса тоқтау суларды, биогумусты зерттеу;
  • Микроошақ және ұйымдасқан балалар ұйымдарының (мектеп, балалар үйі, балабақшалар, бақшалар, сауықтыру лагерьлері) денсаулық жағдайын көтеруге бағытталған шараларды қадағалау.

Тұрғын үйлердің жағдайының жақсы болуы, топырақты, су қоймаларын фекальды жұқпалардан сақтау;
Жеке гигиенаны сақтау: қолды жуу, ыстық сумен жуылған тағам өнімдерін қолдану.


Достарыңмен әлеуметтік желіде бөліс

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Сайт бойынша іздеу

Ең үздік материалдар

Денсаулықты нығайту концепциясы және

Аурушандыққа әкеліп соқтыратын факторлар:

-жалпы халықтың салауатты өмір сүру мәдениетінің төмендігі

-санитарлық-гигиена туралы кейбір мәселелерді жете білмеуі

-денесалмағының қалыптан тыс жоғарылауы-семіздік

-тиімсіз және құнарсыз, я шамадан тыс тамақтану,

-қоршаған ортаның шамадан тыс химиялық заттармен улануы

-үй және жұмыс жағдайындағы күйзелістердің көбеюі

- залалды әдеттер: арақ-шарапқа, нашақорлыққа әуес болу,темекі тарту

Адамдардың тіршілік әрекетіне әсер етеді және көптеген әлеуметті маңызы бар гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, сүт бездерінің, жатыр мойны, өкпе қатерлі ісік аурулары, қант диабеті ауруларына әкеліп соқтырады. Енді осы аурулардың алдын алу факторларына тоқталайық.Атап айтсақ:

1.Гипертония–барлығымызға мәлім жоғары қан қысымы –инфаркт, исульттің даму қаупі мен бүйрек жетіспеушілігін жоғарылатады.Әлемде гипертониямен ауыратын ересек адамдардың үлесі жасына қарай өседі-20-40 жас аралығында он адамның біреуі,ал 50-60 жас аралығында он адамның 5-уі.

Әрбір адам өз қан қысымын,қандағы қанттың, холестериннің және липидтердің деңгейін білу қажет.

Гипертониялық ауру екіге бөлінеді,ол:

-эссенциалды артериалдық гипертензия жүрек қан тамырлары жүйесінің төмендеуі және гемодинамиканы реттейтін механизмдерінің бұзылуы

-симптоматикалық артериалдық гипертензия –бүйреткің зақымдану,бүйрек үсті безінің ауруы,аорта коарктациясы,дәрілерді шамадан тыс қабылдау

Артериалды гипертония ауруын туғызатын факторлар. Олар тұқым қуалаушылық, нерв күйзелісі,стресс, ас тұзын,қантты, тамақты мөлшерден тыс көп қолдану,семіздік,ішімдік ішу,темекі шегу,бүйрек аурулары, аз қозғалыс.

Алдын алу шаралары:

-Салауатты өмір салтын ұстану,яғни спортпен айнналысу Зиянды арақ-шараптарды және темекіні қолданудан бас тарту

-Ас тұзын және қантты,қанықбаған майларды,кофені қолдануды азайту

-Нервтік жүйені бұзбау үшін өзін өзі тәрбиелеу,психотерапия

-Санаторлық-курорттық ем қабылдау

-дене салмағын қалыпқа келтіру

-кемінде жылына 1-2 рет тиісті дәрігерлерге қаралып тұру

-жылына 1-2 рет қан және зәр анализдерін тапсыру-қант,креатинин,зәр қышқылы, холестерин,липопротеидтер т.б анықтатып тұру

-міндетті түрде өзінің қан қысымын тексеріп тұруды үйрену

2.Жүректің ишемиялық ауруларынастенокардия, кардиосклероз,жүрек аритмиялары және созылмалы жүрек жетспеушілі жатады.

Жүректің ишемиялық ауруларын туғызатын факторлар, ол эндогендік және экзогендік болып екіге бөлінеді:

-генетикалық факторлар –тұқымқуалаушылық,ер адамдар әйелдерге қарағанда көбірек аурады,менопауза жасындағы әйелдер мүмкіндік көбірек,жасы үлкей -ген сайын ауыру қаупі жоғарылайды,

-гиперхолестеринемия-қанда холестерин, қант мөлшерінің жоғарылуы,артерия алдық гипертония,гипергликемия

- нерв күйзелісі,стресс, темекі шегу,арақ шарап ішу,холестеринге бай тағам қабылдау, семіздік және аз қозғалыс.

