Дракункулез ауруын тудыратын ж?мыр ??рт


Балаларда кездесетін құрт аурулары

Бір ұрғашы жұмыр құрт күніне шамамен 200 мың аналық тұқым шығарады. Қыруар мөлшердегі жұмыр құрт тұқымы үлкен дәретпен сыртқа шығарылып, дәретхана, топырақ арасына кең таралып, көкөніске, азық-түліктерге, жалпы тұрмыстық ортаға кең таралады. Тазартылып жуылмаған көкөніс, жеміс-жидек, шыбын үймелеген азық-түлік, шылап сүріленген көкөніс, т.б. бәрінде жұмыр құрт тұқымы болады. Сол арқылы адам денесіне кіреді. Тазалық нашар болғанда айталық, қол тазалығына көңіл бөлінбегенде, тамақтың алдында, дәреттен соң қолды жумағанда, қолға жұққан жұмыр құрт тұқымы тамақпен ілесе ішке кіреді.

Жұмыр құрт ішінара салмақты қосымша ауруларды да тудырады:

1) Өт жолының жұмыр құрт ауруы. Жұмыр құрт үңгіп кіру ерекшелігіне ие. Айталық, жұмыр құрт өт жолына үңгіп өт жолының жұмыр құрт ауруын тудырады. Бұл кезде науқас баланың ұстамалы түрде оң жақ үстіңгі құрсағы қатты бұрап ауырады. Бұрап ауырғанда бала бажылдап жылап дөңбекшидәі, әредік-әредік бәсейеді.

2) Жұмыр құрт сипатты бауырдың іріңді ісігі. Жұмыр құрт бауырдың ішіндегі ұсақ өт жолдарына үңгіп кіреді, бактерияны ілестіре жүріп, бауырдың іріңді ісігін тудырады, бұл кезде науқасқа шалдыққан баланың қызуы өрлеп, бауыры ісінеді, бауыр төңірегі ауырады.

3) Жұмыр құрт сипатты соқыр ішек өсіндісінің қабынуы. Жұмыр құрт соқыр ішекке үңгіп кіріп, соқыр ішек өсіндісінің қабынуын тудырады. Іріңдетеді, тіпті тесіп жібереді. Науқас бала қызады, оң жақ астыңғы құрсағы ауырады, құсады.

4) Жұмыр құрт сипатты ішек бітелу. Жұмыр құрттар оңай топтасып түйдектеліп алады, егер құрсақта жұмыр құрт көбейіп кетсе, түйдектелген бойы ішекті бітеп қалады да жұмыр құрт сипатты ішек бітеулін тудырады. Науқас адамның құрсағы қатты ауырады, іші кебеді, жел шығармайды, үлкен дәреті келмейді, құсады. Осы салмақты қосанжар аурулар жиі кезігетін хирургиялық жедел аурулар есептеліп, шұғыл операция жасауға тиісті болады, егер дер кезінде емдемегенде өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан кішкентай ғана жұмыр құрттың өзі үлкен зардап тудыратынын естен шығармай, оған немқұрайлы қарамау керек.

Жұмыр құрттың алдын алу үшін тамаша тазалық әдетін қалыптастыру керек. Тамақтан бұрын, дәреттен кейін қолды жуу, тырнақты үнемі алып тұру, жеміс-жидектерді, сондай-ақ көкністерді шикі жеуден бұрын жуып дизенфекциялау, сүрленген көкөністерді ең жақсысы пісіріп жеу керек. егер бала жұмыр құртпен инфекцияланған болса, шипагердің нұсқауымен дер кезінде емдету тиіс.

Ішек құрты – адамдардың ішегінде паразиттенетін ұсақ құрт, оның ұзындығы 1-2 см болып келеді. Өте жіңішке, ақ жіпке ұқсайды. Ішек құрты ауруына шалдыққан баланың анусы қышуы ішек құрттың тіршілік ерекшелігімен қатысты. Ішек құртының жұмыртқасы азық-түлікке араласып, желініп кеткен соң, жуан ішекте жетіліп, жетілген ішек құртына айналады. Жетілген ұрғашы ішек құрты жуан ішектен анус төңірегіне жылжып барып жұмыртқалайды. Түнде адам ұйықтап 1-2 сағаттан соң, анус бұлшық еті күндізгіге қарағанда босайтындықтан ішек құрты анустың сыртқы төңірегіне жиналады. Бір жолда бірнеше немесе неше ондаған ішек құрты бір уақытта анустан өрмелеп шығады, бұл кезде анустың төңірегіндегі тері тітіркенуден қышиды. Мұндай жағдайда балалар шыдай алмай қасынады, бұл кезде құрт жұмыртқасы саусаққа жабысып алады. Егер қолды таза жумағанда ішек құртының жұмыртқасы оп-оңай ішке кетіп, қайталай инфекцияланады. Бұдан сырт құрт жұмыртқасы киім-кешекке, орын-көрпеге, үй жабдықтарына жабысу арқылы тағы да басқаларға жұғады.

