Эхинококкоз ж?не оны? алдын алу шаралары

Эхинококкоздар қоздырғыштары нәжіс ауыз механизмі арқылы берілетін, өкпенің және басқа ағзалардың жеке және көптеген қуысты ісіктермен бұзылуына әкелетін, организмнің аллергияға ұшырауымен, аурудың қатты асқынуы нәтижесінде көбінесе мүгедектікке және өлімге әкелетін, созылмалы түрде өтетін табиғи ошақтық биогельминтоздар.

Инвазияның қоздырғыштары әртүрлі болатын екі топқа бөлінеді: эхиноккоз (гидатиоздық немесе бір камералық эхинококкоз) және альвеококкоз (альвеолярлық немесе көпкамералық эхинококкоз). Бұрын екі түрдің де қоздырғыштары ересек кезінде ит және етқоректі жабайы жануарлардың денесінде, ал личинка сатысында – адам, әртүрлі, ауыл шаруашылық жануарлар, кеміргіштер мен жұп тұяқты тағы жануарлардың организмінде паразиттік өмір сүретін бір ғана Echinococcus granulosis деп есептелген. Неміс ғалымы Yogei зерттеулерінің нәтижесінде бұл аурулардың этиологиясының бөлек екендігі дәлелденді, ал К.И.Абуладзе олардың жекелігін анықтап , әрқайсысын бөлек топтарға бөлді.

Гидатидоздық эхинококкоз – қоздырғышы ауыз – нәжіс механизмі арқылы берілетін, созылмалы ауру түрде өтетін, өкпе және басқа да мүшелерді зақымдайтын зоонозды антропургиялық биогельмитоз.

Бұл кесел туралы естеліктер Гиппократтың еңбектерінде бар, ол суға толып, зардаптанған бауырды сипаттаған. Қоздырғышы – личинкалық сатыдағы E.granulosis. Эхинококпен альвеококтың ересек түрлері сыртқы көрінісі бойынша көп жағдайда ұқсас, тіпті соңғы жылдардағы ғылыми әдебиеттерде альвеококты көп камералы эхинококк деп атап келді, бірақ олардың құрылысының ерекшеліктері да бар.

Эхинокок ақ түсті, ұзындығы 0,5 см дейін кішкентай цестода. Денесі таспа тәрізді, кішкентай басында 4 сорғышы және 3-4 мүшелі 35-40 қармағы бар, мүшелердің ең соңғысы өте үлкен, 800-ге дейін жұмыртқасы болады.

Қоздырғышының морфологиялық ерекшеліктері мен тіршілік циклі. Эхинококтың ересегі иттің, мысықтың, сирегірек жағдайда – қасқырдың, түлкінің, шибөрінің, қорқаудың, сілеусіннің, койоттың, арыстанның аш ішегінің шырышты қабатына сорғыштармен және қармақтарымен жабысып паразиттік өмір сүреді. Паразит ішек ішііндегі заттармен денесі арқылы қоректенеді. олардың барлығы ақырғы иелері болады. Жұмыртқалары піскеннен кейін эхинококтың соңғы бунағы үзіліп, нәжіспен сыртқа шығады. Аралық иенің (адам, шошқалар және шөпқоректі – ауылшаруыашылық жануарлары ) ішегінде жұмыртқаның сыртқы қабаты ериді, босанған, онкосфера өзінің қармақтарымен шырышты қабатқа жабысып, оған енеді, содан кейін қанмен қақпалы көктамыр арқылы бауырға жетеді. Онкосфералардың бір бөлігі төменгі қуыс көктамырға барғаннан кейін өкпеге түседі, ал біразы үлкен қан айналымы шеңберіне түседі, сондықтан кез келген тін мен ағзада орналасуы мүмкін. Тіндерде онкосфераның дарвоцистаға (эхинококк кистасы ) айналуы 5 айға жуық созылады. Осы уақыттың ішінде кистаның диаметрі 5-20мм ге жетеді. Ларвоцисталар (эхинококтың личинкалық сатысы ) сұйыққа толған қапша тәрізді болады. Оның сиымдылығы уақыт өткен сайын 10л және одан да жоғары болуын мүмкін. Оның қабырғасы ішкі және сыртқы қабаттардан тұрады. Ие тіндерінің реакциясы нәтижесінде эхинокок кистасының төңірегінде қатты фиброздық қабық пайда болады. Ұрықтық қабаттан кішкентай ларвоцисталар қабығы қабығы қалыптасады, олардың ішінде ұрықтық сколекстер (бір қабықта жүзге дейін ) дамиды. Ересек сколекстер қабықтан шығып, сұйық ішінде еркін жүзіп, гидатидтік құм, дегенді құрады. Ұрықтық қабаттың ішінде сколекстерден жаңа туынды қабықтар шығады, Бөлінгеннен кейін оларда сұйықта еркін жүзіп жүреді. немефелік қабықтар да пайда болуы мүмкін. Эхинокок қапшасындағы сколекстер саны миллионға жетеді. Эхинококк личинкасының жыныстық жетілу мерзімі іске асу үшін жұқтырған күннен санағанда 4-12 жұма уақыт қажет болады.

Гименолепидоз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизоотологиясы (таралуы), эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз.

Дата добавления: 2015-02-22 ; просмотров: 28 | Нарушение авторских прав

Кіріспе

Кейінгі кезде эхинококкоз ауруы туралы жиі естуге болады. Алматы қаласы Алатау ауданы тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы бойынша 2014 жылдың 1-жартыжылдығында эхинококкоз ауруымен 6 жағдай тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 2 (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2013 ж. І ж.ж. – 7/2). Бұл эхинококкоз ауруының өткен жылмен салыстыр­ғандағы көрсеткіші 1 жағдайға төмендеп тұрғанын көрсеткенмен, аурудың қаупі азая қойған жоқ.

Эхинококкоз – жаппай таралған табиғи-ошақтық, созылмалы түрде өтетін гельминтоздар. Эхинококкоз личинкалары қан айналым жолдары арқылы бауырдың, өкпенің және басқа ағзалардың жеке немесе көптеген қуысты ісіктермен бұзылуына, аурудың қатты асқынуы нәтижесінде көбіне мүгедектікке және өлімге әкеледі. Инвазиямен жұқтырғаннан бастап клиникалық көріністер байқалғанға дейін бірнеше айлар, тіпті, жылдар өтуі мүмкін. Деректерге сүйенсек, осы ауру бойынша Қазақстан Республикасында – Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан облыс­тары эпидемиялығы өте жоғары аймақтарға жатады.

Адамға ауру 3 түрлі жолмен жұғады:

1) асқазан-ішектік (қайнатылмаған су арқылы, жуылмаған көкөніс, жемістер, лас қол арқылы);

2) тыныс жолдары (тыныс жолдары арқылы шаңмен бірге);

3) ашық жарақаттар арқылы.