Алдын алу шаралары екіге бөлінеді:

1.Біріншілік алдын алу:

-дене салмағын азайту

- темекі шегуден және арақ-шарап ішуден бас тарту

- артериалды гипертониядан емделу

- ас тұзын шектеу

- физикалық күш түсіруді шектеу

- кофе ішуді шектеу

2.Екіншілік алдын алу:

-жүрек жетіспеушілігінің алдын алу үшін дәрілер қабылдап отыру

-диспансерлік бақылауда болу-жылына екі рет дәрігерге қаралып тұру

Сондықтан келесідей алдын алу шараларын ұсынады:

-ояна салысымен орнынан тез тұрмау, қайта төсекте жарым минут жату

-басын көтергеннен кейін төсекте жарым минут отыру

-екі аяғын салақтатып төсекте жарым минут отыру

Осыны табандылықпен орындағанда миға қан жетіспеу жағдайы туылмайды.Жүректе бірден тоқтап қалмайды.Ал 3 жарым сағат дегенді былай түсінуге болады:

-таңертеңгілік жарым сағат жүгіру (3км аспау керек)

-түсте жарым сағат ұйықтау

-кешке 6 мен 7-нің аралығында баяу жүріспен жарым сағат сейлдеп жүру

Бұл жүректің және қан қысымының дұрысталуына көмегін тигізеді.

3.Қантты диабет-инсулин жетіспеушілігінен созылмалы гипергликемия синдромы дамуымен сипатталатын ауру.Соның әсерінен ағзада барлық алмасу үрдіс түрлері бұзылады,қан тамырлар ,жүйке жүйесі және тағы басқа мүшелер-көз,бүйрек,жүрек,аяқ мен жүйелер зақымданды.Қантты диабет соқырлықтың негізгі себебі болып табылады, ал 25 пайызы бүйрек жетіспеушілігінің дамуына әкеледі.

Қант диабетін туғызатын факторлар, ол:

-жиі психоэмоциионалдық күш түсу

-ұйқы безінің аурулары

Алдын алу шаралары:

- Салауатты өмір салтын ұстану,яғни спортпен айнналысу

- Зиянды арақ-шараптарды және темекіні қолданудан бас тарту

- қантты,қанықбаған майлард қолдануды азайту

- Нервтік жүйені бұзбау үшін өзін өзі тәрбиелеу,психотерапия

- Санаторлық-курорттық ем қабылдау

- дене салмағын қалыпқа келтіру

- кемінде жылына 1-2 рет тиісті дәрігерлерге қаралып тұру

- жылына 1-2 рет қан және зәр анализдерін тапсыру-қантты анықтатып тұру

- міндетті түрде өзі қант деңгейін зерттеп тұруды қолға алу

4.Брох демікпесі ауруы-инфекциялық аллергиялық созылмалы ауру, бронхтар дың шырышты қабаты ісініп, бронхтар тарылады,тұншығу ұстамасы пайда болады.

ДДҰ-ның 1992 жылғы бронх демікпесі ауруының жіктелуі:

-экзогендік аллергиялық астма

2.Аллергиялық емес астма

-эндогенді аллергиялық емес астма

3.Аралас астма-бұл екеуінің қосарлануы

4.этиологиясы белгісіз астма:

-кеш пайда болған бронхит

Брох демікпесі ауруын туғызатын факторлар,ол;

- емделмеген аллергиялық ринит

-тұрмыстық химия-жуғыш және косметикалық заттар

-үй-жайлардың ішіндегі аллергендер (төсек орындардағы, кілемдердегі,жұмсақ жихаздардағы шаң тозаңдар,жануарлардың жүні т.б.)

-сырттағы аллергендер (гүл тозаңы, жеміс жидек ағаштарының гүл тозаңы,ағаш мамықтары)

-өндірістегі химиялық тітіргендіргіш заттар

-ауаның түрлі зиянды заттармен ластануы

Алдын алу шаралары:

-салауатты өмір салтын ұстану-таза ауада серуендеу,дұрыс тамақтану,дене салмағын азайту

-үй жайды үнемі дымқылды тазалау

-ұшатын тұрмыстық химиядан бас тарту

-зиянды әдеттерден бас тарту( темекі тартудан, арақ-шарап ішіден)

-күйзелістерге жол бермеу

-тыныс алу жолдарының ауруларын анықтап,алдын алу

-жоғары аллергенді тағамдарды аз пайдалану-ара балы, шоколад,тауық жұмыртқасы,жаңғақ,цитрус өнімдері)

5.Онкологиялық аурулар-оның ішінде ең жиі кездесетін түрлері сүт безгегі , жатыр мойыны және өкпе қатерлі ісіктері, ол дегеніміз түрлі ағзаларда қатерлі

ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы. Соның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ем аурудың қай сатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Басқа ауруларда кездесетіндей, ауруды асқындырып алған жағдайдайда емдеу қиынға соғады.

Обыр ауруларының туу жолдарытолық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыр

атындардың жартысына жуығында ондай себептердің барлығына болжам жасалған, ол келесідей:

1.тамақтану сипатынан 30-35 %,

2.темекі тартқаннан 30%

3. жұқпалы (вирустық) агенттерден 17%

4.алкогол қолданудан 4%

5.қоршаған ортаның ластануынан 2%

6. ауыр тұқым қуалау салдарының 2%

Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет.