Ішек құрты емдеу жазуға болатын ауру. Дәрі ішіп, құрт түсіруде жақсы өнім береді. Алайда ішек құртының тіршілік ерекшелігіне қарай ол өз-өзімен қайта жұғымданады. Мысалы, дәрі ішкенде құрт жойылғанымен, қолымызға, көрпе-жастыққа жұққан ішек құртының жұмыртқалары қайталай жұғымданады. Сондықтан дәрі ішіп құртсыздандырумен қатар қайталай жұғымданудың да алдын алған жөн. Ішек құртының өмірі төтенше қысқа болады. бір ішек құрты адам денесінде тек 2-4 аптадай өмір сүріп, денеден сыртқа шығарылғанда өліп қалады. Егер жеке тазалық жақсы істелсе, оның өзімен өзі қайта жұғымдануының алды алынса, дәрі ішіп емделмей-ақ бір ұрпақ ішек құрты бір ай шамасында өздігінен жоғалады. Демек, ішек құрты ауруын жоюда сақтануды негіз ету тиіс.

Ішек құрты ауруынан сақтанудың жолдары:

Ішек құрты ауруына шалдыққан бала қасынған кезде ішек құрты жұмыртқаларын саусақтарына ілестіріп алып, оны көрпе-жастық арқылы басқаларға жұқтырудан сақтану үшін, ұйықтаған кезде балаға ауы ашық сым кигізбеу керек. Әр күні іш киімін ауыстырып тұру, сондай-ақ, қайнаған сумен іш киімін дизенфекциялау арқылы алдымен ішек құртының жұмыртқаларын жойып, одан соң іш киімін жуған жөн. Төсек кірлік, көрпе-жастықтарды үнемі жуып, жел қақтырып күнге жайып тұру керек. Ойыншықтарды да 6-8 сағат күн нұры түсіп тұратын жерге қою арқылы құрт жұмыртқаларын жою тиіс. Әр күні таңертең бала орнынан тұрған соң қолын тазалап жуып, ішек құртының жұмыртқаларымен жұғымданудың орайын азайтуымыз керек


Дракункулез – гельминтная инвазия, вызываемая круглым червем - риштой, паразитирующим в межмышечной ткани и подкожной клетчатке. Клинические симптомы дракункулеза включают аллергические реакции (крапивницу, удушье), лихорадку, опухание суставов, жгучую боль, образование эритемы, пузырей и язв в месте выхода паразита из-под кожи. Диагноз дракункулеза подтверждается обнаружением головной части гельминта на дне язвы и серологическими исследованиями (РНИФ). Лечение дракункулеза предполагает осторожное извлечение гельминта из подкожной клетчатки путем поэтапного наматывания на марлевый валик, прием противогельминтных и антигистаминных препаратов.

МКБ-10


Общие сведения


Причины дракункулеза

Ришта, или Dracunculus medinensis является круглым гельминтом (нематодой) нитевидной формы. Самки червя достигают длины 30-120 см, самцы - 12-30 мм. Взрослые особи паразитируют в организме человека, реже - животных (хищников, обезьян, собак, кошек). Самки ришты отрождают личинок, которые заглатываются пресноводными рачками-циклопами, выступающими промежуточными хозяевами гельминта. В организме циклопов личинки претерпевают линьку и через 4-14 суток достигают инвазивной стадии.

Заражение человека дракункулезом происходит при заглатывании воды, содержащей инвазированных циклопов. В ЖКТ окончательного хозяина зрелые личинки (микрофилярии) проникают через кишечную стенку и мигрируют по мягким тканям в межмышечное пространство. Здесь через 3-4 месяцев паразиты достигают половой зрелости. После оплодотворения самцы возбудителя дракункулеза погибают (обызвествляются в мягких тканях или рассасываются), а самка продолжает расти и мигрирует в подкожную клетчатку. Достигнув своим головным концом кожного покрова, самка выделяет специальный секрет, под действием которого на коже человека образуется псевдофурункул, а затем происходит разрыв кожи. Через дефект кожных покровов выпячивается матка гельминта; при соприкосновении с водой она разрывается, и наружу выходит тканевой экссудат, содержащий мелкие личинки паразита. Одна самка выделяет в водную среду до 3 млн. личинок, после чего погибает.

Длительность паразитирования ришты в теле человека может достигать 18 месяцев. Попав в воду, личинки заглатываются циклопами – так начинается новый цикл развития гельминта. Дракункулезом чаще болеют мужчины различных возрастных групп; женщины и дети младшего возраста заражаются реже. Обычно у человека развивается инвазия одним гельминтом, однако описаны случаи множественного дракункулеза с одновременным паразитированием 17 и даже 50 гельминтов. Заболеваемости дракункулезом способствует антисанитария, отсутствие водопровода и канализации, употребление сырой воды из открытых водоисточников. Загрязнение водоемов личинками гельминта может происходить при заборе воды, купании, ритуальных омовениях. Патогенные эффекты при дракункулезе обусловлены сенсибилизацией организма продуктами жизнедеятельности паразита, механическим травмированием тканей и наслоением вторичной инфекции.