Ауруды тудыратын құрт ең алғаш иттің, түлкінің, қасқырдың, ши бөрінің аш ішектерінде өмір сүреді де, нәжісімен сыртқа шығып, қоршаған ортаны ластайды. Сыртқа түскен эхинококк жұмырт­қалары қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына өте төзімді. Олар кепкен күйдің өзінде тіршілігін 12 күнге дейін сақтайды.Қалада эхинококк жұмыртқаларымен жиі ластанатын аймақтар саябақ, иттерді жиі қыдыртатын, балалар көп ойнайтын үй аулалары болып табылады. Ауылдық, қалалық жерлерде егер иттер байлаулы болмаса, (қаңғыбас иттер) кең аймақтар ластанады. Эхинококкозбен балалардың ауру қаупі өте жоғары, өйткені, олар итпен жиі ойнайды.Иттің тік ішегіндегі ересек эхинококтың тіршілік ұзақтығы 6 айдан 3 жылға дейін созылады, ал личинкалық түрі адам ағзасында бірнеше жыл өмір сүреді. Сондықтан ауру адам көп жылдар бойы өзінің ауру екенін сезбей жүре беруі мүмкін. Ауру белгілері эхинококк құртының қай ағзада орналасқанына байланысты. Бауыр эхинокок­козымен ауырған адамның оң жақ қабырғасының асты сыздап ауырып, ауыр тартып тұрады. Егер де өкпесі зақымданса кеуде тұсы сыздап ауырып, жөтел, демікпе пайда болып, кейде қан түкіруі мүмкін. Біртіндеп зақымданған ағзасы үлкейіп, эхинококк көпіршігі өседі. Ауру асқынған жағдайда, эхинокок көпіршігі жарылып, анафи­лактикалық шок дамуы мүмкін, паразиттер шашылып, басқа мүшелерге таралады (бауыр, өкпе, бүйрек, кейде ми).Инвазияның ең көп түрі – бауыр эхинококкозы – 70 пайыз, екінші орында өкпенің эхинококкозы – 20 пайыз. Ауру асқынбаған жағдайда көп жылдарға созы­лады және кездейсоқ анықталуы мүмкін (жоспарлы рентгенография) немесе мақсатты тексеру кезінде. Аурудан емдеудің бірден-бір жолы – хирургиялық ем.Эхинококкоздың негізгі профилактикасы инвазия көзін табу және инвазия көзін жою болып табылады. Инвазияның негізгі көзі болып саналатын иттерден жұқтырудың алдын алу, егер олар инвазияланған болса, гельминттерден тазарту (децельминтизациялау) және иттің ветеринардан алған паспорты болуы тиіс. Жеке бас гигиенасы: малды, итті ұстағаннан кейін, далада, бау-бақшада әртүрлі жұмыстарды атқарған соң қолды міндетті түрде сабындап жуу қажет. Әрдайым көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, ашық су қоймаларынан, құдықтан, бұлақтан алынған суды қайнатып ішкен дұрыс. Өлген малды арнаулы шұңқырға (скотомогильник) көму керек. Бау-бақшада, шаң-тозаң көтерілетін жерде жұмыс атқарғанда ауыз бен мұрынға төрт қабатты дәке маска киген жөн, өйткені, көтерілген шаңмен бірге эхинококкоздың және басқа да аурулардың қоздырғыштары адамның тыныс жолдарына енуі мүмкін. Балалалардың қаңғыбас иттермен ойнауы­на жол бермеу керек.Медициналық профилактика шаралары – ауруды ертерек табу үшін қауіпті топтағыларды (малшыларды, қасапхана қызметкерлерін, ит бағатын мекемелердің жұмысшыларын, хайуанаттар саябағы жұмысшыларын, эпидемиялық аймақ­тардағы балаларды) тұрақты зертханалық тексеру, аспаптық-иммунологиялық әдістер жиынтығын пайдалану – осы аталған іс-шараларды мұқият орындағанда ғана, аурудың алдын аламыз. Ол әрбіріміздің қолымызда екенін ұмытпайық!

Эхинококк (Echіnococcus granulosus) – таспа құрттың бір түрі. Денесі 3 – 4 буыннан тұрады, ұзындығы 2 – 6 мм. Бір камералы, дамуы жетілген Эхинококк – іші сұйыққа толы, сырты қабықты көпіршік. Таспа түріндегі сатысы кейбір етқоректі және жыртқыш сүтқоректілердің ащы ішегінде дамиды. Эхинококктың дернәсілі адамның, сүтқоректілердің (аралық иесі – қой, ешкі, сиыр, шошқа, солтүстік бұғысы, ит, мысық, үй қояны, тышқандар) әр түрлі ішкі органдарында (көбінесе бауыр, өкпе, бүйрек, талақ) паразитті тіршілік етеді. Ересек эхинококк (ұзындығы 0,5 см-дей) ит организміне түскеннен кейін 45 – 95 тәулік өткесін бірнеше бөлікке бөлінеді. Сыртқы ортаға шыққан бұл бөліктерден жұмыртқа пайда болады да, олар шөпті, топырақты, мал түгін, суды, т.б. ластайды. Жылдың ылғалды кезеңдерінде (күзде, қыста, көктемде) 3 айға дейін тіршілік қабілетін жоймайды. Аралық иесі организмінде жұмыртқадан онкосфера (кейбір таспа құрттардың жұмыртқасынан шығатын, пішіні шар тәрізді, алты ілмегі бар ұрықтық сатысы) дамиды. Ол ішек қабырғасынан өтіп, қан не лимфамен орган, тіндерге тарап, көпіршік тәрізді дернәсіл сатысына дейін дамиды. Эхинококк әсерінен пайда болатын ауруды эхинококкоз деп атайды. Ауру қоздырғышы негізінен иттен, аздап қасқыр, шиебөрі, түлкіден тарайды. Итке ауырып өлген мал өлексесін не ішек-қарын қалдықтарын жегенде жұғады. Адамға иттен жұғады. Адам ішегіне түскен эхинококк жұмыртқасы қан тамырына өтіп, одан қан арқылы бауырды, өкпені, т.б. ішкі органдарды зақымдайды. Адам эхинококкозбен ауырғанда әр түрлі белгілер байқалады. Мысалы, бауырды зақымдаса, адамның оң жақ бүйірі ауырып, әлсіздік, эхинококк өкпеге түссе, адам ентігіп, жөтеледі, түкірігінде қан пайда болады. Ауруды ауруханада емдейді.

Эхинококкоз –үй жануары арқылы тасымалданатын паразитті ауру. Паразит жануарлардың ішегінде бірнеше даму сатысынан өтіп, содан соң, жануарлардың нәжісімен жерге түседі. Жерге түскен жұмыртқалар онкосфералар деп аталады. Онкосфералар ауа температурасының өзгерістеріне берік әрі сыртқы ортаға бейімделгіш болып келеді. Балалар, көбінесе, үй жануарларымен қарым-қатынас кезінде, жануарлардың жүні, шаң-тозаң, су және т.б. арқылы жұқтырады. Егер, паразит тамақпен бірге ағзаға түссе, бауыр эхиноккозы, егер ауа арқылы тараса,өкпенің эхинококк өсіндісі дамиды.