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Аурудыңқоздырғышы
  2. Ауру белгілері
  3. Алдыналу шаралары

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Оба — ауыр түрде уланып, без түйіндері, өкпе және басқа мүшелері ерекше зақымданғаны білінетін жедел жұқпалы ауру.

Ағымы ауыр, жоғарғы өлімді ауру, көп жерге таралу мақсатымен аса қауіпті аурулар тобына кіреді.

Тарихы. Оба адамзатқа ерте заманнан қаһарлығымен белгілі, көп көлемді жерлерді ойрандатушылығымен танымал. Көп жерлерге таралуына байланысты миллиондаған адамдардың өмірлерін алып кетті. Тарихта 3 белгілі обаның пандемиясы (көп құрлықтарға тараған ауруды осылай атайды) болып өтті. Бірінші тарихқа “юстинианов обасы” (531-580ж.ж.) деп аталды. Ол Египетте басталып жақын Шығысқа, Африканың Солтүстігіне және Европа елдеріне енеді. Осы пандемияда 100 млнға жақын адам өлген. Екінші пандемия XIV ғасырда “қара өлім” аталды, 1334 жылы Қытайда басталып, кейіннен Иңдияны, Африканы және Европа елдерін қамтыған. Екінші пандемияда 50 млн.нан астам адамдар өлген. Сонда оба ауруы Ресейдің солтүстік -батысына, орталық және оңтүстік – шығыс облыстарына кірген.

Обаның үшінші пандемиясының басталуы 1894 жылға жатады. Кантоне және Гонконгте ласталып 100 мыңнан астам адамдар өлген Соның 10 жылдары оба ауруы 87 порттағы қалаларға негізгі пароходтар жүретін барлық кұрлықтарға тараған. Ең адамы көп өлген Индия болыпты, өлген адамдары 12 млн-нан асқан. Оба ауруы Ресейдің Одесса қаласында 1901,1902 және 1910 жылдары болғаны байқалған. Обаның үшінші пандемиясы зерттеген ғалымдардың өте үлкен- жаңалық ашқандарымен танылды: қоздырғышын тапты, егеуқұйрықтың (крыса) жұқпалы ауруды үзбей жалғастырып отыратын маңызы дәлелденген. Орыс ғалымдары Д.С.Самойлович, Г.И.Минх, Н.Ф.Гамалея, Д.К.Заболотный, И.И.Мечников, Н.Н.Клодницкий, В.А.Хавкин и Д.А.Деминский оба ауруын зерттеп мың жылдық адамзаттың жауымен күресіп, батырлық еңбектерін тарихтың бетінде қалдырды.

Қазақстанда 1926 жылы оба ауруы тышқандардың арасында көп тарағаннан кейін адамға да жұғып үлкен өріс алған. Эпизоотия түйелер мен қояндарға тарап екі айға созылған. Түйенің обасы кейінгі жылдары Индияда, Пакистанда, Индонезияда, Индоқытайда, Африканың экватория аймағында, Бразилияда, Перу және Аргентинада кездесіп тұрады. Егеуқұйрық арқылы обаның таралуы соңғы уақыттарда Азия, Африка, Америка,Франция,Испания,Италияпорттық қалаларыңда

болып жүр. Біздің Қазақстанда сирек кездеседі. Көбінесе Арал аумағының құмдарында, Қызылқұммен Мойынкұмдарда құмтышқанмен үлкен сұр тышқандардың арасында кездесіп, олардың денесінен оба қоздырғышы табылып тұрады. Осы жұмыстарды Арал, Ақтөбе, Оңүстік Қазақстан, Атырау обаға қарсы станциялары өз уақытысында анықтап оба ауруының қоздырғьшттарын табылған жерлерде қарсы көп жұмыстар жүргізеді Тышқаңдардың ініне түрлі улы заттар тастап, оларды өлтіреді. Алматыдағы Орта Азиялық обаға қарсы институтта тиянақты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Аурудын қоздырғышы

— Осы қоздырғышты бірінші рет француз ғалымы Иерсен Гонконг қаласындағы эпидемия кезінде 1894 жылы ашқан. Қоздырғыш — қозғалмайды, спора шығармайды, кілегейлі капсуласы болады, ауа жоқ жерде өседі.

Қоздырғыштың тұрақтылығы ағзадан басқа жерде 0 — + 10°С да 10 айға дейін сақталады. Суда, тармақтарда үйдегі түрлі ыдыстар мен заттардың үстінде 30-90 күнге дейін сақталады. 30° С суықта ұзақ уақыттарға төзеді. 60″ С ыстықта жарты сағаттан кейін өледі, 80°С ыстықга 5 минутта, 100″С — бірнеше секундта өледі. Сулема, Лизол, формалин, хлорамин, хлор кездесті ерітінділері тағы антибиотиктерден – стрептомицин, тетрадиклин т.б. оба қоздырғыштарын жояды.