Симптомы дракункулеза

Стадия клинических проявлений наступает спустя 9-14 месяцев после заражения. Обычно дракункулез заявляет о себе развитием аллергических реакций (крапивницы, кожного зуда, приступов удушья, одутловатости лица), головокружения, тошноты, рвоты, лихорадки. Отмечаются локальные отеки мягких тканей в месте расположения гельминта, припухание суставов, регионарный лимфаденит.

Через 8-10 дней после развития общей симптоматики в месте будущего выхода самки ришты на поверхности кожи появляется эритема и плотный инфильтрат, из которого затем формируется волдырь. Этот пузырь заполнен желтоватой жидкостью, содержащей лейкоциты, эозинофилы и личинки гельминта. Через несколько дней пузырь вскрывается с отторжением некротических масс и образованием язвы. Из-под кожи появляется головной конец самки паразита. Эти процессы сопровождаются нестерпимым зудом и жгучей болью, которые немного стихают после контакта с холодной водой. Именно этот факт заставляет больных дракункулезом искать спасения от мучительных симптомов, окунаясь в водоемы. При погружении пораженных частей тела в воду происходит массовый выход личинок и обсеменение водоема.

Излюбленная локализация ришт – подкожная клетчатка нижних конечностей (голеней, лодыжек), реже - верхних конечностей, живота, спины, ягодиц, мошонки, молочных желез и других участков тела. При неосложненной форме дракункулеза язвенный дефект кожи быстро заживает. Если в организме паразитирует единственный гельминт, то через 4-6 недель клинические проявления дракункулеза стихают, и заболевание заканчивается выздоровлением.

Осложнения

Характер осложнений дракункулеза зависит от локализации ришты и присоединения вторичной инфекции. Течение дракункулеза может осложняться артритами, синовитами, контрактурами и анкилозами суставов, а в случае наслоения бактериальной инфекции - абсцессом, флегмоной мягких тканей, гангреной конечности, сепсисом. Описаны случаи перикардита, плеврита, эпидидимита, орхита, столбняка, обусловленного предшествующей инвазией риштой.

Диагностика и лечение дракункулеза

В эндемичных районах заподозрить дракункулез у больных позволяют характерные кожные проявления, пальпация под кожей шнуровидного образования, обнаружение на месте разрыва волдыря переднего конца ришты. При помещении гельминта в воду происходит выделение личинок, которых можно рассмотреть при микроскопии. Также обнаружить личинки ришты можно в отделяемом из вскрывшихся пузырей. Обызвествленные паразиты могут выявляться при рентгенологическом исследовании тканей. С целью подтверждения диагноза дракункулеза возможно проведение внутрикожной аллергической пробы, серологических исследований (РНИФ). Клинические проявления дракункулеза необходимо отличать от фурункула, абсцесса, флегмоны.

После появления гельминта из-под кожи извлечь его можно путем наматывания на марлевый валик или палочку. Во избежание обрыва гельминта делать это следует осторожно и постепенно, прекращая извлечение при появлении ощущения сопротивления. Обычно за один прием удается извлечь 5-10 см нитевидного паразита - в этом случае процедуру повторяют на следующий день. При обрыве гельминта производится его хирургическое удаление. Предварительное проведение курса противогельминтной терапии при дракункулезе препаратами метронидазол, ниридазол, тиабендазол облегчает извлечение погибшего паразита. Также показано назначение антигистаминных, кортикостероидных, а при бактериальных осложнениях - противомикробных препаратов. Заболевшим дракункулезом вводится противостолбнячный анатоксин.

Прогноз и профилактика

Дракункулез имеет длительное течение, приводящее к утрате трудоспособности на продолжительное время. При неосложненной форме гельминтоза исход благоприятный; в случае развития вторичных осложнений прогноз может быть вариабельным. Борьба с дракункулезом проводится в двух направлениях путем воздействия на основного и промежуточного хозяина. Первое направление включает лечение больных, повышение санитарной культуры населения эндемичных очагов, совершенствование системы водоснабжения и улучшение условий жизни. В рамках воздействия на промежуточного хозяина ришты необходимо проведение обработки водоисточников пестицидами, уничтожающими циклопов.

Жұмыр құрттар – денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндіктер. Олардың көлденең кесіндісі дөңгелек, денесі үш қабаттан тұрады. Көпшілігі дара жынысты. Жұмыр құрттар денесінің ішкі қабырғасы мен ішегінің аралығында түтік тәрізді қуыс болады. Денесінде қуыс алғаш осы ағзаларда пайда болғандықтан, олар алғашқы қуыстылар типі деп те аталған.

Қуысқа толы сұйықтық сыртқы ортамен байланыспайды. Қуыста ішкі мүшелер еркін орналасып, біріне-бірі тәуелсіз жұмыс атқарады. Құрт денесіндегі қуыс пен сұйықтық денедегі барлық жасушалармен газдың алмасуына да қатысады.



1 – ішексорғының аналығы; 2 – ішексорғының аталығы.