Бауыр эхинококкозы - жиі кездесетін паразитті аурулардың бірі. Зақымдану жолы өкпе эхинококкозы сияқты, яғни алиментарлы жолмен, ішектен сіңіріліп қан арқылы таралады. Көбінесе бауырдың оң жақ бөлігінде кездеседі. Клиникалық көрінісі жалпы белгілермен жүреді: жалпы әлсіздік, мазасыздық, дене қызуының көтерілуі, тәбетінің төмендеуі. Сонымен қатар оң жақ қабырға астының ауырсынуы болады, ал егер эхинококк өте жақын орналасса, холецистит белгілерімен өтуі мүмкін. Талақ үлкейеді. Пальпация кезінде бауырдың тығыздалып өскенін, ірі кистаны байқауға болады. Ауырсыну белгісі қатты болмайды. Перкуссияда тұнық дыбыс естіледі. Қан талдауында эозинофилия, эритроциттің тұну жылдамдығының (ЭТЖ) жоғарылауы, лейкоцитоз, нейтрофильдің солға ығысуы, гипоальбуминемия және диспротеинемияның болуы мүмкін. Зәр талдауында аса үлкен өзгерістер болмайды. Науқасқа серологиялық сынамалар, профилактикалық рентгенограмма, томограмма, УДЗ өткізіледі. Сол сияқты бронхография, иммунологиялық әдістер де көрсетілімдер бойынша жасалады.

Эхинококкоздың қазіргі кездегі емі – хирургиялық. Көп қолданылатын әдіс бір реттік лапаротомия, торакотомия жасап, эхинококкоэктомияны орындау. Соңғы жылдары эхинококкэктомия үшін эндоскопиялық аппараттың көмегімен алып тастау әдісі жиі қолданылуда. Асқынуларға операциядан кейін бауырда немесе өкпеде қалған қуыстардың іріңдеуі, өттің, бронхтың жыланкөздері және қайталануы жатады. Эпидемиялық ерекшеліктерді ескере отырып емханада эхинококктың алдын-алу үшін келесі шараларды жүргізу қажет:

1. Эхинококктың жұғуын алдын-алу үшін бала-бақшаларда, мектептерде ата-аналарға дәріс сабақтары жүргізілуі керек. Газет, радио, теледидардан көп айтылып, жазылып ақпарат берілуі қажет.

2. Балаларды тазалыққа, жеке басының гигиенасын сақтауға баулу. Бөтен жануарлармен ойнамау.

3. Емханада эхинококктың ерте диагнозын қою және алдын-алу шараларына арналған дәрігерлік конференциялар өткізу.

Эхинококк өсіндісі – бұл паразиттің дамуындағы соңғы кезең болып табылады.Этиология. Жылауық кұрты өл-шемі 2 мм-см. Құрт өсіп-өнуі үшін, аң мен үй жануарларының ішіне түсуі керек.Эпидемиология. Ол көбінесе аңдар мен үй малдарынан, ит пен мысықтан жұғады. Бұл құрттар ит пен қасқырдың ащы ішегінде өсіп-өнеді де, солардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды. Аң терісін, ит пен мысықты ұстағанда жылауықтың құрты қолға жабысады. Қолды жумай тамақ ішкенде, ластанған өзендердің суын қайнатпай ішкенде құрт адамның асқазанына барып түседі.Патогенез. Асқазанға түскен құрттың ұрығы сыртқы қабығынан айырылып, ішек қатпарларына енеді. Содан қан тамырларына түсіп бауыр, өкпе, ми және басқа ағзаларға ұялайды. Бірте-бірте ұялаған жерінде жылауық құрты өнеді, өседі. Олар бір ұялы, көпұялы болып бөлінеді. Жылауық қалтасы бірте-бірте өсіп, аурудың белгісі біліне бастайды, құрт орналасқан органдардың қызметі бұзылады.Жылауықтың өрбуін екі кезеңге бөлуге болады. 1.Жасырын өрбуі. Науқастың аздаған қызуы көтерілуі мүмкін, субфебрилитет, қан аздық, лоқсып, тамаққа тәбеті төмендеп, асқазан түбі ауырып, ауырлық сезіледі. Кейбір науқаста бас ауырып, жөтеліп, ентігіп, кеудесі шаншиды, әлсіздік сезінеді. Жылауық құртының ұрықтары ағзада айлап, жылдап, көп белгі бермей жата беруі де мүмкін. Ал, кейде басқа дерттердің белгілері сияқты көрінеді, басқа дәрігерлерде емделіп жүреді. Жылауық құртының ауыр түрі. 1.Бауырдағы жылауық асқынғанда, а.) Жылауық қалтасының жарылуы, б.) Сар-ғаю, өт жолын жапқандықтан, в.) Жылауықтың іріңдеуі. 2.Өкпедегі жылауық асқынғанда а.) өкпедегі іріндік, іріңді плевра, б.) өкпеден қан кету. Бауырда көлемдері әртүрлі, іші мөлдір суға толған жылауық құрт ісіктері пайда болады. Адамның іші өтеді, асқазан, бауыр тұсы сыздап ауырады. Оң жақ қабырға астынан сыртқа қарай томпиған ісікті байқауға болады. Жылауық асқынып жарылғанда науқастың жағдайы нашарлайды. Жылауық қалтасы өт жолын жапқанда науқас сарғайып кетеді. Бауырдағы жылауық іріңдегенде ағзаның түгелдей улану қаупі басталады. Өкпедегі жылауық асқынғанда тыныс жолдарының, өкпенің, плевраның іріңдеп қабынуы болады. Өкпедегі тамырды сорып, жегідей жеп, өкпеден қан кеткенде өте ауыр жағдайға соқтырады.

Аурудың белгілері.

Көбінесе байқалмайды, эхинококк өсіндісі өкпені рентгенологиялық немесе бауырды ультрадыбыстық зерттеу кезінде анықталып жатады. Бауырдағы үлкен өсінділер іштің жоғарғы бөлігіне орналасады. Өсінді мида дамыған жағдайда бас ауруы, неврологиялық бұзылыстар байқалады. Сәбиде эхинококкоз ауруы анықталған жағдайда, барлық отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша емханада тексеруден өткізу қажет.Соңғы кездері Көп бейінді облыстық балалар ауруханасында жылына 10 науқасқа дейін бауыр және өкпе эхиноккозы бойынша ота жасалады (салыстырмалы түрде алғанда, 1995-2008жж. аралығында жылына 25 науқасқа дейін ота жасалған). Ота жасалған соң, науқастар емханадағы хирург маманымен диспансерлік есепке алынып, сызба бойынша ішек құрттарына қарсы ем қабылдайды, 2 жыл ішінде өкпені рентгенге түсіріп, бауырды ультрадыбыстық зерттеуден өткізеді.

Емі.

Таяу уақытқа дейін бауырға жасалатын операциялар эхинококк іріңін алумен және шеттік кесумен ғана шектелген еді. Қазіргі уақытта асқынған зақымдану жағдайында сегменттік кесу мен оң немесе сол жақ бөлікті алып тастау операциялары жасалады. Бауыр эхинококкозы асқынып кеткен және басқа органдары зақымданған науқастарды емдеуде қуыстарды лазермен өңдеу тәсілін қолданылады.