Эпидемиологияменэпизоотология. Академик Е.Н.Павловскийдің жұқпалының табиғи ошақтар- туралы ғылымына оба ауруында табиғи ошақтар трансмиссивтік жұқпалы аурулар тобына жатқызады. Оба қоздырғышының табиғаттағы бұлағы денесінде өсіріп, сақтайтын кеміргіштер болып табылады. Олардың 300 астам түрлері белгілі. Орта Азияда өз денесінде оба микробын өсіріп, сақтайтын кеміргіштердің саны мол. Олар: құмтышқан, сұр тышқан, саршұнақ, атжалман. Кеміргіштер оба ауруымен ауырып, көп өлім-жетімге ұшырайды. Огата 1897 жылы және осы аталған кеміргіштердің денесінде болатын бүргелер оба қоздырғышын ауру егеукұйрықтан сау егеуқұйрықтарға жұқтырып отырады, адамға да бүргелер қан сорғанда жұқтырады. Түйелерге оба ауруы бүрге арқылы, жанасумен, тамақпенен және демалу жолдары арқылы жұғады. Бүргелердің 120 түрлері болады, соның біразының ішінен оба ауруының қоздырғышы табылған. Кеміргіштердің обамен ауырып, өлер алдында бүргелердің қан соруы көбейе түседі. Обаның қоздырғышты бүргенің ағзасында тез таралып, өсіп көбейеді, келесі қан сорарында кеміргіштерге, түйелерге және адамға жұқтырады.

Адамға обаның жұғу жолдары бірнеше: жұқпалы бургенің шағуы, ауру кеміргіштердің терісін алғанда жанасу арқылы және ауру түйелерді сойып, еттерін бөлгенде; тамақ арқылы — ауру түйенің еттерін жегенде; ауа-тамшы арқылы — өкпе түрімен ауырған түйелердің жанында болғанда.

Ауру белгілері

Оба ауруының жалпы келісілген топтастырылуна сәйкес (Руднев, 1936) адамның ауру белгілерінің түрлері төмендегіше аталады:

А. Көтпшілікті жергілікті түрі.

  1. Тері.
  2. Бубонды.
  3. Тері-бубонды. Б. Ішкі таралу түрі.
  4. Бірінші — септикалық.
  5. Екінші — септикалык, В. Сыртқы таралу түрі.
  6. Біріші — өкпедегі.
  7. Екінші — өкпедегі.
  8. Ішектегі.

Аурудың жиі кездесетіні бубонды түрі сирек — ішектегі.

Жасырып кезеңі бірнеше саға 10 тәулікке дейін, жиі — 3-6 күн.

Ауру кенеттен пайда болады. Ағзада өте тез ауыр жалпы улану кұбылыстары өседі. Қатты және көп рет қайталанған қалтыраудан соң дене қызуы 38Ә-39ӘС, кейде одан да жоғары көтеріледі. Аурулар бас еттерінің азаптаяып ауырғанын байқайды, кенеттен ұрынған сезімі, ауыр жағдайларда қорқыныш сезінеді. Беті және көзі қызарады. Тіл үлкейіп, бетіне ақ түседі және ауыз құрғақтанып сөйлеуіне қиыншылықтар туып, сөзіне түсінбейсіз. Көтеру және үрейлену басталады, елестеушілік, есінен тану ұлғая бастайды, төсектен атып тұрып қашқысы келеді. Жүру қозғалыстары бүзылады, сөзіде анық емес, қызарып мас адамның түріндей болады. Жүрек қан тамырларының жұмысы нашарлайды, жүрек 1 минутта 160 ретке дейін соғады, қан қысымы төмендейді. Осындай аурудың жалпы белгілерінен баска, қоздырғыштың ағзаға енген қақпасына лайықты белгілері болады. Жүректің әлсізденуімен қан айналысының нашарлануынан қайтыс болады.

Тері түрі

Аурудың бұл түрінде терінің бетінде бірінен соң бірі өзгерістер өседі: қызарған түйін, іріңсіз кішкене ісік, күлдіреуік — іші мөлдір не лай суға толған бөртпе, іріңді безеу соңыңда қабыршақ пайда болады. Іріңді безеудің ішінде қанды ірідге және обаның қоздырғыштарына тола болады. Келешекте жарылып, орнында жаралар калады. Жараның түбі ісіктеніп сары түрленіп, келе-келе қара түске қабыршанақтанады. Айналасы қызылданып, ісіктеніп, қып-қызыл белдік пайда болады. Обаның тері жаралары ұзақ ағымды және баяу жазылады да орнында тыртық калады. Обаның тері түрі ережедегідей тері — бубонды түріне өтеді.