Жұмыр құрттардың сан алуандығы

Жұмыр құрттардың денесі екіжақты симметриялы. Көпшілігі паразиттік жолмен тіршілік етеді. Денесі буылтықтарға бөлінбегендіктен, бұл типке жататын құрттар жұмыр құрттар деп аталған. Дүние жүзінде жұмыр құрттардың 20 мыңға жуық түрі тіршілік етеді деп есептеледі. Бұлар бірнеше класқа бөлінеді. Біз тікенбасты, бауыркірпікшелі, жұмыр құрттар, зымырақтар, қылқұрттар класының өкілдеріне тоқталамыз.

Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Жұмыр құрттардың денесі сірқабықпен (кутикула) қапталады. Ауыз қуысы денесінің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі – артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері жоқ. Сондықтан жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды. Олар денесін тек жан-жағына ғана ие алады.

Жұмыр құрттарда тынысалу және қантарату жүйесі болмайды. Бұлар – дара жынысты жәндіктер. Олардың қосжыныстылары да кездеседі. Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді. Дернәсілін тірі туатын да түрлері бар. Өсімдік тамырында ауру тудыратын паразит жіпшеқұрттар (қант қызылшасының жіпшеқұрты – свекловичная нематода) шаруашылыққа орасан зор зиян келтіреді.


Жіпшеқұртпен зақымданған қант қызылшасы.

Жіпшеқұрттардың барлығы өсімдік паразиті болып табылады, олардың мөлшері 1 миллиметрден аспайды. Жұмыр құрттар адамға және жануарларға зиян келтіреді, тері астында (суыртқы – ришта), бұлшықеттерде (трихинелла), ішекте (ішексорғы, үшкірқұрт) паразиттік әрекет жасап, ауруға ұшыратады. Ішексорғының ұзындығы (жылқы ішексорғысы) 18 сантиметрге дейін, (кит ішексорғысы) 8 метрге дейін жетеді.

Көбінесе жасөспірімдер мен балалардың аш ішегіне үшкірқұрт (аскарида) орнығады. Ол – паразит құрт. Үшкірқұрттың екі ұшы да сүйірленген, дене тұрқы 20 см шамасында болады. Оның түсі ақшыл немесе сарғыш болып келеді. Ішексорғы екі сүйір ұштарын қадап, ішекте тіршілік етеді.

Ішексорғының алдыңғы ұшында аузы, соңғы бөлігінде аналь тесігі (артқы тесік) болады. Аналь тесігінен кейінгі дене бөлігі құйрық деп аталады. Ішексорғының аузында үш ерін бар. Құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып, зақымдаған жерінен қан сорады. Оның денесі тығыз қабықшамен – кутикуламен қапталған, кутикуланың астында ұзын салалы бұлшықеттері болады. Көлденең салалы бұлшықеттері жоқ. Сондықтан ішексорғы денесін жиыра, қысқарта алмайды. Оның денесі созылмайды. Пішінін өзгертпей, тек жан-жағына иіледі.

Ішексорғының денесін қаптаған тығыз қабықша – тері-бұлшықет қапшығы деп аталады. Асқорыту және басқа мүшелері тері-бұлшықеттің астындағы сұйықтыққа толы қуыста орналасады.

Ішексорғының қорегі ауыздан түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек үш бөліктен құралады: алдыңғы, ортаңғы және соңғы. Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы сорып, дене қуысын толтырып тұрған сұйықтыққа жеткізеді. Дене жасушалары қоректі сіңіреді. Қорытылмай қалған қорек қалдығы дененің соңғы бөлігіндегі аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.

Ішексорғыда қантарату және тынысалу мүшелері болмайды. Ол таспа құрттар тәрізді тыныс алады.

Жұмыр құрттардың жүйке жүйесі жалпақ құрттарға ұқсас. Сезім мүшелері өте нашар дамыған, дененің алдыңғы жағында, терідегі ойықта химиялық сезім мүшесі болады. Ішексорғыда көз болмайды.

Ішексорғылар – дара жынысты жәндіктер. Аналығынан аталығы қысқа болады және аталығының құйрық бөлігі ішке қарай имектеніп тұрады. Ішексорғының аналығында – екі жұмыртқабез, ал аталығында бір аталықбез орналасады. Ұрықтанған жұмыртқалар ішекке бөлініп шығып, қорытылмаған тамақ қалдығымен бірге сыртқа шығып қалады. Ондай ортаға түскен жұмыртқалар (олардың саны 200 000-ға дейін жетеді) бірнеше күннен соң дернәсілдерге айналады. Осылай дамыған жұмыртқалар қолдың кірі және жуылмаған көкөністерден адамның аузына түседі. Одан ішекке өтеді. Ішекте жұмыртқаларды жарып, дернәсілдер ішектің қабырғасына қадалады. Сөйтіп бөсір (аскаридоз) ауруы пайда болады, ішексорғы бөлген улы заттардан ішектің қызметі бұзылады.