андай алдын алу шараларын қолға алу қажет?

Бірінші кезекте, жеке гигиенаға, әсіресе, қол тазалығына аса көңіл бөлу қажет. Екіншіден, үй жануарларын, ауылдық жерлерде ірі қара малды ішек құрттарынан тазарту шараларын атқару қажет. Жануарлар уақытылы ветеринарлық тексеруден өткізіліп, олардың қалдықтары жойылуы, жануар өнімдері жеткілікті мөлшерде термиялық өңдеуден өткізілуі қажет (флюорография, ультрадыбыстық зерттеу).Ветеринарлық қызметтің жұмысын жақсартып, үй жануарларының эхиноккоз ауруын жұқтыруын бақылауға алу, бұралқы иттер мен мысықтардың санын азайту, тұрғындардың өмір сүру дағдысын, санитарлық білімі мен жеке гигиенаны сақтау мәдениетін арттыру қажет.Бірінші кезекте, жеке гигиенаға, әсіресе, қол тазалығына аса көңіл бөлу қажет. Екіншіден, үй жануарларын, ауылдық жерлерде ірі қара малды ішек құрттарынан тазарту шараларын атқару қажет. Жануарлар уақытылы ветеринарлық тексеруден өткізіліп, олардың қалдықтары жойылуы, жануар өнімдері жеткілікті мөлшерде термиялық өңдеуден өткізілуі қажет (флюорография, ультрадыбыстық зерттеу).Ветеринарлық қызметтің жұмысын жақсартып, үй жануарларының эхиноккоз ауруын жұқтыруын бақылауға алу, бұралқы иттер мен мысықтардың санын азайту, тұрғындардың өмір сүру дағдысын, санитарлық білімі мен жеке гигиенаны сақтау мәдениетін арттыру қажет.

Жылауық құрт кеселі (эхинококкоз) - адам мен мал ағзаларына құрт ұрықтарының түсуінен пайда болатын дерт. Ол көбінесе аңдар мен ауыл шаруашылығы малдарынан, ит, мысықтардан жұғады. Көзге әрең көрінетін жылауық құртының ұзындығы 2 мм ден 1 см-ге дейін болады. Олар иттің, қасқырдың, түлкінің аш ішегінде өсіп өнеді де, солардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды және қоршаған ортада ұзақ уақыт өсу қабілетін жоғалтпай сақтайды. Бұл құрттар адам ағзасына аң терілерін пайдаланғанда, ит пен мысықты ұстағанда қолға жабысады да қолды жумай тамақ ішкенде, бұлақтар мен өзен суларын қайнатпай ішкенде адам ағзасына түседі.

РЕКЛАМА





Эхинококкоз – эхинококтың ленивтік кезеңінің паразиттік шабуылы, ішкі ағзаларға ағып кету (бауыр, өкпе, жүректер, ми және dоктор.) және оларда гидратидті цисттардың пайда болуы. Ерекше эхинококкоз симптомдары әлсіздікті қамтиды, қатерлі ісік, уақытша температураның көтерілуі; нақты сипаттамалары паразиттердің орналасуына байланысты және жергілікті аурулармен ұсынылуы мүмкін, айнуы, сарғаю, жөтел, фокальды неврологиялық симптомдар, кардиальгия, аритмия және т.б. Эхинококкоздың диагностикасы аспаптық зерттеулерден алынған деректерге негізделген (Рентген, сцинтография, Ультрадыбыстық, CT) және серологиялық сынақтар. Эхинококкозды хирургиялық емдеу.

Эхинококкоз



Эхинококкоз – шестодоз гельминт ауруы, онкосфера сатысында эхинококтың адам денесіндегі паразитизммен байланысты. Әлемдегі эхинококкоздың ең жоғары деңгейі Австралияда байқалады, Жаңа Зеландия, Солтүстік Африка, Оңтүстік Америка, Оңтүстік Еуропа, Орталық Азия. Ресейде гельминтоз Волга аймағында орын алады, Орал, Ставрополь және Краснодар өлкесі, Батыс Сібір, Қиыр Шығыста. Эндемикалық аймақтарда эхинококкоздың пайда болуы 5-10-ға жетеді%. Эхинококкоздың таралуы мал шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Бұл фактіні ескере отырып, эхинококкоз түрлі ішкі мүшелерге әсер етуі мүмкін, және жалғыз радикалды емдеу хирургия болып табылады, ауру Toracoabdominal хирургиясы үшін қызығушылық тудырады, нейрохирургия, жүрек хирургиясы.

Эхинококкоздың себептері

Адам эхинококкозы Echinococcus granulosus гауһарлы сатысында туындайды — лауреат. Жыныстық жетілген құрттардың соңғы иелері — бұл жануарлар (иттер, түлкі, қасқырлар, арыстандар, сілеусін және т.б.), ішекте цестодтарды паразиттеу. Адам, үй жануарлары мен жабайы шөптер (ірі қара мал, шошқалар, жылқылар, бұғы, elk және басқалар.) личинка сатыларының аралық иелері, сонымен қатар биологиялық өлген соңы болып табылады, себебі олар эхинококк жұмыртқаларын қоршаған ортаға шығармайды және шабуылдың көзі бола алмайды.

Ересек эхинокок – бұл ұзындығы 2 гильминт бар,5-8 мм және ені 0,5-10 мм, төрт соратын және екі ілгегі бар басы бар, мойын және бірнеше сегменттер. Кемелденген сегменттерде эхинококк жұмыртқалары бар және алты крючок личинка эмбрионы бар. Онкосфера көптеген температурада өмір сүреді (-30 дан°Қайдан +30°С), топырақта бірнеше ай сақталады, бірақ көп ұзамай күн сәулесінен өледі. Қорытынды хосттың ішектерінен сыртқы қоспасы бар жұмыртқалар сыртқы ортада шығарылады. Эхинококкозбен ауыратын адамдар алиментарлы болып келеді (көкөніс пен жемістердің ластанған нәжісін пайдалануда, сулар) немесе байланыс арқылы (жануарларды кесіп немесе жануарлармен байланыста болған кезде, эхинококкпен ауырады). Адамдар эхинококкоздың жоғары тәуекеліне ие, мал шаруашылығы және жануарларға күтім жасаумен айналысады (малшылар, аңшылар, қасапхана қызметкерлері және т.б.).

Эхинококкоздың патогенезі

Адам асқазан-ішек жолында ас қорыту ферменттерінің әрекеті кезінде жұмыртқа мен онкосфераның қабығы еріп, личинка шығады. Ілгектердің көмегімен ішектің шырышты қабығына салынған, онда ол веноздық айналымға және портал жүйесіне кіреді. Бактерияға көп мөлшерде қойылған; кейде төменгі вена кавасы арқылы оң жақ жүрекке енеді, және сол жерден – Өкпенің өкпесінде және өкпесінде. Сирек кездесетін өкпе тамыры мен жүректің сол жақ бөліктері арқылы эмбриондар үлкен айналымға түседі және кез келген органға енгізілуі мүмкін: миы, көкбауыр, бүйрек, бұлшық ет және т.б. Шабуыл нәтижесінде шамамен 70-80% бауыр эхинококкозының дамуы, 15 жаста% — өкпе эхинококкозы, басқа жағдайларда басқа органдардың зақымдануы орын алады.