Бубонды түрі

Негізгі аурудың белгісі бубон болып табылады. Қоздырғыштың кіретін қақпасының жанындағы лимфа түйікі қабынады. Ең бастағы белгісі бубонның пайда болған аумағы өте ауыршаң болады, нәтижесінде амалсыз жағдайға әкеледі (қолы тартылып, не аяғы, мойны т.б.). Бірінші тәртіптегі бірінші бубондар денеде ауру басталысымен бірінші күндерінде пайда болады. Өсіп келе жатқан бубон көлемі кішігірім, кенетген ауырып қатаяды. Лимфа түйіндерінің барлығы Қабынуымен оның айналасындағы өзектер қатайып, топтасып үлкейеді.

Келешекте бубондар тегіс таралыр кетуі, сияқты жұмсақ алуы немесе қасарып қатайып қалуы мүмкін. Бубонның тегіс таралуы бір айдың көлемінде болады және одан да артық уақытта. Бубон іріндеген кезде босап қамырдың жұмсақтығындай болады және де ортасы сұйықгалады. Бубон келешекте жаңылып, ішінен қанды ірің шығады. Бубон жарылған соң орнында көп уақытқа дейін жазылмайтын тесік ауыз пайда болады. Сол кезде екіншіжұқпалы асқынданып бездің өзімен қатар айналасындағы ұлпаларда ісінеді (аденофлегмона). Келешекте бубондар ағзаның көп жерлерінде де өсуі мүмкін. Көбірек қауіп туғызатын қолтық астындағы бубондар мен бұғананың үстіндегі және астындағы лимфа түйіндері мен емшектің қабынулары нәтижесінде екінші өкпе обасына соқтырады, кейіннен өкпе қабынады.

Бубон обасы асқынданып, ауру қоздырғышы бүкіл денеге таралып (сепсис), жиі жағдайда өлімге соқтырады. Бубонды түрінің қаһарлы асқындағаны екінші рет обаның менингитіне (ми қабықтарының қабынуы) әкеліл жеткізеді, әдетте бұл жағдайда өлімге әкеледі.

Оба ауруының басқа түрлеріде өте қауіпті, қиын емделеді. Бірақ, уақытылы ауру анықталып, тез жағдайда түрлі, жан-жақты емдеу жұмыстары жүргізілсе ауырған адамды аман сақтап қалуға болады.

Алдын алу шаралары

Екі жақтама жүргізіледі: бірінші — аурудың табиғи ошақтарында, екінші — ауруды таратпау жолында карантин қойылған елді мекен жайында.

Аурудың табиғи ошақтарыңда алдын алу жұмыстарын жүргізу арнайы обаға қарсы мекемелерге жүктеледі. Бұл жұмыстың ең маңыздысы оба ауруының қоздырғышын денесінде алып жүрген жұқтырушы болып табылатын кеміргішпен оның бүргесін тауып алу, бүрге арнайы ауру таратушы.

Кеміршекпен күресу (дератизация) және бүргелерді өлтіру (дезинсекция) үй інінде және кеміршектердің інінде жүргізу мәселелер аддын алу жұмыстарының міндетті түрі болып есептеледі.

Адамдарға вакцина ету жалпы эпидемиологиялық жағдайларға байланысты болады. Яғни тікелей ауру жұғу қауіпі төнер алдында аңшыларға, ауыл адамдарына және обаға қарсы мекемелердің қызметкелеріне вакцина етіледі. Біздің елімізде обаға қарсы құрғақ вакцина қолданылады.

Алдын алу шараларының ең бір маңыздысы ел арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады. Ауру малдардың, кеміргіштердің және бүргенің ауру таратқыштық маңызының қауіптілігін аудан көлемінде, ауылды мекендердің азаматтарына айтып, қалай сақтану жол арын түсіндіру қажет.

Оба ауруы түйелерінде

Сирек кездесіп тұрады. Түйеден басқа обамен есек, мысык шошқа, қой мен ешкілер ауырады. Лаборатория малдарынан теңіз шошқалары мен ақ тышқандарды қолдан ауыртуға болады. Ауру кеміргіштер даладағы шөптерге жұқтырады. Ол шөптерді жегеңде түйелерге жұғады. Аурудың қоздырғышын таратушы бүрге кеміргіштердің денесінде өсіп өнеді. Аурудың қоздырғышы бүргенің ағзасында өсіп өніп, бір жылға дейін сақталады.

Қорытынды

Жасырын кезеңі 3 күрнен 10 қүнге дейін. Ауру ағымы шұғыл және созылмалы.