Дернәсілдер қанмен бірге өкпеге де енуі мүмкін, ондайда қақырық бөлініп, адам жөтеледі. Қақырықпен бірге ішексорғының дернәсілі ауызға түседі. Адам жұтынғанда ішекке барады. Енді ол даяр азықпен қоректеніп, жетіледі. Үш айдан соң ересек ішексорғы жұмыртқалайды.

Дене пішіні біржасушалы қарапайымдарға ұқсас жұмыр құрт түрлері – қылтыңбас, зымырақ, құрсақкірпікшелі құрттардың маңызы зор. Өйткені олар бактериялар, біржасушалы жәндіктер, балдырлармен қоректенеді. Сонымен бірге оларды шаяншалар, балық шабақтары, балықтар қорегіне жаратады. Жылқының құйрық қылына ұқсас шумақталған жіңішке (тұрқы 1 м) жұмыр құрт қылқұрт деп аталады. Оның адамға ешқандай зияны жоқ, алайда ол бунақденелілердің денесінде паразиттік тіршілік етеді.

Денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндік:

Тынысалу және қантарату жүйесі болмайтын құрт:

Ішексорғы денесін қаптаған тығыз қабықша

Үшкірқұрттың аузы орналасады?

Жұмыр құрт денесі?

Ішексорғының денесін қаптаған тығыз қабықша?

Аяқта суыртқы пайда болуының алғашқы белгілері қандай?

Как организовать дистанционное обучение во время карантина?

7- сынып биология қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мұғалім : Абдраманхан Ербол

Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкір құрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы.

Оқушыларға жалпақ құрттарды естеріне түсіре отырып, Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкір құрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызыбілу

Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі. - Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады. Жұмыр құрттардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызын, пайда-зиянын талдай алады.

Биология оқулығының әдістемесі, Э лектронды оқулық,суреттер, маркер,постер, А3 форматты қағаздар

Оқушылармен амандасу, жоқтама жасау

Түстер бойынша топқа бөлу. І-Жұмыр құрттар.ІІ- Жалпақ құрттар.ІІІ-Буылтық құрттар, топ басшысын сайлау.

Бағалау парағынмен тарату. Критериймен таныстыру

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (оқушылар бір-бірінің қолдарын ұстап жмияды.)

САБАҚТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ Мұғалімнің іс-әрекеті

І- Үй тапсырмасын сұрау.

1. (Ыстық орындақ) әдісі бойынша

1.Эктодерма мен энтодерма аралығындағы аралық жасушалы қабат қандай?

2.Сірқабық қандай қызмет атқарады?

3.Зоология ғылымының паразит құттарды зерттейтін саласы қалай аталады?

4.Кірпіешелі құрттың негізгі өкілі?

5.Ақ сұламаның сыртқы қимылына қандай бұлшықеттер қатысады?

7.Жалпақ құрттар типінде ішекқуыстыларда болмаған қандай жаңа жүйе пайда болды?

8.Ақ сұламаның сезім мүшелері нелер?

9. Жалпақ құрттардан сақтану шаралары туралы не білесіңдер?

10. Бауырсорғыш жалпақ құрттар типінің қай класына жатады?

Төрт сорғышпен қармақшалар басында,

Етпен бірге қосылады асыңа,

Шала піскен етті жесең байқамай,

Қауіп – қатер туғызады басыңа. (Цепені)

Кірпікшелер көп денесін қаптаған,

Су ішінде тыным тауып жатпаған,

Екі құлақ, екі көзі тағы бар,

Осы құрттың атын өзін тауып ал (Ақ сұлама)

Жалпақ пішін жалпақ ұрт,

Ұнатпайды оны жұрт.

Ағзадағы қанды қорек етеді,

Әр топ кезкепен жауап береді

Жаңа ақпарат, жаңа ұғым: Электронды оқулық тыңдау

Тақырыпқа деген қызығушылығын ояту

Жұмыр құрттар туралы не білгіміз келеді

Құрттар туралы не білдім

Жұмыр құрттар – денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндіктер..Денесінде қуыс алғаш осы ағзаларда пайда болғандықтан, олар алғашқы қуыстылар типі деп те аталған.

Қуысқа толы сұйықтық сыртқы ортамен байланыспайды. Қуыста ішкі мүшелер еркін орналасып, біріне-бірі тәуелсіз жұмыс атқарады. Құрт денесіндегі қуыс пен сұйықтық денедегі барлық жасушалармен газдың алмасуына да қатысады.

Жұмыр құрт денесі үш қабаттан тұрады. Бірінші ең сыртқы қабат – сірқабық . Екінші ортаңғы қабат – гиподерма (тері астындағы қабат). Үшінші ең астыңғы қабат – бірыңғай салалы бұлшықет қабаты. Сірқабық – өлі ұлпа, сондықтан ағза денесінің өсуіне мүмкіндік бермейді, өзі өспейді. Жұмыр құрттар денесі өскен кезде, серпімді қалың қабат – сірқабықты сыпырып тастайды. Сірқабық кейіннен жаңаланып, қайта пайда болады. Жұмыр құрттардың сірқабық тастауы түлеу деп аталады. Түлеу жәндіктің уақытша өсуін қамтамасыз етеді.

Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Жұмыр құрттардың денесі сірқабықпен (кутикула) қапталады. Ауыз қуысы денесінің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі – артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері жоқ. Сондықтан жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды. Олар денесін тек жан-жағына ғана ие алады.

Жұмыр құрттарда тынысалу және қантарату жүйесі болмайды. Бұлар – дара жынысты жәндіктер. Олардың қосжыныстылары да кездеседі. Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді. Дернәсілін тірі туатын да түрлері бар. Өсімдік тамырында ауру тудыратын паразит жіпшеқұрттар. Жіпшеқұрттардың барлығы өсімдік паразиті болып табылады, олардың мөлшері 1 миллиметрден аспайды. Жұмыр құрттар адамға және жануарларға зиян келтіреді, тері астында (суыртқы – ришта), бұлшықеттерде (трихинелла), ішекте (ішексорғы, үшкірқұрт) паразиттік әрекет жасап, ауруға ұшыратады. Ішексорғының ұзындығы (жылқы ішексорғысы) 18 сантиметрге дейін, (кит ішексорғысы) 8 метрге дейін жетеді.

Ішексорғы жасөспірімдер мен балалардың аш ішегіне үшкірқұрт (аскарида) орнығады. Ол – паразит құрт. Үшкірқұрттың екі ұшы да сүйірленген, дене тұрқы 20 см шамасында болады. Оның түсі ақшыл немесе сарғыш болып келеді. Ішексорғы екі сүйір ұштарын қадап, ішекте тіршілік етеді. Ішексорғының алдыңғы ұшында аузы, соңғы бөлігінде аналь тесігі (артқы тесік) болады. Аналь тесігінен кейінгі дене бөлігі құйрық деп аталады. Ішексорғының аузында үш ерін бар. Құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып, зақымдаған жерінен қан сорады. Ішексорғының денесін қаптаған тығыз қабықша – тері-бұлшықет қапшығы деп аталады. Асқорыту және басқа мүшелері тері-бұлшықеттің астындағы сұйықтыққа толы қуыста орналасады.

Ішексорғының қорегі ауыздан түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек үш бөліктен құралады: алдыңғы, ортаңғы және соңғы. Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы сорып, дене қуысын толтырып тұрған сұйықтыққа жеткізеді. Дене жасушалары қоректі сіңіреді. Қорытылмай қалған қорек қалдығы дененің соңғы бөлігіндегі аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.

Жуылмаған таңқурайды жеген балада бір аптадан соң жөтел басталып,өкпеге суық тигендіктің(күн жылы болатын)белгілері байқалады.Екі жарым айдан соң зертханалық сараптаманың нәтижесі балада паразит құрттардың жұмыртқасы бар екенін анықтады.Бұл қандай құрт болуы мүмкін?


Жұмыр құрттардың (нематода) тудырған ауруларын немотодоздар деп атайды. Бұл топқа алты туысқа жататын өкілдердің ветеринарлық маңызы бар. Аталған туыстардың көпшілігі ас қорыту (аскаридата, стронгилята, трохицефалата, оксиурата), тыныс алу (диктиокаулиде, цистокаулиде, т.б.) жүйелерінде мекендесе, кейбір жұмыр құрттардың түрлері көзде (телязий), бүйректе (диоктофима), құрсақ қуысында(сетарий), сіңір мен тарамыста (онхоцерка, драшея) тоғышарлық тіршілік етеді.

Аскаридатоздар деп үй жануарларының, етқоректілердің, құстардың аш (жіңішке) ішегінде ұзындау келген жұмыр (жылан)құрттың тоғышарлығынан туындаған аурулар тобын айтады. Қоздырушылардың ұзындығы 37-40 см-ге дейін болады. Жылқыда ауруды – параскарис, доңызда – аскарис, бұзауда – неоаскарис, ит пен мысықта –токсакара және токсакарис, тауықта – аскаридиа қоздырушылары тудырады (9.1-сурет). Көп мөлшерде кездескенде мал азып, салмақ қоспайды, біршамасы өледі.

Аурудың сыртқы белгілері. Азықтандыру, бағып-күтудегі олқылықтар болса, тыныс алу жүйесінің қабынуымен басталады да, жөтел, мұрнынан сорабы ағуы, тыныс алуы және жүрек соғуы жиілеуі, дене қызуы жоғарылауы, бронхы мен өкпе қабынуы түрінде байқалады. 3-4 апта өткенде асқорыту қызметі бұзылады. Осыған орай малға тышқақ тиеді, ауру мал арықтап, қоңы төмендейді. Ауруға көпшілігінде жануарлардың жас төлдері, күшіктері және балапандары бейім болуына сәйкес шығын байқалады. Ересек жануарларда ауру негізінен сыртқы белгілерінсіз өтеді.

Ауруды тексеру. Дер кезінде анықтау үшін ауру мал құстың нәтижесін я болмаса саңғырығын тік ішектен алып, зертханалық жағдайда құрт жұмыртқасына тексереді. Ондай жағдай болмағанда бір-екі мал-құсты арнайы емдік дәрілермен дәрілеп, бір тәулік өтісімен қиын немесе саңғырығын қарау арқылы растауға болады.