Эхинококк эмбрионының белгілі бір органда болғаннан кейін паразиттердің везикулярлы немесе гидратидті сатысы басталады. Эхинококальды мочевина — бұл кист, қос қабатты, ішкідан тұратын (жұлдыру) және ашық ауада (хитин) қабаттар. Кист көлемі баяу өсуде (Айына шамамен 1 мм), алайда жылдар өткеннен кейін ол үлкен болуы мүмкін. Гидратидтің ішіндегі мөлдір немесе ақшыл опалентальды сұйықтық бар, онда қызы мен скобалар жүзіп шығады. Эхинококтың баланың көпіршіктері құрылуы мүмкін және қылшықтың қақпағынан тыс болуы мүмкін; олардың жалпы саны 1000-ға жетуі мүмкін.

Эхинококкоздың көріністері паразиттік антигендердің сезімталуы және орган мен тіндерге арналған кистің механикалық қысымымен байланысты. Эхинококтың паразитизмі метаболизм өнімдерінің шығарылуымен бірге жүреді, бұл кешіктірілген түрдегі мастерияның және аллергиялық реакциялардың дамуына әкеледі. Кист толық жарылған жағдайда оның мазмұны пульралға немесе іш қуысына енеді, бұл анафилактикалық шокты тудыруы мүмкін. Енгізілген эхинококк кистасы қоршаған ортаның құрылымына қысым жасайды, зардап шеккен органның функциясын бұзады. Кейбір жағдайларда миокардтың күйдіруі дамиды; кем дегенде, эхинококтың қайтыс болуы және қалпына келуі.

Эхинококкоздың белгілері

Эхинококкоз жыл және онжылдықтар бойы симптомсыз болуы мүмкін; клиникалық симптомдар жағдайында патоменонитарлық белгілер жоқ. Денедегі паразиттің оқшаулануына қарамастан, эхинококкоз дамуы үш сатыда жүреді: I — асимптоматикалық, II — клиникалық көріністердің сатысы және III — асқыну кезеңі. Жасырын кезеңнің барысы онкосфераның матаға енген сәттен бастап басталады және ол әлі күнге дейін жалғасады, эхинококкоздың алғашқы клиникалық белгілері пайда болғанша дейін. ІІ кезеңдегі науқастарда цистты оқшаулау учаскесінде ауырсыну байқалады, әлсіздік, қатерлі ісік, пруритус, сондай-ақ нақты белгілері бар, бұл органның ішіндегі циста эхинококты паразиттеуден туындаған. Күрделі эхинококкоз кезеңінде перистонит дамуы кезінде ішектің немесе плацевтік қуыстың ішіндегі кистиннің бұзылуы және мазмұны бұзылуы мүмкін, плеврит. Гидратидті цисттің қалыңдығы жоғары безгегімен қосылады, ауыр уыттану. Ағзалар мен тіндердің күйреуі обструктивті сарғаюды тудыруы мүмкін, асцит, шашырау, патологиялық сынықтар.

Бауырдың эхинококкозына жүрек айнуының шағымдары сипатталады, аппетит жоғалту, қайталанатын диарея, дұрыс гипохондриядағы ауырсыну мен ауырсыну. Гепатоспленомегалияны объективті анықтады; кейде бауырдың эхинококтық кистасы дөңгелек тығыз қалыптастыру түрінде пальпацияланады. Өткір жолдың кистасының қысылу жағдайында механикалық сарғаю дамиды; Портал венасының қысылуы асцит жасайды, портал гипертониясы. Екінші бактериалды флораның қосылуы бауырдың абсцессінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Бауыр эхинококкозының ең ауыр асқынуы — абдоминальды клиниканың дамуымен цисттің перфорациясы, перитонит және ауыр аллергиялық реакциялар. Бұл кезде эхинококтың таралуы орын алады, нәтижесінде қайталама эхинококкоздың дамуы бірнеше оқшауланған.

Өкпенің эхинококкозы безгегімен жүреді, интоксикация синдромы, кеуде ауыруы, жөтел, гемоптиз. Өкпенің ұлпасындағы кистаның қысымы өкпенің ателектазының пайда болуына әкеледі. Мочевина бронхтан өтіп кеткен кезде күшті жөтел пайда болады, цианоз, жиі — Аспирациялық пневмония. Өкпе эхинококкозының өте қауіпті асқынуы — бұл пиловарда және перикардиядағы циста серпінділігі, бұл анафилактикалық шокқа әкелуі мүмкін, ортастинаның өткір ауысуы, жүрек тампонасы және кенеттен өлім. Эхинококтық цисттің инфекциясы өкпе абсцессінің қалыптасуымен бірге жүреді.

Мидың эхинококкозының пішіні гипертониялық синдроммен және фокус неврологиялық белгілермен сипатталады (сезімталдықтың бұзылуы, аяқтың парездері, эпилепторды тәркілеу). Жүректің эхинококкозы кеуде ауырсынуына байланысты, стенокардияға ұқсас. Коронарлық артериялардың кисталарының қысылуы миокард инфарктісін тудыруы мүмкін. Ритммен және өткізу бұзылулары жиі кездеседі: қарыншалық тахикардия, пакеттік блоктың толық емес және толық блокадалуы, толық жүрек блогы. Жүректің эхинококкозымен науқастың қайтыс болуы қатерлі аритмия болуы мүмкін, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек тампонасы, кардиогенді шок, TELA, постемальды өкпе гипертониясы және т.б .;.

Эхинококкоздың диагностикасы

Эхинококкоз дұрыс анықталған эпидемиологиялық тарихқа ықпал етеді, жануарлармен тығыз байланыста болғанын көрсетеді, инфекцияның эндемділігі. Егер эхинококкоздың локализациялануы күдік туғызса, серологиялық қан сынағы тағайындалады (ELISA, RNIF, Rnga), эхинококқа белгілі бір антиденелерді анықтауға мүмкіндік береді. Сынақтардың ерекшелігі мен сезімталдығы 80-98 жетеді%. 2-ге жуық/3 жағдай — тері аллергиясының ақпаратын тексеру — Казони реакциясы.