Бүргенің шаққан жерінде 2-З ші күні ауыратын түйіндер пайда болады. Денедегі лимфа түйіндері екі еседей шошынады, басып қарасаңыз өтеаурулы екенін байқайсыз. Дене қызуы 39°-41,5°С дейін өседі. Көңілсіз, әлсіз, тәбеті және қүйіс қайтарымы бұзылған, тоқтамай іш өту, арықтау, жылдам жүрек соғу. Терінің, созылғыштығы бұзылған, жүні үрпиген, оңай жұлынады. Буаз түйелер іш тастайды. Өкпесі қабынғанда тез демалады, жөтеледі, мұрыңынан ағады. Жөтел жиеленеді, қаттырақ байқалады. Аурудың шұғыл ағымыңда 5-12 күндері жүрегінің нашарлығы үдейе түсуінен өледі. Кей кезде шұғыл ашмы созылмалыға өтеді. Бұл ағымның түрінде жазылу өте сирек.

Оба ауруымен ауырған түйені емдеуге рұқсат етілмейді. Ауырып жазылған түйелерде иммунитет пайда болады.

Ауру шыққан елді мекенге , қарағатағыбасқажерлеркарантинқойылады. Барлықтүйелересепке алынады.және вакцинаегіледі;ауырғажәнеауруға шылдығады мүмкінтүйелердіөлтіріп,жағыпжібереді. Вакцинаегу үшінРеспубликаныңауылшаруашылықминистрлігінің рұқсаты керек,егілгенненкейін 6 айдансоңқайталанады. Түйелераптасынабір реттері жүнініңарасындадуспенсебеді. Дустқа бүргеніөлтіретіндәріқосады. Кеміргіштердіөлтіреді. Барлық түйелердікүндекөріп, малдәрігерлікбақылауданөткізіпотырады. Егердеауырған ы не ауруымүмкіндегентүйелердібөліп,бөлек ұсталынады. Олтүйелерденобаауруынан,ажыратуүшінмалдәрігерлікзертханағанеобағақарысыстанцияларғақаныналыпжібереді. Осыаталғанжұмыстардыңарлығы арнайытігілгенобағақарап костюм киіліпатқарылады. Әркүніжұмыстансоңкостюмзарарсыздандырылады жәнекөтіріледі.

Пайдаланылғанәдебиеттер

  1. “Аса қауіпті вирустық жұқпалы аурулар” Төлемесов. Р. Шымкент 2004 ж.
  2. “Асақауіптібактериялықжұқпалыаурулар” Төлемесов, Шымкент 2004 ж.
  3. “Өмірқауіпсіздігін сақтау” Талқанбаев , Түркістан 2000 ж.
  4. “Азаматтық қорғаныс” Асылбеков , Тоқсейітов 1999 ж.
  5. “Өмірсүру қауіпсіздігі” Таженов Т., 2002 ж.

Сібір жарасы (түйнеме) – зооноз тобындағы жедел жұқпалы ауру. Ол дене қызуының көтерілуімен, лимфа жүйесінің зақымдалуымен және ағзаның ауыр түрде улануымен сипатталады. Сібір жарасы терілік, өте сирек ішектік, өкпелік және сепсистік формада өтуі мүмкін.

Сібір жарасын адамға жұқтырушы көз – үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбінесі жанасу арқылы (малды сою кезінде терісін түсіруде немесе мал терісін өңдеуде) және бактерияның спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін. Ал ауру адамнан адамға жұқпайды.

Сібір жарасының белгілері мен аурудың ағымы. Ауру көбінесі тері жамылғысын зақымдайды, сирек түрде ішкі мүшелерді де зақымдауы мүмкін. Инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік формада бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн. Дененің ашық жерлері зақымданады.

Лимфа түйіндерінің ұлғаюы болады. 2-3 аптаның соңына қарай қабыршақ түсіп, оның орны тыртықтанады. Карбункулдың ең көп ораналсатын жерлері – аяқ-қол, мойын және желке. Жергілікті қабыну процесі кезінде ағзаның жалпы улану белгілері болады. Әлсіздік, шаршағыштық, басының ауыруы, дене қызуы субфебрильдіден, 39-40ºС дейін көтеріледі.

Үрдістің сепсиске ұласуы қоздырғыштың тыныс алу, асқазан ішек жолдары арқылы енген жағдайында дамиды. Терілік формада оның сепсиске ұласуы сирек кездеседі.

Адамда ауру 90-95 пайызға дейін терілік формада болады. Терілік форма 80 пайыз жағдайда жеңіл түрде, 20 пайыз ауыр түрде өтеді. Дер кезінде емделмеген немесе кеш емделген терілік түрде өлім 5 пайызға дейін жетеді. Ішектік формада ауру ауыр уланумен, геморрагиялық энтероколитпен көрініс береді, үрдіс аз уақытта сепсиске ұласады. Өкпелік түрінде ауыр геморрагиялық плевропневмония дамиды. Өкпелік-ішектік формаларында өлім 80-100 пайызға дейін жетеді.

Аурудың бастапқы кезеңіндегі айтылған белгілер байқалған жағдайда науқас немесе оның жақындары оны міндетті түрде ауруханаға жеткізіліп медициналық көмекке жүгіну қажет. Дәрігерге дер кезінде қаралғанда және арнайы емдеу шараларын жүргізгенде дерттен толығымен жазылып кетуге болады.