Ас қорыту жүйесінің стронгилятоздары ауқымы бірнеше миллиметрден бірнеше сантиментрге жететін жұмыр құрттардың ықпалынан болған аурулар. Бұл ауру қоздырушыларының балаңқұрттарына жіңішке және тоқ ішектің кілегей және сірқабықтарда, шажырқай мен ішек қан тамырларында, ал ерсектері тек ас қорыту жүйесінің өзінде тоғышарлық күнелтеді. Стронгилятоздар жануарлар арасында кең таралған.

Аурудың сыртқы белгілері сан алуан болып байқалады. Ағзаны жайлаған балаңқұрттардың саны көп болғанда көзге көрінетін кілегей қабықтары (ауыз және танау қуысы, көздің) бозарып, ауру малда демікпе байқалады. Жылқыда іш түйнеу түрінде өтіп, дамылсыз аунап, ішін тепкілейді, кейде өліп кетеді. Балаңқұрттар ересек сатысына дейін жетілгенде ауру белгілері өшкін түріне ауады. Ауру малдың қоңы төмендеп, арықтайды, азыққа төбеті нашарлайды.

Ауруды анықтау. Аскаридатоздарды анықтау тәсілімен жүргізіледі. Сонымен бірге стронгиляталардың түрін анықтау үшін алынған нәжістің бір бөлігін жылы температурада (термостатта), жұмыртқадан балаңқұрт дамығанша ұстайды да, кейіннен, микроскоп көмегімен ішек торшаларының санына (9.2-сурет), пішініне қарай жүргізеді. Немесе сойыс малының аш және тоқ ішектерінен табылса, аурудың расталғаны болады.

Ас қорыту жүйесіндегі жұмыр құрттардың тудырған ауруларын емдеу. Ем жұмыстарын жүргізу (дәрілеу) екі жолмен атқарылады. Мал басы аз болса, дәрілеу тиімділігін жоғарылату мақсатында антгельминт препараттарының дозасын есептеп әр малға жеке аузынан берген дұрыс. Шаруа қожалықтарында мал саны көп болса, малдың орташа салмағын есептеп, уақталған жемге дәріні қосып ұқыптап аралыстарған соң астауға салынады да, дәріленетін мал 40-50 бастан жіберіледі.

Қазіргі уақытта кеңінен қолданыста жүрген антигельминттердің: панакур, мебенвет, камбендазол, фенбендазол түрлері (әр 100 кг тірі салмағына 5-7 г) қолданылады. Тиімділігі өте жоғары препараттардың құрамына: ивомек, баймақ, абимек, аверсект (фармазин), т.б. (дозасы әр 50кг тірі салмағына 3мл) жатады. Сыртқы ортаны ауру қоздырушыларымен ластамау ретінде, біріншіден, дәрілеу жұмыстары арнайы бір орында жүргізіледі, екіншіден, бір-екі тәулік бойы осы орында мал ұсталынады.

Дауалаудың бірден-бір жолы – бұл мал, құстың қиын уақтылы арнайы қи қоймаға жинап, көңге айналғанша ұстау. Сырттан әкелінген малды тексерістен өткізіп,ауру анықталса – дәрілеу. Жас төлдерді мейілінше таза, ересек мал бағылмаған ауыспалы, екпелі шөбі бар жайылымдарда бағу.

Жануарлардың тыныс алу жүйесі гельминтоздары – өкпе және оның бронхыларында құрттардың мекендеуінен туындап, кілегей қабықтарының бозаруы, жөтел, демікпе белгілерімен байқалатын аурулары. Қазақстанның әр облыстарында қой, ешкілер арасында диктиокаулез, протостронгилез, мюллериоз түрлері кеңінен кездеседі. Қоздырушылар ұзындығы 3-12 см-дей, ақшылт сары, сүт түстес.

Аурудың сыртқы белгілері. Қоздырушымен жылы уақытта залалданған малда алғашқыда жөтел пайда болып, дерттенген малдың жүрген кезінде немесе мал қорының есігін таңертеңгілікте ашқанда күшейе түседі. Мұрнынан аққан қоймалжың сұйықтық танау маңайына қатып, тыныс алуын қиындатады. Ауру мал тынышсызданады, танауын жерге үйкеп, пысқырады. Ағзадағы тоқыру прцестерінің үдеуіне байланысты жақ асты кеңістігінде, ерін, қабақ және кеуде тұсында жалқаяқтанған ісіктер пайда болады. Жүрек соғуы баяулап, кейде іш өтеді. Ауырған мал азып әлсізденеді. Емдік шара қолднанылмағанда малдың өлімімен аяқталады.

Ауруды балау жыл мезгіліне, малдың жасын, сыртқы белгілеріне сүйене жүргізіліп,міндетті түрде зертханалық зерттеу нәтижесіне қарай бағаланады. Тек, құрттардың ықпалынан туындаған пневмонияда, мал нәжісінде гельминттердің дернәсілдері табылуы шарт.