Эхинококкоздың аспаптық диагностикасының ауқымы ультрадыбысты қамтиды, Рентген, томография, радиоизотоптық әдістер. Бауыр эхинококкозы гепатобилиарлық жүйенің ақпараттық ультрадыбыстық кезде, целиак магистральының ангиографиясы, Бауыр миы, сцинтография, диагностикалық лапароскопия және т.б. Өкпенің эхинококкозын анықтау өкпенің және кеуде қуысының рентгенографиясын береді, бронхоскопия, диагностикалық торакоскопия. Мидың эхинококкозының жетекші диагностикалық әдістері CT немесе MRI болып табылады. Егер жүрек жеткіліксіздігі күдікті болса, эхокардиография орындалады, коронарлық ангиография, қарыншығару, Жүректің МРИ. Эхинококк кистегі қуыс мүшелердің люмині арқылы өтетін кезде, паразиттердің ккаласы зерттелген он екі елу ішекті мазмұннан табылуы мүмкін, балшық. Сондай-ақ, бұл жағдайда бронхографияны жүзеге асырады, холецистография, холангиография бұзылады. Эхинококк кистасы альвеококкоздан сараланған болуы керек, бактериялық абсцесс, непаразитикалық этиологияның кисталары, бауыр ісіктері, өкпе, ми және т.б.

Эхинококкозды емдеу және алдын алу

Эхинококкоздың радикалды емі тек хирургия арқылы мүмкін болады. Эхинококкектомияны жүргізудің ең жақсы жолы – хитин қабығының тұтастығына зиян келтірместен кистаны емдеу. Үлкен мочевой көпіршік болған кезде, интроперациялық пункция алдымен мазмұнның ұмтылуымен орындалады. Қалдық қуысы антисептикалық ерітінділермен мұқият өңделеді, қосылды, құрғатылған немесе тығыз бекітілген. Операция кезінде эхинококты таратуды болдырмау үшін мочевинаның мазмұнын қоршаған тіндерге түсіп кетудің алдын алу маңызды. Өкпенің эхинококкозы жағдайында кист шығарудың мүмкін еместігі болмаса, клинкадағы резекция орындалады, лобептомия, пневмонектомия. Мұндай тактика бауыр эхинококкозында қолданылады. Егер бауырдың эхинококкальді кистасының бөлінуі техникалық мүмкін болмаса, шетінен шыққан, сегменттік, бөлшектік резекция, Гемиэпэтактомия. Алдын ала және кейінгі кезеңде празиквантелмен антипаразитикалық терапия тағайындалады, альбендазол, мебендазол.

Гидратидті кисталарды радикалды алып тастау және қайта инфекцияның болмауы жағдайында прогноз қолайлы болып табылады, эхинококкоздың қайталануы болмайды. Іс-әрекеттегі 1-2 жыл ішінде scolex тарату кезінде аурудың қайталануы көптеген эхинококтық көпіршіктердің пайда болуымен және нашар болжаммен көрінуі мүмкін. Адамдардың басып кіруін болдырмау шаралары ветеринарлық бақылау және жануарлардың денсаулығы болып табылады (иттерді мерзімді дегельминтамациялауды жүргізу, қойларды вакциналау, малдың және гигиеналық жағдайдың жақсаруы. д.). Аңшылар, малшылар, ит иегерлеріне эхинококкоздың инфекциясының қаупі туралы хабарлау керек, жеке гигиена қажеттілігі. Ауру, эхинококкозбен ауырады, жыл сайынғы серологиялық зерттеулермен 8-10 жыл бойы бақыланады, ультрадыбыстық және рентгендік зерттеу.

Жамбыл облысында эхинококкоз , альвеококкоз, токсокароз дардың таралуы: оның ерекшеліктері, мал шаруашылығына және адамдарға келтірер залалы

Үкібаева Л.О., Құлқаева Л

Ит және ит тұқымдастарына жататын басқа да жабайы етқоректі жыртқыштар адамдар мен ауылшаруашылық жануарларының ларвальді цестодоздарының, соның ішінде эхинококкоз ауруының басты жұқтырушысы болып табылады. Аталған инвазия иттерге мал сойған кездегі жарамсыз деп тасталған эхинокок беріштерімен залалданған ішкі мүшелерді жеу арқылы жұғады, ал бұл жағдай көбінесе тұрғын үйлер аулаларында, фермаларда және жайылымдарда мал сою кезінде орын алады.

Иттерде тіркелген гельминттердің 82 түрінің 32 түрі адамдарда, ал 26 түрі ауылшаруашылық жануарларында паразиттік тіршілік ете алады екен.

Отандық және шетел әдебиеттерінің мәліметтері бойынша 30-шы жылдардың басында иттерде паразиттік тіршілік ететін гельминттердің 125 түрі тіркелген.

Қазақстанда иттердің гельминтозооноздары мен басқа да ішек гельминтоздарын зерттеумен К.И. Скрябин, В.Т. Рамазанов, Н.Т. Кадыров сияқты көптеген ғалым - гельминтологтар айналысты. Қазақ ССР аумағында гельминттердің барлығы 27 түрі тіркелген, олардың 5 түрін трематода, 10 - цестода, 11 – нематода және 1 түрін – акантоцефалдар құрайды.

Мал сою пунктерінің, мал өлекселерін тастайтын орындардың (немесе олардың болмауы) антисанитарлық жағдайы эхинококк паразиттерінің иттер мен ауылшаруашылық жануарлары арасындағы айналымына мүмкіншілік жасайды. Иттердің эхинококтармен жаппай жұқтырылуы негізінен өлексе тастайтын арнайы орыны жоқ және малдәрігерлік бақылау нашар жүргізілетін жаздық жайылымдарда орын алады. Бұл ретте ең көп жұқтырылған болып ферма маңы иттері саналады.

Ғалым- гельминтологтар жасаған зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда иттерде гельминттердің 38 түрі, қасқырларда гельминттердің 27 түрі, түлкілерде - 32 түрі, қарсақтарда - 26 түрі және шибөріде 7түрі тіркелген, олардың 85%-дан астамы ит тұқымдастарының асқазан-ішек жолдарында тоғышарлық етеді.

Эхинококкоз адам және ауылшаруашылық жануарларының паразиттік аурулары ішінде кең тарағаны және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан үлкен зиян тигізетін бірден-бір дерт болып табылады. Бұл инвазия клиникалық ағымы ауыр өтуі салдарынан әлеуметтік тұрғыдан маңызды болып есептеледі, өйткені ол кез келген мүшені зақымдауымен, организмді аллергизацияға ұшыратуымен және ауыр асқынуларымен, кейде мүгедектікке, өлімге соқтыруымен сипатталады.

Адам эхинококкозы Канада, Сардиния, Марокко, Алжир, Тунис, Иордания, Кувейт және тағы басқа мемлекеттерде кездеседі. ТМД елдері ішінен Литвада, Қазақстанда, Қырғызстанда кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Халықаралық эпизоотологиялық бюро эхинококкозды бірінші кезекте жойылуы тиіс аурулар қатарына жатқызғанын атап өткен жөн.

Көптеген алыс шетел және ТМД елдерінде соңғы жылдары эхинококкоздың эпидемиялық және эпизоотологиялық жағдайы күрделене түсті. ДДСҰ-ы мәліметтері бойынша аурудың ұзаққа созылуы (10-15 жыл) салдарынан бір науқастың эхинококкозбен ауруы қоғамға 10 мың АҚШ доллары көлемінде зиян келтіреді. Эхинококкоз әлемнің әр жерінде әртүрлі инвазия экстенсивтілігімен тараған. Айталық, әр жылы 100 мың тұрғынға шаққанда: Мароккода - 6,5-7,8; Алжирде - 3,4; Тунисте - 16,5; Иорданияда - 15-тен жоғары; Кувейтте - 3,6 тұрғын осы дертке шалдығады.