Сібір жарасының ең тиімді алдын алу шарасы — жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Ауруға қарсы вакцинаны егу үй жануарлар мен ет комбинаттарында, мал шаруашылығында тұрақты жұмыс істейтіндерге, тері-жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдарға егіледі. Адам ағзасында Сібір жарасына төтеп бере алу қасиеті егуден кейінгі 12-14 күнде пайда болады да, 12 айға жуық сақталады. Егілген тұлғалар жұмысқа 2 аптадан соң ғана жіберіледі және жыл сайын екпе алып отырулары қажет. Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарлардың барлығын қамтуға тырысқан жөн.

Сонымен қатар осы аурудың жұқтырушы көзі ретінде үй жануарларында бақылауда ұстау қажет. Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарлардың барлығын қамтуға тырысқан жөн. Бүгінгі күнде егу жұмыстары жануарларды жоспарлы тексеруден өткізу кезінде ветеринарлық мекемелерде тегін жүргізіледі. Үй жануарларының иелері малдарды екпеге қатыстырмау — дерттің кең етек жайюына себепші болып, мұның салдарынан адамдар Сібір жарасына шалдығатынын естерінен шығармаса игі болар еді. Сібір жарасына қарсы вакцина егілгеннен кейін 10 күн ішінде жануар өліп қалса, оның терісін сыдыруға болмайды.

Ауру қоздырғыштары ағзадан тыс жерде тек ауаның әсерінен пайда болатынын ескере отырып, өлген жануардың терісін кесуге болмайды және өлексені аң-құстардың тасуына жол берілмеу керек. Себебі, мұның салдарынан жаңа ошақтар пайда болуы мүмкін. Өлген малды терісімен бірге өртеу немесе қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып арнайы орындар – мал көметін жерлерге өртеу үшін апару қажет. Ауру мал жатқан немесе сойылған орынға басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Аурудан сақтану мен оның белгілерін байқаған жағдайдағы әрекеттермен таныстыру мақсатында әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биофизика және биомедицина кафедрасының қабырғасынан құрылған хронобиология және хрономедицина орталығы студенттерінің ортасында арнайы ақпараттандыру шаралары үнемі жүргізіп, баспа сөз беттеріне зерттеу мақалаларын беріп халыққа ескерту жасап отырады.


2019 жылғы желтоқсан айында пайда болып, бүгінде дүние жүзін дүрліктіріп тұрған коронавирустың ресми атауы – Covid-2019. Індет Қазақстанға да жеткен соң, елде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, коронавирус мәселелері бойынша Telegram-бот іске қосылды.

Informburo.kz Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі бойынша Covid-2019 туралы жиі қойылатын сұрақтардың жауабын, дерттен сақтану жолын ұсынады.

Covid-2019. Бұл не?

Covid-2019 – коронавирустың осы уақытқа дейін анықталмаған жаңа түрі. Коронавирустар көбіне жануарларды зақымдайтын вирустар тұқымдасы болып табылады, бірақ кей жағдайда адамға да жұғуы мүмкін. Covid-2019 – коронавирустың адам ағзасына әсер ете алатын жетінші түрі.

Коронавирустың қаупі қандай?

Қалыпты жағдайда Covid-2019 жұқпасынан кейін асқыну қаупі жоқ. Бұл вирус:

  • 65 жастан асқан адамдарға;
  • бес жасқа дейінгі балаларға;
  • жүкті әйелдерге;
  • иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал.

Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда вирус өлімге әкеледі.

Covid-2019 симптомдары

Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен, дәрігерлер келесі симптомдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді:

  • дене қызуының көтерілуі, жоғары тепмература;
  • құрғақ қатты жөтел;
  • бастың ауруы;
  • кеуде тұсының ауруы;
  • ентікпе және тыныс алудың бұзылуы;
  • жүрек қағысының жиілеуі;
  • пневмония;
  • безгек;
  • мұрынның бітуі;
  • фарингит;
  • диарея.

Осындай симптомдарды байқасаңыз, 103 нөміріне хабарласып, бірден медициналық мекемеге хабар беріңіз. Әсіресе вирус тараған елдерден сапарлап келген болсаңыз, міндетті түрде тексерілген жөн.

Коронавирус қалай жұғады?

Коронавирус респираторлық жолмен жұғады.

Covid-2019 инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланыссаңыз, қауіпті дертке шалдығуыңыз әбден мүмкін. Инфекция ауру жұқтырған адамнан келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы беріледі. Бұл тамшылар заттардың бетіне, есік тұтқасына түседі. Ол заттарды ұстаған адам қолын жумастан көзіне, мұрнына немесе аузына тигізсе, ауруды жұқтырады. Сондықтан, коронавирусқа шалдыққан адамнан 1 метрден аса қашықтықта жүру маңызды. Қазіргі уақытта ғалымдар вирустың заттардың бетінде қанша уақыт тіршілік ететінін анықтауда. Вирус бір сағаттан бірнеше күнге дейін өміршеңдігін сақтай алады деген болжам бар. Сондықтан, вирусты өлтіру және олардың адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттарды қолдануға болады.