Даулау және емі. Аурудың алдын алу мақсатында жазғы жайылымға шыққан қойға арнайы дайындалған фенотиазин тұз қоспасын (1:9) ағаш астауларға салып күнбе-күн беріп отыру, шөбу қалың, ылғалы көп шық түсетін жерлерде қойды күн көтерілгенше бақпау, күзде малды қораға қояр алдында емдік дәрілеу, т.б. ветеринарлық жұмыстары жүргізіледі. Ауру байқалғанда нилверм, мебендазол, дитразин, локсуран, дивезид немесе ивомек препараттарының бірін қолдану ережесін ескере отрып дәрілейді.

Ірі қараның ноғаласы (телязиоз) – көзде ұзындығы 1-2 см 1-2 см жіңішке, ақшыл түсті жұмыр құрттың тоғышарлығынан ақ түсіп, малдың көру қабілетінің нашарлауымен сипатталатын ауру. Ауруға ірі қараның барлық жастығылары ұшырайды, алайда жас мал жиі бейімділік танытады. Ауру малдан сау малға қоздырушыны сиырдың қара шыбыны таратады.

Аурудың сыртқы белгілері. Сыртқы ортаның температурасының көтерілуі шыбындардың қаулап өсіп-өнуіне әкеліп соғады. Ауру бастапқыда ірі қара көзінің қызаруы, жас ағуы, қабағының ісінуімен сипатталады. Көздің жасағарындағы тоғышардың тірі туған дернәсілдері көзжасымен бірге сыртқа бөлінеді. Көз жасымен қоректенген шыбын балаңқұртты келесі малға жұқтырады. Ауруға шалдыққан малды көзі жасаурап, қызарып, қанталайды. Кейіннен ақ түсіп, көзі іріңдейді де, мүлдем ашылудан қалады. Ауру асқынған жағдайда көзі ағып (панофтальмия) түсіп қалады. Дерттенген мал арықтап, сүті кемиді.

Ауруды балау үшін өткен жазда дерттенген мал басын күз-қыста тексерістен өткізіп, диагнозды растайды. Зерттей отыра балаңқұрттарға тексереді.

Даулау және емі. Ноғаланың алдын алу жолдры күрделі кешенді шараларды (мал қорада тұрған кездегі дитразин цитратпен екі мәрте тері астына егу, өрістегі малдың тері жамылғысын күнде инсектоакарицид заттармен бүрку, шыбындарды жолатпайтын құлағына немесе мойына иісті (репеллент) заттар қосылған жеке пластмасс номерлер немесе қарғыбаулар тағу) қамтиды.

Емдеу жасаурап ақ түскен көзді 3%-дық бор қышқылының, 3%-дық лизол я болмаса 3%-дық ихтиол эмульсияларының бірімен шайып, арнайы сүртпе майларды қолданумен шектеледі.

Жануарлардың трихинеллезі – жіті және созылмалы түрде өтіп, трихинелла жұмыр құртының ересек сатысы жіңішке ішекте, ал балаңқұрты көлденең жолақты бұлшық етте тоғышар ретінде күнелтетін аса қауіпті инвазиялық ауру (9.4-сурет). Қоздырушы бір немесе екі иелі, яғни кейде бір жануардың ағзасында ересегі де, балаңқұрты да дамыса (шршқа), басқа жағдайларда екі иеде (шошқа-адам, шошқа-тышқан) дамуы байқалады. Адамда ауру толық емделмейді, жиі оның өлімімен аяқталады.

Аурудың сыртқы белгілері әдетте адам және жануар ағзасына шикі немесе толық пісірілмеген етпен, қорада өлген тышқандарды шошқа жегенде, т.б. жолдармен енген балаңқұрт аллергия туғызады. Дертке шалдыққанның дене қызуы көтеріліп, іші өтеді, кейде лоқсиды, қоңы төмендейді. Балаңқұрттар диафрагманың ұзарып қабырғаның сір қабығына бекінген жерінде , тіл, өңеш, көмей, қабырғааралық және төс бұлшық еттерін жайлағанда мал ауырсынады, ұзақ сирақтарын созып жатып алады. Ауру малдың тынысы тарылып, қан тоқырауыннан қабағы мен сирақтары домбығады.

Ауруды балау үшін арнайы трихинеллолоскопия (балаңқұрттардың жоғарыда аталған жерлерде орнығуын ескере отырып, сол бұлшық еттерді екі компрессориум-шыны астына жаншып тексеру) тәсілі қолданылады. Тірі малда аллергиялық және серологиялық әдістердің көмегімен анықтайды.

Дауалау. Етқоректілерге, шошқаға азық ретінде берілетін ет өнімдері міндетті түрде пісірілгн болуы шарт. Фермаларда кеміргіштерді жою шараларына назар аудару, бұралқы ит-мысықтарды ферма маңайына жолатпау жолдары қарастырылады.

Читайте также:

Пожалуйста, не занимайтесь самолечением!
При симпотмах заболевания - обратитесь к врачу.