Әлемнің көптеген мемлекеттеріндегі эхинококкоз ауруына шалдыққан науқастар санының өсуі эхинококкоз мәселесінің өзектілігін айқындай түседі.

Қазақстанда адам эхинококкозы кеңінен таралған. Біздің республикамыз маңыздылығы жыл сайын өсіп жатқан эхинококкоз ауруы бойынша эндемикалық аймақтар қатарына жатады. Айрықша эпидемиологиялық қиын жағдай республикамыздың оңтүстік және батыс аймақтарында сақталып отыр, өйткені осы аймақтарда жыл сайын 400-ден көп адамға хирургиялық стационарларда операция жасалынады, бұл республика бойынша тіркелген бүкіл эхинококкоз оқиғаларының 70%-дан астамын құрайды.

Халықтың эхинококкозбен ауыруының жоғары деңгейде болуының басты себебі ауру ит пен ауылшаруашылық жануарларының кесірі екені даусыз, өйткені кейбір шаруашылықтарда олардың инвазиялануы көп жылдар бойы жоғары деңгейде қалып отыр және 40-80%-ға жетеді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2005-2009 жылдар аралығында Қазақ ғылыми-зерттеу институтының паразитология зертханасында және Жамбыл облысының шаруашылықтарында жүргізілді.

Жануарлар мен адамдарға қауіпті гельминтоздардың диссеминациясындағы үй етқоректілерінің эпизоотологиялық және эпидемиологиялық рөлін Жамбыл облысының түрлі аймақтарындағы әр түрлі мақсатта пайдаланылатын 34 итті 1%-ды бромсутекті ареколин ерітіндісімен 0,5 мл/кг дозада диагностикалық дегельминтизациялау арқылы анықтадық. Ареколин бергеннен соң бірінші және екінші дефекациядан кейінгі шыққан гельминттерді нәжістерден бөліп, жуып-шайдық. Жиналған паразиттердің түрлері анықталып, инвазия интенсивтілігі, экстенсивтілігі және көптік индексі есептелді.

Етқоректілер гельминттер фаунасын жануарлардың ішек-қарын жолдарын толық гельминтологиялық К.И. Скрябиннің зерттеу әдісімен анықтады. Түлкінің ішек-қарын жолдарындағы гельминттердің түрлік құрамын 2005-2006 және 2006-2007 жылдар аралығында Жамбыл облысындағы кәсіпқой аңшылардың қыс мезгіліндегі аулаған 42 бас түлкісін сойып зерттеу арқылы анықтады.

Жамбыл облысындағы ең көп таралған 9 түрлі кеміргіштердің ( қызылқұйрық және к іші құмтышқан, ү лкен қосаяқ , күмістүсті тоқалтіс, қырғыз тоқалтісі, тянь-шань сары тоқалтісі, су тоқалтісі, сүйірбасты тоқалтісі, орман қарақасы) гельминтер фаунасын жалпы қабылданған толық гельминтологиялық сою әдістерін қолдана отырып анықтады. Кеміргіштер Геро қақпаны арқылы ауланды. Жұмыс альвеококкоздың негізгі аралық иесі болып табылатын аталмыш кеміргіштердің залалдануын анықтау мақсатында екі ландшафтта – тауда (1500-4000м теңіз деңгейінен жоғары) және далалы ландшафты басым тау етекті аймақта жүргізілді.

Қарындағы заттар реттік шаю әдісі арқылы зерттелді. Ащы ішекті шажырақайға бекітілген қарама-қарсы жақтайына қарай ұзына бойы жан-жағымен қоса тілдік және бинокулярлы лупа көмегімен гельминттердің бар-жоғына зерттелді. Зерттеу мөлшерінде эхинококтар мен альвеококтар табылмаған жағдайда матрикстан іріктеліп алынған барлық тұнбаларды қосымша тексеру жасадық, сонымен қатар ішектің шырышты қабығынан алынатын қырындының мұқияттылығы қадағаланды. Сою нәтижесінде жиналған цестодаларды 70° спиртте, ал нематодаларды Барбагалло сұйықтығында, акантоцефалдарды формалиннің 3%-дық сулы ертіндісінде консервіленді. Цестодаларды квасцтық карминмен бояған соң анықталды, нематодаларды анық көрінуі үшін глицерин сутегі ерітіндісінде ағартыңқыратылды.

Репрезентативтік қатемен есептелінген инвазия экстенсивтілігі және көптік индексі (соңғысы қарапайым орташа арифметикалық формула бойынша анықталады) Стьюденттің t критериясы көмегімен салыстырылды. Инвазияның экстенсивтілігін мына формуламен анықталды:

мұнда: р - дарақтардың залалдану үлесі;

m - зарарланған дарақты саны;

n - іріктеу көлемі.

Репрезентативтіктің іріктелген қатесін мына формула бойынша есептелді:

Көптік индексін мына формуламен анықталды:

å xi - аталған таңдаудағы гельминт түрінің жиынтық саны;

n - иені іріктеу көлемі .

Токсокароз адамда сирек кездесетін ауру болып табылады, медициналық әдебиеттерде ол туралы мәліметтер жоқтың қасы. Кең таралғанына, ауыр клиникасына және патологияда, әсіресе балаларда, маңызды рөліне қарамастан тәжірибе өтуші мамандар токсокароз туралы аз біледі және клиникасына қарамастан одан сирек күдіктенеді. Статистикалық мәліметтер тек Ресей бойынша бар, ал Қазақстан бойынша жоқ. Ресейде мемлекеттік статистикалық бақылауды енгізгеннен бері токсокорозбен ауыратын науқастар саны 1991-1999 жылдар аралығында 15-тен 641-ге дейін ұлғайған, оның ішінде балалар арасында 9-дан 447-ге дейін оқиғалар тіркелген. Ауру саны жыл сайын, әсіресе Ресейдің ауылдық жерлеріндегі балалар арасында өсуде.

Токсокарозды жұқтырудың көзі тек инвазияланған иттер болып табылады, ал адамдар ешқашан ауру таратпайды. Токсокароз кезіндегі эпидемиологиялық процесс иттер арасындағы эпизоотологиялық процесске толық тәуелді болады. Адам ішегінде токсокаралар басқа адамдарды немесе жануарларды жұқтыру үшін жетілген инвазиялық элементтерді бере алмайды. Синантропты ошақтарда адам үшін инвазия ошағы ретінде топырақты нәжістерінен шыққан токсокар жұмыртқаларымен бүлдіретін иттер болып табылады. Инвазияланған адамдар инвазия көзі бола алмайды, өйткені адам организмінде толық жыныстық дамыған токсокаралар түзілмейді және пропогативті (жұмыртқа) сатылары бөлінбейді, бірақ аскаридаттармен адамдардың ауруы көбнесе мүгедектікпен, тіпті өліммен де аяқталуы мүмкін. Тіпті адам нәжісімен токсокара жұмыртқалары бөлінсе де, оларда қалыптасқан дернәсіл болмайды және олар инвазиялық жағдайға дейін дами алмайды. Адамдардың токсокарозбен ауыру деңгейі статистикалық мәліметтерде көрсетілгеннен әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Бұл дәрігерлердің (жұқпалы ауруларды емдейтін және педиатрлар) аурудың клиникалық ерекшеліктерін және токсокароздың зертханалық балау әдістерін, оның ішінде серологиялық диагностикасын аз білуімен түсіндіріледі.