Коронавирустан қалай сақтану керек?

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекцияның алдын алуға беретін кеңестері:

  • Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу;
  • Микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі. Медициналық спирт те қолдануға жарайды. Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз;
  • Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
  • Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;
  • Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
  • Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
  • Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
  • Іссапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз;
  • Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
  • Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
  • Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;
  • Бөлмені жиі желдетіңіз;
  • Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;
  • Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;
  • Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
  • Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.

Профилактикалық 5 шара

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Карантинге кімдер жатқызылады?

Қазақстанның Бас санитарлық дәрігерінің "Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша шараларды ары қарай күшейту туралы" 2020 жылғы 4 наурыздағы №12 жаңа қаулысына сәйкес, Covid-19 коронавирустық инфекция бойынша қауіпті елдердің тізімі жасалды. 1А санатына жататын мемлекеттен келгендер міндетті түрде медициналық мекемеге оқшауланады. Қалғаны үй карантиніне жатады:

  • 1 А санаты – ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея, Италия;
  • 1 Б санаты – Франция, Германия, Испания;
  • 2 санат – Швейцария, Ұлыбритания, Нидерландтар;
  • 3 санат – Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филиппин, АҚШ.
Ескерту: Қазақстанның Бас санитарлық дәрігерінің 14 наурыздағы қаулысына сәйкес коронавирус бойынша қолайсыз елдер тізім өзгереді. Жаңа қаулы 17 наурыздан бастап күшіне енеді:
  • 1 А санаты – Иран, Италия;
  • 1 Б санаты – ҚХР, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Испания;
  • 2 санат – Австрия, Бельгия, Дания, Катар, Норвегия, Нидерландтар, БАӘ, Швейцария, Швеция;
  • 3 санат – Әзербайжан, Ұлыбритания, Ирак, Люксембург, Словения, АҚШ, Чехия, Жапония.

Үй карантинінде жатқан адамдар нені ескеруі керек?

Covid-2019-дың инкубациялық кезеңі 14 күнге дейін созылады. Дәрігерлер үйде оқшауланған науқастарға келесі кеңестерді ұсынады:

  • Үйден шықпаңыз;
  • Жабық есігі бар, жақсы желдетілетін бөлмеде жатыңыз;
  • Қажеттілік үшін бөлмеден шыққан жағдайда, маска киюді ұмытпаңыз;
  • Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз;
  • Қолыңызды жиі дезинфекциялаңыз, әсіресе тамақ ішер алдында тазалық шараларын қатаң сақтаңыз;
  • Қолды бір рет қолданатын қағаз майлықпен сүртіңіз;
  • Мүмкіндігінше бөлек гигиеналық бөлме пайдаланған жөн;
  • Үйге қонақтардың келуін шектеңіз.

14 күндік карантинге жатқызылған адам ол аяқталғаннан кейін де 10 күнге дейін телефон арқылы медқызметкерлердің бақылауында болады.

"Мифтерге сенбеңіз!"

Жаңа вирустық инфекциялар таралғанда әдетте күмәнді, жалған ақпарат таралады. Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус жайында танымал мифтердің жалғандығын хабарлады:

  • Қытайдан келген пошта қауіпті емес – хаттар мен сәлемдемелерден жаңа коронавирус жұқтырып алуға болмайды;
  • Үй жануарлары, мысықтар мен иттер Covid-2019 жұқтырушысы емес. Оған ешқандай ғылыми дәлел жоқ;
  • Пневмонияға қарсы вакциналар жаңа коронавирустан қорғамайды. Оған арнайы екпе қажет, оны дәл қазір ғалымдар әзірлеуде;
  • Сарымсақ, күнжіт майы, ауыз шаюға арналған сұйықтық немесе мұрынға арналған тұз ертіндісі вирусқа қарсы көмектесетініне еш дәлел жоқ;
  • Антибиотик коронавирусты емдеуге көмектеспейді. Егер вирус бактериялық инфекцияға әкелсе, дәрігеріңіз антибиотик тағайындауы мүмкін, себебі анибиотик бактериялық инфекцияны емдейді. Бірақ, ол коронавирустан емделуге көмектеспейді;
  • Коронавирустың алдын алатын не емдейтін дәрілер жоқ. Ғалымдар қазір сондай препаратты әзірлеумен айналысуда.

Әрбір адам өз денсаулығына жауапты болып, бірден дәрігерге жүгінуі керек. Медициналық көмек симптомдарды жеңілдетуге және аурудың әрі қарай дамуына жол бермеуге көмектеседі.

Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.