Эхинококкоз, токсокароз және альвеококкоз эпидемиологиясы осы гельминтозооноздардың жануарлар арасында, әсіресе, үй және жабайы ет қоректілер мен кеміргіштер арасындағы айналымымен байланысты.

Үй етқоректілерінің гельминтоздарының эпидемиологиялық және эпизоотологиялық жағдайын анықтау үшін Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы 314 итке бромсутекті ареколинді қолдана отырып диагностикалық дегельминтизация жасалды. Оның ішінде Тараз қаласының шеттеріндегі 48 жеке сектор иттері, 50 иесіз қала иттері, Жамбыл облысы ауылдарынан 84 ит және пәтерде ұсталынатын 32 қала иттері (негізінен ұсақ декоративті текті иттер) болды.

Диагностикалық дегельминтизация нәтижелері бойынша Жамбыл облысы иттерінің гельминттерінің түрлік құрамына 7 құрт түрі, оның ішінде 5 цестода, 2 нематода түрі кіреді. Цестодалардың 4 түрі: Echinococcus granulosus, Multiceps multiceps, Taenia hydatigena, Taenia pisiformis, және Dipylidiidae тұқымдасына жататын Dipylidium caninum түрі Taeniidae тұқымдасына жатады. Нематодалардан екі аскаридата түрлері, яғни Toxocara canis және Toxascaris leoninа тіркелді. Белгіленген гельминт түрлері ішінен эпидемиологиялық маңызы жоғары болып эхинококк, токсокара және дипилидиялар саналады. Альвеококк не қала, не ауыл иттерінде байқалмады, дегенмен теориялық тұрғыдан бұл цестода түрімен жұқтырылу ықтималы бар екенін жоққа шығаруға болмайды.

Эхинококпен залалдану көбінесе қала жеке секторларындағы күзетші шынжырда байлаулы иттерде байқалды (ИЭ 6,25 ± 3,49%, КИ 13,17 ± 7,14 экз., ИИ 210,67 экз.), кішкене төменірек - Тараз қаласы шеттеріндегі иесіз иттерде (ИЭ 4,0 ± 2,77%, КИ 6,24 ± 4,31 экз., ИИ 118,5 экз.) және ауыл елді мекендеріндегі иттерде (ИЭ 6,95 ± 2,77%, КИ 8,51 ± 5,83 экз., ИИ 143,0 экз.) кездесті. Пәтерде ұсталынатын қала иттерінде эхинококк басқа тениидалар секілді мүлдем кездеспеді. Қаңғыбас иттердің эхинококтың таспалы сатысымен жұқтырылуының негізгі жолдары тағам қалдықтарынан табылған жануарлардың ішкіліктерімен қоректену болып табылады, ал ауылдық және қаланың жеке үйлерінде ұсталынатын иттерді аталмыш инвазиямен залалданған малдардың ет қалдықтарымен қоректендіргенде орын алады. Эхинококкоздың негізгі алдын-алу шаралары: малдардың сойылуының орталықтандырылуы мен зақымдалған ішкі мүшелерді утилизациялау, иттерді тұрақты түрде дегельминтизациядан өткізу, егістікті тек компостирленген нәжістермен тыңайту, топырақпен және жануарлармен жұмыс жасағанда жеке гигиена шараларын сақтау болып табылады.

Барлық жағдайларда асырауда тұрған үй иттері аскаридаталары ішінен Toxocara canis басым келеді, субдоминантты түрі ретінде Toxascaris leoninа саналады. Токсокарамен жұқтырылу деңгейі көбінесе қаладағы қаңғыбас иттерде (ИЭ 24,0 ± 6,04%, КИ 1,42 ± 0,39 экз., ИИ 5,92 экз.), төменірек - пәтерде ұсталынатын ұсақ декоративті иттерде (ИЭ 25,0 ± 7,65%, КИ 0,94 ± 0,41 экз., ИИ 3,75 экз.), қала жеке сектолары иттерінде шамалы төмен (ИЭ 14,58 ± 5,09%, КИ 0,996 ± 0,32 экз., ИИ 6,14 экз.) және ауыл иттерінде өте төмен кездесті (ИЭ 7,14 ± 2,91%, КИ 0,43 ± 0,22 экз., ИИ 6,0 экз.). Бұл ретте иттердің токсокарамен инвазиялану интенсивтілігі барлық шарттарда бірдей, бұл көрсеткіштің едәуір төмендеуі тек пәтер иттерінде паразиттің біраз тараған кезінде байқалады. Бәлкім осы шарттарда ит ішегінде токсокаралардың цестода түріндегі антогонистері болмайды, (ал бұл нематодалардың көбеюіне әкеліп соғады), дегенмен тұрақты түрде жасалған дегельминтизация шаралары паразиттер санын едәуір төмендетеді. Адамдардың токсокароздармен жұқтырылу мүмкіншілігі иттер арасындағы эпизоотиялық процеске байланысты: инвазияның кері жолы – адамнан жануарларға, немесе адамнан адамға жұғуы мүмкін емес. Токсокароздың Қазақстанда өте сирек кездесуі, бәлкім, бұл ауру диагностикасының шектеулі мүмкіншіліктерімен байланысты болар. Аурудың эпидемиологиялық жағдайын бақылау үшін Жамбыл облысы және жалпы республикада әртүрлі шарттарда ұсталынатын иттердің инвазияны жұқтыру дәрежесін және үй жануарларының адамдармен байланысу деңгейін анықтау қажет.

1 . Реджепов А., Тайматов Р.Ш., Агапович Ж.А., Степанов Д.Ф. К гельминтофауне плотоядных и жвачных животных //Ж. Ветеринария.- М., 1972

2 . Токпанов С.С. Гельминтозы собак г. Акмолы //Вестник науки Акмо- линского сельскохозяйственного института. – Акмола 1996 № 4

3. Гаврилов А.А. Распространение гельминтов собак в ряде областей Казахстана Алма-Ата, 1973

4. Бессонов А.С. Эхинококкозы – биология возбудителей, эпизоотология, профилактика и борьба //Ветеринария.- М., 1999

5. Беляев А.Е., Константинова Т.Н. Эхинококкоз.- М., 1980

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.

Copyright © Инфекционные заболевания

Читайте также:
  1. Фасциолез, жұғу жолдары, таралуы, клиникасы, диагнозы, күресу шаралары.